Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет10/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76
Арпалыс 1,2

аскери белдікпен жалғас, иықтан асыра тағатып жіңішке қайыс.) жайлап 
шапқан балта кеспелтек ағашты кілең біркелкі жарып, жұқа жаңқаларға 
айырып жатыр. 
Қасына Рахимов барды. 
- Жолдас генерал, маған рұқсат етіңіз… 
- Несі бар? Мен отын жаруды ұнатам. Әрине, келесі жолы 
командиріңіздің суыққа тоңып отырмау жағын ӛзіңіз қарастыруға тиіссіз. 
Панфиловтың бір сипаты осындай - ол кейде кісінің мінін тік 
айтпай, осылай тұспалдап сездіреді. 
Бірақ соның артынша-ақ, сӛзінде кӛңілге ауыр аларлық оншама зіл 
болмаса да, ол түсін жылытып: 
- Отырыңыз, жолдас Рахимов, отырыңыз! Мына томарға отырыңыз, 
деп жуып-шайды. 


43 
Панфилов темір пеш ішіне майда жаңқаларды үйшік құсатып қалап 
жатыр. Кейбір ірілеу жаңқаларды ол ең алдымен салмақтап кӛреді. Бір 
ағашты пешке апарды да, сәл дүдамалданып қайта тастады. 
Сіз, бәлкім: от жаққан да ӛнер боппа, онда ойланып-толғанып 
жататын не бар дерсіз? Меніңше, ӛнерліге істің үлкен-кішісі бірдей. «Ептілік 
пен ерлік - ерге тән қасиет», - дейді халық. Тіпті «болмашы ғана" істе 
генералдың ақылмен, еппен қимылдауы үлкен іске де үлгі боларлық, 
халықтың әлгі дана сӛзіне дӛп келетін мысал деп білемін мен. Шынында да, 
басқа біреулердей бықсытып, түтіндетіп жатпай, Панфилов сіріңке шағып, 
тамызықты тұтатқанда, пеш бірден гүрілдеп ала жӛнелді. 
Генерал отбасында бір минуттай отырды. Пеш кӛмейінен шыққан 
күрең сәуле оның әжім басқан жүзінде ойнады. 
- Міне енді кӛңілденіп отыруға болады… - деп, орнынан тұрды да: - 
Жазып болдыңыз ба, жолдас Момышұлы? - деп сұрады. 
- Дайын, жолдас генерал, - деп қысқаша рапортты ұсындым, 
Панфилов шамның үстінде қағазды оқып, оны столға қойды да, қаламын 
сияға батырды. Сонсоң күрсініп, қағаз бетіне: «Бекітемін» деген сӛзді жазды. 

Ӛзіңізге мәлім, стол үстінде қорғанысымыздың әсем схемасы 
жатқан. 
Панфилов рапортты шетке ысырып тастады да, ұзақ уақыт схемаға 
қарап отырды. 
- Жақсы бекініп алған екенсіңдер, - деді ол. - Бірақ… 
Ойлы пішінмен генерал желкесін қасыды. 
- Соңына сізбен батальонды аралайық, жолдас Момышұлы. Жер 
жағдайымен танысайын. Айтпақшы, жалпы жағдайды білесіздер ме, 
жолдастар? 
Ашық жауап айта алмай, жұрт күмілжіп қалды. Панфилов 
сӛмкесінен сәл умажданып, бүктеуі қажала бастаған картасын алды да, 
столда жатқан схеманың үстіне жайды. 
- Бері таман келіңіздер, жолдастар, - деді ол. - Жау мына жерде 
және мына жерде біздің әскерлердің шебін бұзып ӛтіпті. 
Ол Вязьма маңындағы бірнеше пунктті нұқып кӛрсетті де, жұртты 
жағалата кӛзімен бір шолып ӛтіп, сӛзін қайта бастады: 
- Біздің әскерлер Гжатск мен Сычкованың маңында ұрыс жүргізуде. 
Негізгі қарсылық кӛрсететін түйінді жерлеріміз мыналар. 
Қарындаштың моғол жағымен картаның бірнеше жерін дӛңгелете 
кӛрсетті де, тағы да жұрттың бетіне бірсыдыра қарап ӛтті. 
Сонсоң қарындашын стол үстіне тастап: 
- Соңғы күндері біздің тұсымыздан ӛткен жан себілдерді сіздер 
біздің армиямыз осы ғой деп ойлаған да боларсыздар? - деді. 


44 
Қулана күлімдегенде, оның кӛздерінен сәл әлденеңдей бір терең 
сырдың нышаны білінгендей еді. 
Отырғандардың ешқайсысы үн қатқан жоқ, тек Заев қана басын бір 
шұлғыды. 
- Шындарыңды айтыңдаршы, солай деп ойладыңдар ғой? 
Ешкім үн қатқан жоқ. Панфилов әркімнің жанына батқан, жүрегіне 
дық болған мәселені қозғаған еді. 
- Олай емес, жолдастар. Біздің армия жаумен ұрысып жатыр… 
Әскерлеріміз ұрыс жүргізіп жатпаған болса, немістер бізді осы күнге дейін 
тыныш қойған болар ма еді? Қазір жау біздің шепке жақындады, бірақ мұнда 
таянған жаудың күші онша кӛп емес… Немістердің негізгі күштерін 
жаутылында әрекететіп жүрген біздің әскерлер бӛгеп, ӛрісін тарылтып отыр. 
Ал дивизияның қорғаныс шебі тым созалаң екені рас, бірақ… 
Панфилов біраз үндемей отырды.
- Біздің дивизияға танкке қарсы тұратын бірнеше артиллерия 
полктері берілді. Олардың санын, сапасын айтпаймын. Ол – Бас 
командованиенің артиллериясы. 
Қарындашты қайтадан қолына алып, Панфилов тағы да картаға 
үңілді. Бурыл басын тӛмен салып, карта бетіндегі топография белгілерін 
кӛзбен шола бастады. Бір кезде, әлденендей кӛмескі нарсені ажыратқысы 
келгендей, бір нүктеге тігілді.
- Қазіргі міндетіміз қандай? - деді ол баяу үнмен, ӛзімен-ӛзі 
ақылдасқан кісіше. - Қазіргі міндет, немістер қай жерден ұрынса да, оларды 
осы артиллериямен келістіре қарсы алу. Егер жаудың негізгі тегеуріні осы 
араға жұмсалса, Бас командованиенің артиллериясы да сендерде болады. 
Жауынгерлерге де осылай деп түсіндіріңдер, командир жолдастар. Жауынгер 
демекші… Батальонды қанша уақытта жинай аласыз, жолдас Момышұлы? 
- Дабыл бойынша ма, жолдас генерал? 
- Жоға, олай етудің керегі не… Бір сағат жете ме? 
- Әрине, жолдас генерал. 
Батальонға келген сайын Панфилов ұрысқа әзірлікті тексергеннен 
кейін жауынгерлермен әңгімелесетін. Қалтасынан шығарған сағатының дӛн 
әйнегін бас бармағымен сипалап, ол біраз ойланып отырды.
- Жинаудың керегі жоқ, жолдас Момышұлы. Уақыт мұрсат 
бермейді. Мына кішкене қожайын кӛнер емес, деп сағатын нұсқады. - Міне, 
солай, жолдастар. Енді біз де соғыса бастаймыз… Неміс оңнан тиіссе 
омақастыра құлатамыз, солдан тиіссе тағы сұлатамыз. Сӛйтіп жүңдей 
түтеміз. 
Панфилов кӛтеріле бергенде, жұрттың бәрі аяғынан тік тұрды. 
- Ия, жүндей түтеміз… 
Ерекше жігермен Панфилов қайталап айтқан бұл сӛз сол қаһарлы 
күндерде әркімнің іштей діттеген ойы ед, Қызыл Армияның алдына 
партиямыздың қойған айбынды міндеті еді. 
- Ұқтыңыз ба? 


45 
Панфиловтың әдеті, әңгімесін сӛйлескен адамының бетіне тура 
қарап, әрдайым осылай байыптап сұрайтын. 
- Ал енді… енді жолаушыға бір шыны аяқ шай ішсе де, теріс болмас 
еді… Шет-жағасын сездірген сияқты ма едік, қалай, жолдас комбат? 
- Синченко! Самаурынды алып кір! - деп дауыстадым. 
- Пәлі! Бұларды қарай кӛр, самаурындары да бар! Жарайды… 
Жұрттың бәрі күлімдеді. Панфиловтың байсалды пішіні мен 
үйлесімді әзілі оның алғыр ақыл иесі екенін айтпай-ақ танытарлық еді. 
Генералдың бұл кейпі күптігӛй кӛңілдің кірбіңін кетіріп, кеудеге берік сенім 
ұялатты. 
Командирлерге рұқсат етіп, картасын бүкте планшетіне салды ол. 

Сақырлаған самаурынды кӛтере дедектеп Синченко кірді.
- Сабыр, сабыр жігітім! - деді Панфилов. - Самаурынмен де кісі 
жүгіре ме екен? 
- Соғыста жүгіріс болмай тұра ма, жолдас генерал, - деп Сенченко 
тақ ете түсті. 
Самаурыңды еппен стол үстіне қондырды ол. 
- Соғыстың аты құр жүгіріс пе екен? 
- Жүгіргенде есеппен жүгірем де, жолдас генерал. 
Бұл жауап Панфиловқа ұнап қалды. 
- Жарайды, жарайды, - деді ол. - Бірақ, жолдас, бізге енді құр 
есеппен соғысуға болмайды. 
- Онда немен соғысамыз, жолдас генерал? 
- Үш есе есеппен! - деп Панфилов күлді. - Кӛк шайың жоқ па! 
Орта Азияда кӛп болған генерал кӛк шай ішіп үйренген екен. 
- Жоқ еді, жолдас генерал. 
- Әттең десеңші… Ал демдегелі жатқаның не? 
Синченко басталған қағаз шайды ұсынды. Панфилов шайдың 
қағазына қарап, иіскеп кӛрді. 
- Жаман емес кӛрінеді… Бірақ сәл босаңсып қалыпты. Құтыда 
сақтау керек қой, жолдас… Шәйнекті маған беріңіз, мен демдейін. 
Кішкене ақ шәйнекті ыстық сумен екі рет шайып, ішіне бір шым- 
шым шай салды да, ыдыс түбіне үңіле қарап, тағы біраз шай қосты. 
Сонан соң шәйнекті су құймай кампоркенің үстіне қойды. 
- Біраз қызсын, сонда күшіне келеді, - деп түсіндірді ол. 
Қарсы алдымыз - қаптаған жау, сырт жағымызда - Москва. Тап 
осындай кезеңде генерал алдыңғы шепте баптап, нәшіне келтіріп шай ішкелі 
отыр. 
- Схеманы алмай қоя тұрыңыз, жолдас Момышұлы, - деді ол, менің 
оңтайланған қимылымды сезіп. - Тағы бір рет қарап кӛрейік. Немене, жолдас 
Момышұлы, ӛзіңіз бір түрлі кӛңілсіз жүрсіз ғой? 


46 
Панфилов майдалап сұраса да, тап осы сұрағымен тӛбеме қойып 
қалғандай, орнымнан құлай жаздадым. Күні кеше жауынгерлерге ӛзім осыны 
айтқан жоқ па едім. Бүгін мен де сондай жабынқы күйде болғаным ба? 
- Айтыңыз, жолдас Момышұлы, кӛңіліңізге дық болған не? Тұрмай-
ақ қойыңыз, отыра беріңіз, отыра беріңіз! - деді ол, менің кӛтеріле 
бастағанымды байқап.
- Былай еді, жолдас генерал, - деп мүдіріп сӛз бастадым. 
Айтыңызшы, жолдас генерал, баталонның шебі қысқармай, осы жеті 
километр бойымен қала бере ме? 
Басқалардың ойынан арылтам дегенім дудамалдық, сенімсіздік еді. 
Қаламасам да, сары уайымның сарыны енді ӛз сӛзімнен де естілгенін 
байқадым. 
- Жоқ, олай болмайды! 
- Панфилов сәл кідірді де, кӛзін естілгенін байқадым. сығырайтып 
күлімсіреді. - Олай болмайды! Бүгін сіздің полктен бір ротаны аламын. 
Кейіннен екіншісін де алуым мүмкін. Солай болғасын, сіз бұрынғыға қоса 
тағы да бір, бір жарым километр жер иемденуіңізге тура келеді. 
- Тағы да бір километр дейсіз бе? 
- Олай етпеске шара бар ма, жолдас Момышұлы? Кәне, ақыл 
беріңізші. 
Бұл сӛзді ешбір кекесінсіз айтқан Панфилов жалмажан маған 
мойнын бұрып, бейне мен сынды аға лейтенант ӛзіндей генералға жүйелі 
кеңес беретіндей-ақ, орындығымен қоса ілгері ұмсынды. 
- Қалай ойлайсыз, бұдан басқа шара бар ма? - деді ол тағы да. 
- Шебіміз ғой тартқан жіптей жіңішке. Оны үзіп ӛту қиын емес. Ал 
бір жерден үзіп ӛтті дейік… Одан әрі қайтпекпіз? 
Жауап күтіп, бетіме үңіле қарады. Мен үндемедім. 
- Міне осы себепті де мен роталарды ӛзіме алмақпын. Әбестік 
дейсіз бе? - деп сұрады, ол тап осы сӛзді мен айтқандай. 
Бірақ мен жұмған аузымды ашпай, тыңдаумен болдым. 
- Қазір, Момышұлы жолдас, жай сақ болу жарамайды… Қазір… - 
ол мағыналы пішінмен қасын керді: - үш есе сақ болу керек. Сонда ғана осы 
ӛңірде, Волоколамскіге жеткенше оны бір айдай әурелейміз, 
- Волоколамскіге жеткенше? Кейін шегінеміз бе, жолдас генерал? 
- Бір орында қарап отырмаспыз. Тек әрекет етерде ескертетін нәрсе, 
неміс қай жерден жарып ӛтсе де, алдынан біздің әскерлеріміз кесе-кӛлденең 
тұруы керек. Ұқтыңыз ба? 
- Ұқтым, жолдас, генерал, бірақ… 
- Ия, ия, сӛйлеңіз! Қӛңіліңізде тағы қандай дық бар? Жауынгер 
немістен шайлығыңқырайды демексіз ғой солай ма? 
- Солай, жолдас генерал. 
Сӛзімді қысқаша айтуға тырысып, баяндай бастадым. Тегінде 
баяндау деген сӛз бұл жерде дәл келмейді. Мұның себебі, Панфилов кісіні 
бар ықыласымен тыңдай біледі. Бұған қарап, сен ӛзің аса маңызды, ӛнегелі 


47 
бір сӛз сӛйлеп отырған секілденесің. Бұл жолы да әскери тілмен баяндаудың 
орнына кӛрген-білгенімді, ішке түйгенімді әңгіме-жырдай әсерлеп айта 
бастағанымды ӛзім де байқамай қалдым. 
Мен сӛзімді аяқтағанда Панфилов біраз уақыт ойланып отырды. 
- Ия, солай, жолдас Момышұлы, - деп үн қатты ол ақырында. 
- Қазір бізге бұдан басқа ештеңе де қорқынышты емес. Тек осы 
жағы қорқынышты. 
Ол орнынан тұрып, самаурынның қасына барды да, шәйнекке 
ыстық су құйып, оны самаурын үстіне қойып қайтадан орнына келді. 
Отырмастан, ол әшекейлеп сызған қағазға үңілді де, алғаш қараған кездегі 
сӛзін тағы айтты: 
- Әбден бекініп алған екенсіңдер. 
Бірақ бұл сӛзінен ұнатқандығы байқалмады. 
- Тым қысылшаң екен. Ӛздеріңе қалдырған ӛткелдерің аз емес пе? - 
деп қарындашпен нұсқап мина алаңдарын кӛрсетті. Жолыңызды ӛзіңіз 
бӛгегенсіз ғой деймін, жолдас Момышұлы? 
- Бірақ бұл алдыңғы жақта ғой, жолдас генерал, дедім танданған 
пішінмен. 
- Алдыңғы жақта болғаны үшін ғой менің сӛз қылып отырғаным. 
Кӛсілуіңе болмайды, тым тар. 
«Жеті километр жер алып жатсам, қалайша тар болғаны. Бұл не 
дегені?» деп ойладым ішімнен. 
Панфилов схемадағы мина бӛгеттерінің үстінен жайлап қана 
бірнеше сызық тартып, ӛткел белгісін жасады. Неге бұлай еткеніне мен 
түсіне алмадым. Онан соң генерал үшкір қара қарындашымен біздің 
қорғаныс шебіміздің әсем бейнесін бастыра тағы да жіңішке сызықпен, алға 
қарай, немістердің орналасқан жеріне жеткізе жебе тартты. 
Мұнысы - шабуылға кӛшіңдер, сӛйтіп, топтанып жатқан неміс 
армиясына тиісіңдер дегені ме? Әлде айтқанын істеп, бізден бір ротаны тағы 
алса, батальон бұрынғының үстіне бір, бір жарым километр жерге қанатын 
жайса, бұл нұсқауы қалай орындалмақшы? Үш есе есеп, үш есе сақтық керек 
деп жаңа ғана ӛзі айтпады ма? «Волоколамскіге жеткенше» деген сӛз ӛз 
аузынан шықпады ма? Сонысымен тұрмай, енді әл жетпес істі бұйрықпен 
істетпек пе? Бірақ осылай бұйыра ма екен? Түсінбедім, түсінбедім. 
Панфилов жебені қарындашымен жайлап қана бояп жатып: 
- Мен сіз болсам, мынаны ойлар едім… - деді. Осыны айтып 
немістердің шебіне бағытталған жебенің ұшынан бері қарай, ӛз шебімізге 
қарай, иір сызық жүргізді. Жебе шабуылға баруды, одан бергі иір сызық 
қайтып келуді бейнелейтін белгі еді. 
- Осыны ойлар едім… деді ол тағы да, менің бетіме қарап. – Ал 
сіздің әсем суретіңізден мұндай ойдың ұшқыны да кӛрінбейді. 
Панфилов сағатын алып қарады да, самауырға бұрылды: 
- Мына мырзаға да кӛңіл бӛлмесе болмайды. Келдіңіз, бір стақаннан 
шай ішейік те, жӛнелейік. 


48 
- Осында қонбайсыз ба, жолдас генерал? - деп сұрады Сенченко. 
- Қону қайда, жолдас. Қазір түнді де күндізге балап жұмыс істеуге 
тура келеді, - деп Панфилов қүлімсіреді. 
Ол шәйнекті алып, қақпағын ашып, иіскеп кӛрді. 
- Міне, шай деп осыны айт! 
Бір стақан шайды маған ұсынып жатып, ол қулана жымиды. 
- Бүгін мерекелі күн екенін білесіз бе - біздің дивизияның дүниеге 
келгеніне аттай үш ай толды ғой. Мұны жақсылап қарсы алу керек еді, 
бірақ… кейіннен қарымтасын қайтарамыз… Сӛйтіп, жолдас Момышұлы, сіз 
бен біздің алғашқы кездескенімізге үш ай толды. Сонда сіздің менің 
тұсымнан аршындай адымдап ӛткеніңіз есіңізде ме? 
Осыны айтып, генерал тағы да қулана күлімсіреді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет