1. Лекция. Физиология пәнінің әдістері, даму тарихы


 Лекция. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы



Pdf көрінісі
бет18/20
Дата06.09.2022
өлшемі383.29 Kb.
#460293
түріЛекция
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция

 
13 Лекция. Тыныс алу жүйесінің физиологиясы. 
Тыныс алу дегеніміз организмнің қоршаған ортадан оттегін сіңіріп өзінен көмір 
қышқыл газды бөлуін қамтамасыз ететін процестер жиынтығы. Тыныс алудың мәні 
организм торшаларын оттегімен қамтамасыз ету арқылы қоректік заттар құрамындағы 
энергияны биологиялық құнды түрге айналдырып, денеде пайда болған көмір қышқыл 
газын бөліп шығарады. 
Адам мен жоғарғы сатыда дамыған тыныс алу процесі бірнеше процеске бөлінеді. 
1. Сыртқы орта мен өкпе альвиолалары арасында ауа алмасуы немесе сыртқы 
тыныс; 
2. Өкпе альвиолалары мен кіші қан айналым шеңбері капилярлары 
арасындағы газ алмасу немесе өкпедегі газ алмасу; 
3. Газдардың қанмен тасымалдануы; 
4. Үлкен қан айналым капилярлары мен ұлпа және мүше торшалары 
арарсындағы газ алмасу немесе ішкі тыныс
5. Торшалардың оттегін пайдаланып көмір торшалар митохондрияларындағы 
биологиялық тотығу. 
Тыныс алу жүйесі организмді оттегімен қанықтырып көмір қышқыл газды 
денеден бөлуін және организмнің барлық тіршілік әрекеттеріне қажет қуаттың бөлінуін 
қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын айтады. Адам мен омыртқалы жануарларда 
сыртқы тыныс мүшелерін газдардың қанмен тасымалдануын қамтамасыз ететін 
тетіктерден ұлпалық тынысты қамтамасыз ететін органелалардан осы жүйе жұмысын 
реттейтін және ондағы ықпалдастықты (интеграция) қалыптастыратын механизмнен 
құралады. Тыныс аппараты деп тыныс алуын қамтамасыз ететін мүшелер жиынтығын 
айтады. Адам мен сүт қоректілердің сыртқы тыныс аппаратары жоғарғы (мұрын қуысы, 
қаңқа, көмекей) және төменгі (кеңірдек ауа тамырлар мен бронхылар) тыныс жолдарымен 
газ алмасу мүшесі - оң және сол өкпеден тұрады. Дем алған кезде жұтылған ауаның 
30 пайызы тыныс жолдарында қалады да, иод газ алмасу процесіне қатыспайды. Осы 
себепті мұрын қуысынан өкпе көпіршіктеріне (альвиолаларға) дейінгі жолды «Пайдасыз 
кеңістік» деп атайды. Мұрын қуысының кілегейлі қабығында тыныс ауасының сапасын 
анықтауға мүмкіндік беретін иіс рецепторлары бар. Тыныс жолдарын түрлі
қорғаныстық рефлекстерін (жөтелу, түшкіру) тудырады сезімтал нерв ұштары да 


орналасқан. Ауаны жоғарғы тыныс жолынан өкпеге және одан кері бағытта
өткізетін түтік тәрізді мүшені кеңірдек дейді. Оның қабырғасы ішкі кілегейлі, 
ортаңғы шеміршекті және сыртқы сірлі қабаттардан тұрады. Ортаңғы қабаты
тұйықталмаған, біте жалғаспаған шеміршек сақиналаррынан түзіледі. Кеңірдек 
сақиналарының саны мойын ұзындығына байланысты. Жүректің жоғарғы тұсында 
кеңірдек екі негізгі бронхыларға ажырап, кеңірдек ашамайын (бифрукациясын) түзеді. 
Адам мен жануардардың газ алмасу мүшесі - өкпе, - құрлысы жағынан түтікшелі- 
көпіршікті, паренхималы ағза. Ол тыныс жолдарынан және газ алмасу бөлімінен 
тұрады. Тыныс жолдорын бронхы (ауа тамыр) тарамы, ал газ алмасу бөлімін - 
көпіршік (альвиола) бөлімі деп атайды. Бронхы тарамы арқылы ауа тазаланып,
жылынып, дымқылданып, ионддньш, альвеолаларға жеткізіледі. Альвеола тыныс 
жолының тұйықталған соңғы бөлігі. Олардың қабырғасы оралымды мембранаға 
бекілген жұқа бір қабат жалпақ эпители торшаларынан түзіледі. Әр альвеола сырт 
жағынан тығыз орналасқан капиллярлар торымен қоршалады. Өкпе капиллярлары кең 
(диаметрі 40 мкм дейін) және тар (диаметрі 11 мкм) тұзақ торлар құрайды. Кең
тұзақ капиллярларынан. қан толассыз ағады және ол альвеолалар кеңістігінің көп 
мөлшерін қамтиды. Бұл капиллярлар тұзағы бір-бірімен жалғаса келіп 
альвиолалық тор түзіледі. Альвеола мен капиллярдың жанасу беткейінің жалпы 
қалындығы 0,004 мм сондықтан бұл жерде газдардың алмасуына кедергі болмзйды. 
Өкпеде альвеолалар саны орасан көп, сондықтан өкпенің тыныстық аумағы
өте үлкен. Өкпе алъвеолаларының саны 350 млн жетеді де олардың жалпы беткейі 100-
120 метр квадрат құрайды, демек дене беткейінің мөлшерінен 100 есе артады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет