1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция . Жүрек - тамыр жүйесі



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция

 
12 Лекция . Жүрек - тамыр жүйесі 
Жүрек жұмысы әртүрлі механикалық және дыбыстық құбылыстармен 
бейнеленеді. Жүрек еті жиырылған кезде жүрек өз осінде бұрылып, көкірек қабырғасына
соғады. Осы құбылысты жүрек қағуы деп атайды. Адам ит жүрегі кеудені ұшымен
қағады (төбемен қағу), ал малда - бүйір бетімен қағады (беткейлік қағу). 
Жүрек қағуын кардиограф деген аспаппен зерттейді. Жүректің қағу жүйелігі 
организмнің физиологиялық күйіне, жасқа, мал түлігінің түріне, өнімділігіне, дене
мөлшеріне т.б. байланысты өзгереді. 
Жүрек жұмысы кезігде әр түрлі дыбыс шығады, оны жүрек үні немесе жүрек 
түбірі деп атайды. Жүрек үнін аускультатция (тындау) әдісімен стетотскоп не 
фониндоскоп арқылы тыңдап немесе арнаулы аспап - фонокардиограф көмегімен 
жазып зерттейді. Жүрек түбірі негізгі I және II -үн және қосымша Ш, IV, V - үн 
болып бөлінеді. I - үн төмен, бәсең, созылыңқы көмескі келеді. Ол систолалық үн 
деп аталады, жармалық қақпақшалардың жабылуы және қарынша еттерінің жиырылу
салдарынан пайда болады. ЭКГ- ның S керпешіне сәйкес келеді. Екінші дыбыс күшті,
ашық, жоғары, келеді де, соңында күрт үзіледі. Оны диастолалық дыбыс деп
атайды. Ол жүрек еттері босаңсып, жарты айшық қақпақшалар жабылған кезде 
пайда болады, ЭКГ-нің Т кертпешіне сай келеді. Ш-дыбыс - әлсіз, сирек толқын түрінде 
қарыншаның пәрменді толу сатысында пайда болады. IV- дыбыс сирек естіледі. Ол 
жүрекшелердің жиырылуы кезінде пайда болады. – V дыбыс сирек толқын түрінде
II- дыбыс естілген соң 0,3 сек. кейін байқалады. Оның табиғаты әлі күнге дейін 
анықталған жоқ. Бұл соңғы үш дыбыс өте әлсіз болғандықтан тек фонокардиограф пен
ғана зерттеледі. 
Қан жүректен қуылып, тамырлармен жылжыған кезде денеде әлсіз тербеліс 
туады. Оны арнаулы баллистакардиография әдісімен зерттейді. 
Жүрек жұмысы тамыр соғу - пульс арқылы да бейнеледі. Тамырды зерттеу 
арқылы жүрек жұмысының жиілігі ырғағы, күші жайлы құнды деректер алуға болады. 
Жүрек жұмысы, оның өткізгіш жүйесі мен етінің физиологиялық күйі жайлы 
құнды деректерді электрокардиограмма (ЭКГ) арқылы да алуға болады. ЭКГ-ні 
арнаулы аспап - элктрокардиограф көмегімен денеден тоқ тартып алады. 
Қан өзіне тән физиологиялық қызметтерді бір ғана жағдайда- тоқтаусыз
айналыста болғанда атқарады. Ал оның қан тамырларымен толассыз ағуы қан 
айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне байланысты. Сондықтан барлық мүшелер
жалпы организмнің әрекеті қан айналым жүйесі мүшелерінің қызметіне тікелей 
байланысты. 
Қан айналым жүйесін организмде сорап (насос) қызметін атқаратын жүрек пен қан 
тамырлары - артерриялар (қызыл тамырлар), веналар (көк тамырлар) және капиллярлар 
(қыл тамырлар) құрайды. Қанды жүректен ұлпалармен мүшелерге тарататын 
тамырларды артериялар, ал олардан жүрекке алып келетін тамырларды-веналар деп 
атайды. Ұлпалар мен мүшелерде жіңішке артериолалар мен веналалар бір-бірімен 
капиллярлар арқылы жалғасады. 
Қан айналым жүйесінің сол қарыншадан колқамен басталып, оң жүрекшеден 
қос қуыс венамен аяқталған бөлігін үлкен қан айналым шеңбері деп атайды. Жүректен
басталған қолқа артерия тамырларына тармақтала келіп, ұсақ тамырларға - артериолалар 
мен тек микроскоппен ғана көрінетін капиллярлар түзеді. Капиллярға келген артерия 
қаны өзінің құрамындағы оттегіні ұлпаларға береді де, зат алмасу процесі нәтижесінде
ұлпаларда түзілген көмір қышқыл газды сіңіріп, вена қанына айналады. Вена қаны 
капиллялар арқылы вена тамырларына жиналып, жоғарғы және төменгі қуыс веналармен 
жүрекшеге құйылады. Оң жүрекше бүкіл вена қанын қабылдап, оны оң қарыншаға 
айдайды. Оң қарыншадан қан өкпе артериясы аркылы өкпеге бағытталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет