122
Қайтадан сапқа барып тұрған Курбатов маған қарап:
- Жолдас комбат, сӛз айтуға рұқсат етіңіз! - деді.
- Рұқсат жоқ. Сӛз айтатын митинг емес бұл! Бәлкім, командирмен
бірге сен де қашқансың. Бірақ сендер үшін командир жауапты.
Әмір ететін
ол, бағынатын сендер. Оның айтқаны заң. Қаш десе қашуға, тоқта десе
тоқтауға міндеттісіңдер. Жауап беретін ӛзі. Естіп тұрсыңдар ма? Егер де
командир: «Тоқта!» деп әмір берсе, аяғыңды бұра баспа. Қайта,
бойында
намысың, ар-ұятың болса, қашуға тыйым сал, қашқанды табанда атып ӛлтір.
Бірақ командирлерің сендерді тежеп, тоқтата білмеді. Енді сол айыбының
жазасын тартып отыр.
Ауыз жиғанша болған жоқ, қараңғы түнек ішінен Брудныйдың
бейнесі тағы кӛрінді, ол бері қайтып келе жатыр.
Мұнысы не ақтық
жалынышын айтпақ па? Шынымен-ақ жігерсіз жасық болғаны ма? деймін
ішімнен.
- Саған не бар енді?
- Жолдас комбат, документтерді кімге ӛткізейін?
- Қандай документ?
- Комсомол билеті. Командирлік куәлік, хаттар, - деп Брудный
тұтығыңқырап сӛйледі.
Мен Бозжановты шақырып алып:
- Жолдас политрук, документтерін алыңыз, - дедім.
Брудный шинелінің іш қалтасынан
бір бума қағазды шығарып,
Бозжановқа ұсынды.
Документті алмас бұрын Бозжанов маған:
- Ақсақал, - деп күбір етті. Бұдан басқа дәнеңе айтқан жоқ, бірақ осы
бір ауыз сӛзінен жалынды лебіз, ынтызарлы ӛтініш естілгендей еді. Брудный
мұңайып тӛмен қарап тұр. Қапелімде бір ой сап ете түсті. Мүләйімсіп тұрса
да, бұның бәрі Брудныйдың зымияндығы деп білдім. Мұнда қайтып келгені
де арамзалық, «Қайтып барсам, комбат политрукті шақырар, политрук араға
түсер», деп шешкен ғой бұл…Ә-ә, білдім от басылық қулығыңды! Жауды
алдаудың орнына мені алдамақ екенсің ғой! Неміске қайта жібергенде,
намысыңа түскен дақты ерлікпен жуып кетірсін деп едім, бірақ бойындағы
ар-ұятың қорқынышқа құл болса, шерменде күйде
қала бер, - дедім ішімнен.
- Брудный! Документтеріңді бермей-ақ қой. Ана жаққа бармасаң да
болады. Саған бӛтен бағыт нұсқайын - міне сенің кетер жолын деп тылға
баратын соқпақты кӛрсеттім. - Полктің штабына бар…
Бар да, мені батальоннан қуып жіберді, сотқа берді де… Ӛзіңді сонда
ақтап аларсың.
Брудный тамаққа келген ӛксігін басуға әрекет етіп, бір-екі рет ықылық
атты. Сәл кекештеніп:
- Жолдас комбат, ме… мен… қорықпаймын… Күзетшісін ӛлтірем…
мылтығын, документін әкеп тапсырам… Ӛзіңіз кӛрерсіз… - деді.
123
Ашынып айтқан сӛздері әлгінде суыған жүректі қайта жібітіп,
рақымымды түсірді. Оның ӛзіне ғана естіртіп: "Міне, шын жігіттің сӛзі осы,
атаңа рақмет!» дегім келді. Бірақ жылы сӛздің орнына бұрынғы ызғармен:
- Қайда барсаң да ӛз еркің. Маған керегің жоқ, - дедім.
-
Мынаны алыңыз, жолдас политрук, - деп Брутный бұрынғыша
документтерін Бозжановқа ұсынды.
Жалмұхамбет қол шамын жаққанда сәулесі Брудныйдың кіртік кӛз,
салған жоқ, қара торы ашаң жүзді сүзіп ӛтіп, қағазға түсті. Бозжанов
документтерді алған соң қол шамның жарығы қайта ӛшті.
Бұдан кейін, Брудный кілт бұрылып,
келген жағына асыға басып
жӛнелді. Мен:
- Курбатов! Лейтенантқа полуавтоматыңды бер, - дедім.
Менің осы минутта Брудныйға істеген бар жақсылығым осы болды.
Бұдан артыққа баспадым, ӛйткені берік болмай ерік жоқ, Москваны
қорғайтын ерлік намысты қолдан бермеу үшін, Руза ӛзені бойындағы шепті
жауға алдырмау үшін, қысылтаяң кезеңде
басқаға сабақ болсын деп, әдейі
осылай істедім.
Достарыңызбен бөлісу: