Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет11/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76
Арпалыс 1,2

ҤШ АЙ БҦРЫН 
 «Айқаймен ала алмайсың
Ақылмен, айламен басқар». 
 
Әлі есімде, бұдан дәл үш ай бұрын, бір мың да тоғыз жүз қырық 
бірінші жылы он үшінші июль күні генерал Иван Васильевич Панфиловпен 
тұңғыш рет кездесіп танысқанбыз. 
Мен Қазақстан әскери комиссариатында нұсқаушы болып 
істейтінмін. Күн сайын сағат он екіден бірге дейін түскі тамақ ішуге 
баратынбыз. Тамақтанып, қызметке қайтып келе жатқан бетім еді. Қорада 
генерал киімін киген, орташа бойлы, еңкіштеу кісіге кӛзім түсті. Қасында екі 
майор тұр. 
Алматыда генерал дегенің некен-саяқ кездесетін. Мен қарай 
қалдым. 
Генерал екі қолын артына ұстап, аяқтарын сал алшайтып, қырын 
қарап тұр. Бір байқағаным, о да мендей қара торы екен. Басын тӛмен салып, 
қасындағы бір майордың сӛзін тыңдауда. Биік тік жағасынан күнге күйіп 
қарайған тарамыс мойны кӛрінеді. 
Артиллерист деген атағым бар, солай болғасын аяғыма шпор тағып 
жүруді сӛн кӛретінмін. Шпор болғанда жай шпор емесс, сылдырмағы 
күмістен еді. Аяқты нәшпен басқаныңда қоңыраудай сылдырлайтын. 
Генералдың тұсынан ӛте беріп, ізет ете салтанатпен адымдадым. 
Шпорым дың-дың етеді. 
Генерал бұрылып қарап, қолын шекесіне апарып сәлемімді алды. 
Танауының алдында екі шоқ мұрты бар. Егде тартқан кісі болса да, мұртына 
әлі ақ кірмепті. Шықшыты шығыңқы. Сығырайған кӛздері сәл қиғаштау 
біткен. Осыған қарап, татар ғой деп ойладым. 
Бӛлмеге кірген соң, жолдастардан: 


49 
- Сыртта түрған генерал кім? Бізге келген себебі не екен? – деп 
сұрадым. 
- Генерал Панфилов, Қырғызстанның әскери комиссары, - десті 
олар. 
Республиканың әскери комиссары дегеннің кім екенін сіз білесіз 
бе? Ол - әскер қызметті ӛтеуге міндеттілердің есебін алып, жасӛспірімдерді 
даярлап, армия қатарына шақырып отыратын совет мекемесінің - әскери 
комиссариаттың 
бастығы. 
Ертеректе, 
қазақ, 
қырғыз 
әскери 
қомиссариаттарының арасында социалистік жарыс шарты жасалган еді. Бұл 
шарт жылына бір-екі рет қайта жасалатын Әлгі генералдың келуі осыған 
байланысты ғой деп жорыдық бәріміз. 
Столыма отырып, папкамды ашып, қағазымды алдым. Әлі есімде, 
сол күні мен комсомолдық жаяу жарыстың жоспарын жасап жатыр едім. Бұл 
маңызды да, қажетті де жұмыс, онда дауыс жоқ, бірақ сол кездері бұған 
ӛзімнің кӛңілім толмай жүрді. 
Соғыстың басталғанына бір айдай болған, радиодан, газеттерден 
соңғы хабарларды, жаңа бағытта шабуылын ӛршітіп, жау тағы бірнеше 
қалаларды алғандығын күнде естиміз. Тап осындай қиын-қыстау кезеңде, 
мен, Қызыл Армияның аға лейтенанты, майданнан үш мың километр жерде 
Алматыда жарыстың жоспарын жасап отырмын. Мұным ӛзіме лайық па? 
Лайық емес, Бауыржан, лайық емес! - дейтінмін қынжылып. 

Есік ашылып, әлгі генерал кіріп келді. Қасында мен кӛрген екі 
майор. Біз ізетпен орнымыздан тұрдық. 
- Отырыңыздар, отырыңыздар, - деді генерал. - Аман ба… Aғa 
лейтенант Момышұлы қайсыңыз? 
Мұнысы несі, мені сұраған себебі не екен деп, кӛңілім қобалжып, 
мен орнымнан тұрдым… Генерал жымиып күлді.
- Отырыңыз, жолдас Момышұлы, отырыңыз. 
Сӛйлегенде қоңыр даусы сәл қырылдап шығады. Қасыма келіп, 
орындыққа отырды да, қызыл жиек фуражкасын алып стол үстіне қойды. 
Машинкамен алдырған тықыр шашы бурыл тартыпты. 
Келбетінде, жүзінде, сӛйлеуінде, жүріс-тұрысында ӛктемдіктің 
ешқандай белгісі жоқ. Тек қиғаш біткен, түксиген қалың қасы ғана 
тұлғасындағы басқа кӛрінісіне қарама-қайшы секілді. 
- Танысып қояйық, - деді ол. 
- Менің аты-жӛнім: Иван Васильевич Панфилов. Сіздің Алматыда 
жаңа дивизия білесіз бе? 
- Жоқ, білмеймін. 
- Білмесеңіз, сол дивизияның командирі мен боламын. Орта Азия 
әскери округының бұйрығы бойынша сіз дивизияға батальон командирі боп 
барасыз, 


50 
Осыны айтып, қалтасынан жарлық қағазды алып, маған ұсынды. 
- Ісіңізді ӛткізуге қанша уақыт керек? 
- Кӛп емес. Екі сағатта барып жетем ғой. 
Ол біраз ойланып отырды. 
- Асығудың керегі не. Әйеліңіз бар ма? 
- Бар. 
- Онда бүгін үй ішіңізбен қоштасып, сонсоң ертең, сағат он екіде 
маған келіңіз. 

Ертеңіне, сағат он екіге бес минут қалғанда, Қызыл Армия Үйінің 
баспалдағымен жоғары кӛтерілдім. Генерал отырған бӛлмені сұрап алып, 
есігін қақтым. 
Генерал жауырыны бүкшиіп, басын тӛмен салып, алдында жатқан 
бір қағаздарға үңіліп отыр екен. Панфиловпен бұдан кейін де талай 
кездестім, бірақ қағазбен шұғылданып отырғанын кӛргенім осы жолы ғана. 
Қейін, Москва түбінде байқағаным ӛзінің жанынан тастамай, ылғи алып 
жүретін бір ғана қағазы топографиялық карта еді. 
Қазірде де сол карта алдында жатыр. Бір қарағанда-ақ біле қойдым, 
бұл Алматының және қала маңайының пәні екен. Карта үстінде бауы 
ағытулы қалта сағаты жатыр. 
Сағатына бір қарап, Панфилов тез орнынан тұрды да, ауыр 
креслоны сырып тастап, шетке шықты. Аяқ басысы жылдам, егделігі 
сезілмейді. 
Біз түрегеліп сӛйлестік. Панфилов біресе ерсілі-қарсылы жүреді, 
біресе екі қолын артына ұстап, аяқтарын салшайтып, тоқтап қалады. 
- Әңгіме былай, жолдас Момышұлы, - деп бастады ол, - дивизия 
дегенің әлі жоқ. Штабы да, полктері де, батальондары да жоқ. Демек, сіз 
басқарарлық та ешкімнің болмағаны. Бірақ мұның бәрі де болады, бәрін де 
құрамыз. Ал әзірінше маған кӛмектесе тұрасыз. Мен сізбен ақылдасайын деп 
едім… 
Сӛзін аяқтамастан, ол столға барып, қағаздарын аударыстырып, 
іздегенін тапты; сонан соң жуан қызыл қарындашты қолына алып, біраз 
былғақтатып тұрды да, маған бұрылды: 
- Білемісіз, жолдас Момышұлы, дүниедегі ең ұнамды қарындаш 
мынау. 
- Неге, жолдас генерал? 
- Неге десеңіз: мұнымен «қиғаштама» жазады, - деді ол әзілдеп. 
- Іс жағдайын білмесең де, осы қарындаштың сілтеуімен екі минут 
ішінде қандай мәселенің болса да тағдырын оп-оңай шешуге болады. 
Шалағайлар карта бетіне бір сызық тартып, іс бітті деп ойлайды. Кеңсешіл 
кейбір топас мұнымен қағаз бұрышына қиғаштама жасап, үлкен жұмыс 


51 
атқардым деп күпінеді. Кӛзіме кӛрінбесін, алыңызшы осыны. Бірақ ӛзіңіз де 
мұны сирек қолданғайсыз. 
Күлімсірей қарындашты маған ұсынды. Онан соң байыпты 
пішінмен: 
- Қалай ойлайсыз, қазандарды тезірек сырлатуға қайда берсек болар 
екен? - деп сұрады. 
Кӛзқарасымнан бұл сұраққа менің таңданып тұрғанымды байқаса 
керек, ол түсіндіре бастады. 
- Біздің дивизия халық жасағы есебінде болмақшы: ол жоспардан 
тыс құралады. Сондықтан жаңасын күтіп отырар жайымыз жоқ. Сұрамаймыз 
да. 
Ӛзіме тосын кӛрінген басқа да сұрақтарына жауап беруіме тура 
келді, оның бер жағында, Панфиловтың ұсақ-түйек нәрсеге дейін кӛңіл бӛліп 
тұрғанын ерсі кӛріп, ішімнен танданумен болдым. 
Ақыр соңында, маған қолындағы қағазын ұсынып, мынадай 
тапсырма берді: 
- Мұнда әскер бӛлімшелеріне арналған үйлердің адрестері 
кӛрсетілген. Бәрін де ӛз кӛзімізбен кӛріп, жарайтын-жарамайтының 
тексеріңіз. Қораларын қараңыз: ӛзі әскер ойнатуға лайықты ма екен, ас 
пісіретін жері, плиталары, су қайнататын ыдыстары бар ма екен, біліп 
келіңіз. 
«Генералдың осындай ұсақ мәселелермен шұғылданғаны несі?» - 
деп мен тағы да таңдандым. 
Панфилов менің бетіме тесіле қарап: 
- Ұқтың ба? -- деп сұрады. 
- Ұқтым, жолдас генерал. 
Ол сағатын қолына алды. 
- Бұған сізге қанша уақыт керек? 
- Кешке жақын бітірем, жолдас генерал. 
- Кешке жақыны қалай? - Бұл сӛзді ұнатпады білем, қабағы түксиіп 
кетті. 
- Сағат алтыда, жолдас генерал. 
Ол біраз ойланып тұрды да: 
- Сағат алтыда дейсіз бе… Жоқ, сағат сегізде мәлімдеңіз маған, - 
деді. 

Күн санап уақыт ӛте берді. Мен генералдың кішігірім 
тапсырмаларын атқарумен болдым. Жаңа адамдар, жаңа командирлер үсті-
үстіне келіп, дивизия ӛсе бастады. 
Бір күні, Панфиловтан шыға бергенімде, қарсы алдымнан 
артиллерия полковнигі кездесті. Аяқ-қолы ұзын, ат жақты кісі екен. Бетіндегі 
екі сызат әжімі анадайдан кӛзге түседі. 


52 
Мен ығысып, жол бергенімде полковник жағамдағы қызыл үйекке 
қарап, тоқтай қалды. 
- Артиллериспісіз? - деп сұрады ол, жұлып алғандай. 
- Иә, жолдас полковник. 
- Менің қарауыма келдіңіз бе? 
- Онысын білмеймін. Батальон командирі боп тағайындалдым. 
- Жаяу әскерге ме? Қалайша! Жүріңіз генералға. 
Генералға барғасын әңгіменің аңысынан аңғардым, омыраушыл 
полковник біздің дивизиядағы артиллерия полкінің жаңадан келген 
командирі екен. 
- Әмір етіңіз, жолдас генерал, бұл менің қарауыма барсын. Бүгіннен 
бастап дивизионды қабылдасын. 
Панфилов маған қарап:
- Бұл жӛнінде сіз не дейсіз, жолдас Момышұлы? Дивизионды 
басқара аласыз ба? - деді. 
- Жоқ, басқара алмаймын, жолдас генерал. 
Панфилов орнынан бір қозғалып, жайласып отырды. Мұндайда 
оның екі кӛзі күлімдеп, отша жайнайды. Әңгіменің қызығына түскен кісіше, 
қасындағыларға әуесқойлықпен қарайды. Бұл жолы да ол: «Ал сіз бұған не 
айтасыз?» дегендей, полковниктің бетіне жымыңдап қарайды. 
- Қалайша басқара алмайсыз? - деп сұрады полковник ашулы 
түрмен, батареяны басқардыңыз ғой? 
- Ия. 
- Е, одан артық не керек… Әлде сіздің орныңызға дивизионға майор 
жіберу керек пе? Әлде академия бітірген біреуді сұраймыз ба? Сұрағанмен, 
ондай адамды бізге бермейді. Сізден ӛтінем, жолдас генерал, мәселе осымен 
шешілсін. 
Мен әдеппен, әрі қату пішінмен былай дедім: 
- Жолдас генерал, мен турасын айтуға міндеттімін. Дивизионды 
басқара алмаймын, білімім жеткіліксіз, - дедім: 
Менің қарысып кӛнбеуіме кім кінәлі десеңізші? Профессор 
Дьяконов. Әрине, ол менің дүниеде бар скенімді білмес те. Оның: 
«Артиллерия атысының теориясы» деген үш томдық кітабын артиллеристер 
кереметтей қадірлейді. Солардың әуеніне тӛңкеріліп, бұл кітапқа мен де 
қызығатынмын. Бірақ жоғары математиканы білмейтінмін, орта дәрежелі 
ғана білімім болатын, тек тоғыз айлық артиллерия курсын бітіргенмін, 
сондықтан бұл шығарманың негізгі қағидаларын әлі де меңгере алған жоқ 
едім. Ендеше, «Дьяконовтың әдісімен» атыс есебін жасай алмайтын болсам, 
дивизионның командирі боп жарытам ба, батареялардың түйдектеп атуын 
басқара алам ба? - дейтінмін. 
Кейіннен, соғыс кезінде артиллерияны, командирлерін бақылай 
жүріп, ӛз пікірімнің теріс екенін, полковниктікі дұрыс екенін түсіндім. 
Шынында да, ең жақсы академия соғыс болып шықты. Мен де ұрыс үстінде 


53 
бұл ӛнерге жетіліп, ӛз қатарымдағы командирлерден кем түспеген болар едім 
деп ойлаймын. 
- Сонда сіздің қалауыңыз не? - деп сұрады полковник. 
- Батарея. 
- Ол не дегеніңіз! Менің батареяларымда кіші лейтенанттар отыр. 
Ендеше, штаб бастығының жәрдемшісі боп барғыңыз келе ме? 
Мен: 
- Құдай кӛрсетпесін! - деппін ғой. 
Сонда әңгімені ықыласпен тыңдап отырған генерал күліп жіберді: 
- Олай деуіңіз бекер, жолдас Момышұлы… Штабтың аты тек 
бопырақ, қағаз емес. Қызыл қарындаш та емес. 
- Қандай қызыл қарындаш? - деп сұрады полковник. 
- Оның сізге де қатысы бар ғой деймін, полковник, - деді Панфилов 
әзілдеп. - Мәнісін сізге кейін түсіндіремін. 
Сонан сон, байсалды пішінмен: 
- Жарайды ойланып кӛрейік. Барыңыз, жолдас Момышұлы, деді. 

Бұл әңгіме нақ сол күні қайта қозғалды. 
Мен штаб бойынша нәубетші (дежурный) едім. Түн ортасы ауған 
мезгіл. Панфилов әлі жұмыс істеп отыр. Командирлерді кезек-кезек шақырып 
пікірлеседі. 
Дивизия қатары күннен күнге ӛсе берді. Жаздың күні, оқушылар 
демалысқа кетіп, қаңырап бос қалған мектеп үйлеріне қаладан, колхоздан 
армияға шақырылған ылғи орта жастағы - отыз бен отыз бестің 
арасындағылар ағылып келіп жатты. Бұлардың кӛпшілігі бұрын әскери 
қызметте болмағандар. 
Дивизия бӛлімдеріне алынғандар - болашақ панфиловшылар -тап 
осы сағатта терең ұйқыда еді. 
Біз орналасқан үлкен тас үйде де дабыр-дүбір басылған кез. 
Бір мезгілде сықырлап есік ашылып, дәлізде аяқ дыбысы естілді. 
Жүрісінен генерал екенін біліп, орнымнан тұрдым да, гимнастеркамды 
түзеттім. 
Панфилов ашық тұрған есіктен қарап, мені кӛрді: 
- Сіз мұндамысыз, жолдас Момышұлы? Нәубетшісіз бе? – деп 
сұрады. 
Үстінде генералдық кителі жоқ, іштен киетін ақ кӛйлегі ғана бар, 
қолында сүлгісі, жуынуға шыққан беті екен. Жүзі солғын, қабағы қатыңқы, 
шаршағандығы кӛрініп тұр. 
Бӛлме іші кӛк ала түтін еді. Панфилов терезені ашып, текшеге 
отырды. 
- Сіз туралы ойланып та, толғанып та кӛрдім, жолдас Момышұлы - 
деді ол. 


54 
- Айтыңызшы, сізді қайтсем жӛн болады? 
- Сіз қайда жіберсеңіз, сонда барамын, жолдас генерал. Ал егер ӛз 
пікірімді сұрасаңыз… 
- Отырыңыз, отырыңыз… Ия, ия, ӛз пікіріңізді сұрасам ше… 
- Дивизион емес, батарея я батальон беруіңізді ӛтінер едім. 
- Батальон дейсіз бе? Батальонды басқару да оңай емес, жолдас 
Момышұлы… Жалпы әскерлік тактикадан, ұрыс жүргізу тәсілінен 
хабарыңыз бар ма? Бұл жӛнінде не нәрсе оқыдыңыз? 
Мен оқып шыққан кітаптарымды атадым. 
- Ал шегіне ұрыс жүргізу тәсілімен таныспысыз? Бұдан хабарыңыз 
бар ма? 
- Жоқ, жолдас генерал… 
- Иә, батальонды басқару сізге оңай тимейді, - деп, Панфилов маған 
тесіле қарағанда, бетімнен отым шықты, намыстандым. 
- Мүмкін, солай шығар. Бірақ абыроймен ӛлу қолымнан келеді, 
жолдас генерал, - дедім қызбалықпен. 
- Батальонмен бірге ме? 
- Әрине. 
Панфилов күліп жіберді. 
- Мұндай командирге алда разы болсын… Жоқ, мұныңыз жӛн 
болмайды, жолдас Момышұлы. Қайта, батальонмен бірге он, жиырма, отыз 
ұрысты бастан ӛткеріп, батальонды аман сақтап қала біліңіз. Сонда солдат 
сізге алғыс айтады. 
Ол терезе алдынан түсіп, менің қасымдағы былғарымен тысталған 
диванға келіп отырды. 
- Кезінде мен де солдат болғам, жолдас Момышұлы. Солдат деген 
ӛлімге ынтық емес. Ол ұрысқа барғанда ӛлім тілемейді, ӛмір тілейді. Осыны 
ұғынатын командир керек солдатқа. Сіз болсаңыз: «Батальонмен бірге ӛлем!» 
деп, оп-оңай айта саласыз. Батальонда жүздеген адам бар, жолдас 
Момышұлы. Олардың ӛмірін сізге қалай сеніп тапсырам? 
Мен үндемедім. Панфилов та, менің бетіме қарап, біраз үнсіз 
отырды. Сонан соң: 
- Сонымен, не айтасыз, жолдас Момышұлы? Оларды ӛлім үшін 
емес, ӛмір үшін ұрысқа бастауға барсыз ба? - деді. 
- Бастауға барамын, жолдас генерал. 
- Міне, солдаттың жауабы солай келеді. Ал енді, ол үшін не керек 
екенін білесіз бе? 
- Сіз айтсаңыз екен деп ӛтінем, жолдас генерал. 
- Қуын қара… Ең алдымен, жолдас Момышұлы, мынау керек… - 
деп ол ӛз маңдайын нұқып кӛрсетті. - Ішіңізде болсын, бір сыр айтайын: - 
Әскери адамдардың ішінде де ақымақтар болады, - деп құпиялап құлағыма 
сыбырлады, 
Ол кенет түсін суытып, тағы да сӛйледі: 


55 
- Бұдан басқа тағы бір ӛте… ӛте қатал нәрсе керек. Оның аты 
тәртіп. 
- Мен абайсызда: 
- Бірақ сіз ӛзіңіз… - дей бердім де, жым бола қалдым. 
- Сӛйлеңіз, сӛйлеңіз! Мен туралы бірдеме айтқыңыз келіп отыр ғoй. 
Бірақ менің батылым бара қоймады. 
- Сӛйлеңіз. Жоқ әлде бұйыру керек пе? 
- Сіз… сондай жуассыз ғой… дейін деп едім, жолдас генерал. 
- Әсте олай емес. Қателесесіз. 
Менің сӛзім қытығына тиді білем, сүлгісін ала орнынан тұрып, әрлі-
берлі жүрді.
- Жуас… Есіңізде болсын, жолдас Момышұлы, айқаймен 
басқармайды. Жуас… кӛрерсің жуасты… Ал сонымен, дивизионға барғыңыз 
келмейді ғой, ә? 
Мен үндеместен, генералға қарадым. 
Сонда ол: 
- Сізді академияға жіберсе болар еді… Біреуі келмейді. Жарайды, 
қалауыңыз болсын. Әрине, полковник маған ренжіп, бірақ… шегіне ұрыс 
жүргізу тәсілін қолданармын… Сӛйтіп, батальонға барасыз, - деді. 
- Құп, жолдас генерал. 
Сонымен не керек, артиллерист басым батальонның командирі 
болғаным ғой. 

Тағы да бірнеше күнді штабта ӛткіздім. Сырттан қарағанда жуас 
кӛрінген осы ақ пейіл генералдың дивизияны қалай басқаратынын бақылап, 
байқауға тырыстым. Бастапқы кездің ӛзінде-ақ оның жуастығы кӛңілшектік 
мағынасындағы жуастық емес, қайта бұл оның ақылын, асқан адамгершілігін 
сипаттайтын қасиеті екенін ұқтым. Әйткенмен, ол ылғи "жуас" бола 
бермейтін. Әскери уставтың талаптарын орындамағандарды қатал 
жазғыратын. 
Бір күні, Панфиловтың бӛлмесінде тұрғанымда, бір штаб командирі 
кіріп келді. Панфиловтың әмісе: "отырыңыз, отырыңыз!» дейтін сӛзін қалып 
алып кетсе керек, әлгі рұқсатсыз-ақ ӛз бетімен орындыққа отыра кетті. 
Сонда Панфилов:
- Тұрыңыз! - деп зекіді. - Шығыңыз үйден. Сыртта тұрып біраз 
ойланыңыз да, сонсоң қайта келіңіз. 
Панфилов ӛзінің берген тапсырмаларын, бұйрықтарын ешқашанда 
ұмытпайды, оның орындалғанын уақтылы тексеріп отырады. 
Генералдың бір дағдысы - сағатының дӛң әйнегін бас бармағымен 
ылғи сипалап отырады. Кейде: оны жас нәрестедей мәпелеп отыр екен деп 
ойлайсың. Бір жұмыста кеш қалсаң, ол себебін тексереді. Тапсырмасын 
уақытылы орындамаған бір командирді қалай жерлегенін кӛргенім де бар. 


56 
- Сіз ар-ұяты жоқ, тәртіпсіз екенсіз. Келгеніңізге санаулы күн болса 
да, барып тұрған жалқау екеңдігіңіз кӛрінді, - деп генерал әлгіні жерден 
алып, жерге салды. 
Қабағы түксиіп, ӛзгеше біткен қалың қасы бұрынғыдан бетер 
қиғаштаныш кетті. Ақырып сӛйлемегенмен, даусы әдеттегіден қатулау 
естілді. Аузынан шыққан әр сӛзі батпан күрзідей салмақпен әлгі жалқаудың 
басына соғылып жатқандай болды. 
Есімде қалған тағы бір кішігірім оқиғаны айтайын. 
Генералдың тапсыруы бойынша, дивизияның атына келген алғашқы 
минометтерді қоймаға тасып жатқанбыз. Мен терезеден бір қызыл әскерге 
дауыстап: 
- Қоймаға барып, минометті тез әкел! Бес минуттің ішінде осында 
болсын, - дедім. 
Кейін бұрыла бергенімде, маған тесіле қарап тұрған Панфиловты 
кӛрдім. Кӛзқарасында кекесін шырай байқалады. Ӛткен жолғыдай, бетімнен 
отым шықты. 
- Бес минуттың ішінде ол үлгере алмайды, жолдас Момышұлы, деді 
генерал. 
Бұдан басқа дәнеңе айтқан жоқ, бірақ осы бір ауыз жай сӛзі маған 
үлкен әсер етті. 
Артын ойламай, абайсыз сӛйлегенше, Панфилов секілді ақылмен іс 
істеу керек екенін кӛңіліме тоқыдым. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет