шамадан тыс жоғарылауы гипертония деп аталады. Ал
төмендеуі гипотония деп
аталады.
Тірі организмдерде қан тамырлардың бос қуысы болмайды. Ол қанға толы болып
және жиырылып тұрады. Үлкен кан айналым жолының тамырларында қан қозғалу
үшін үлкен қысым болу керек. Ересек адамның сол жақ қарыншасының қалың
күшті еттері жиырылып, қолқаға қанды күштеп айдайды.
Ж ыныстық жетілу
кезінде қан қысымы айтарлықтай өзгереді. Қанның қысымы жүректің жағдайын
білдіреді. Ересек адамдарда қанның кысымы шамамен 110-70, 120-80. Диасталық
қысым дегеніміз минимальды, систалалық қысым максимальды болады.
Қанның
қысымы адамның жасына, денсаулығына, жүрегіне байланысты болады.Қанның
систолалык қысымы жүректің, қанның диасталық қысымы кан тамырлардың
жағдайын білдіреді. Қан кысымына сай қозгалу жылдамдығы да әртүрлі болады.
Қан
қысымы қандай жағдайда жоғары, төмен ауытқуы мүмкін? Егер сіз
қобалжыған болсаныз, бір шыны кофе немесе қою шай ішсеңіз,
темекі тартсаңыз,
спортпен шұғылдансаңыз монаметрдің тілі әдеттегіден жоғары көрсеткішті
көрсетуі мүмкін. Артерия кан қысымы психоэмоциялық қозу кезінде, ұзаққа
созылған стресс жағдайында да жоғарылайды. Дені сау
адамның өзінде де кейбір
жұмыс процестері қысымды барынша жоғарылатады немесе төмендетеді.
Жүрек циклы. Жүректің жұмысы дегеніміз? Оның ырғақтылығы, яғни жиырылу
мен босаңсудың кезектесіп отыруы. Жүрек циклы 3 фазадан тұрады.
1. Систала немесе жүрекшенің жиырылуы 0,1 секундқа созылады. Бұл кезде
қарыншалар диастала күйінде болады.
2. Қарыншалардың систаласы 0,3 секундқа созылады.
3. Жүрек паузасы. Жүрек адамның бүкіл өмірі бойына насос секілді жұмыс
атқарып, қанды қан тамырларының системасына ығыстырады. Әрбір
қарынша өзінің жиырылуында шамамен 70-80 мл қан ығыстырады.
Ересек
адамның жүрегі шамамен 70 рет жиырылады. Нәресте дүниеге келген алғашқы
айларда жүрек 120-140 рет соғады, 5-6 жасқа қарай 80-110 рет жиырылады.
Қарыншалардың 1 мин. та ығыстыратын қанның мөлшері жүректің минуттық көлемі
деп аталады. Ол ересек адамдарда 45 см
3
тең.
Достарыңызбен бөлісу: