Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет32/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76
Арпалыс 1,2

 
6 
Жауынгерлер әр жерде от жағып, шай қайнатып, киімдерін кептіруде. 
Кӛбі қарағайдың кӛк бүрлерін тӛсеніш қып, тәтті ұйқыға шомған. Кӛшпелі 
асханаларда майлы сорпа бұрқ-бұрқ қайнап жатыр. Айнала күзет қойып, 
батальон тынығуға кіріскен. 
Таң аппақ боп атты. Жер сабыр. Тұман сейіле бастап, тӛңіректі кӛзбен 
ажыратарлық кез болған еді. 
Сағат сегізде, менің есебімше, Бозжановтың қайтып келер уақыты 
жеткенде, әуеден самолеттердің гүрілі естілді. Ұзамай кӛзбен де кӛрдік. Ӛкпе 
тұсымызда, ала бұлттың астымен, немістің бомбылағыш самолеттері 


198 
тӛмендеп ұшып келеді екен. Тап сол мезетте бізге кӛрінбес тасадан тарс-тұрс 
атылған пулеметтер мен зеңбіректердің даусы шықты. Жер сілкінте 
гүрсілдеп ауыр бомбалар жарыла бастады. Самолеттер лек-легімен ұшып 
келіп, ӛзінің ауыр жүктерін бізден тӛрт-бес километрдей жердегі бір пунктке 
тастауда. Волоколамскіге баратын тас жол сол маңда еді. Кенеттен атыс 
жиілеп кетті. Енді аспанда самолет кӛрінбейді, бірақ әлгі бомба тасталған 
жақтан бұл жолы анау-мынау дейтіні жоқ, жүз я жүз елудей зеңбіректің 
ұласқан үні жер-дүниені жаңғырықтырып жіберді. Сол жаққа жіберілген салт 
атты барлаушыларым: немістер танкілерімен шабуылға кӛшкенін, қазір 
артиллерия мен танкілер арпалысып жатқанын айтып келді. 
Ұзамай басқа жақтан да жиі атыс естілді. Бұл үн де бізден тӛрт- бес 
километрдей жерден шықты. Ол жақтан шыққан артиллерия гүрсілі 
бастапқысынан анағұрлым әлсіз болса да, винтовка, пулемет даусы үдей 
түседі. 
Бозжанов әлі жоқ… Қап, бұл жерде батальонды аялдатып нем бар еді, 
жауынгерлерім мен аттарымды әлдеқайдағы зеңбіректерге жіберіп нем бар 
еді?… Зеңбіректерді сол араның ӛзінде бұзып, қиратып кеткенде болмас па 
еді?… 
Зеңбірек тартатын кӛліксіз енді қалай қозғалмақпын? Тіпті кӛлігі 
тұрсын, ӛз адамдарымды тастап кете алам ба? 
Атыс екі жақтан бірдей естілуде, ал Бозжановтан дерек жоқ… Қап! 
Шынымен кешегі халге душар боламыз ба? Бұйрық бойынша, ертерек кету 
керек еді, бірақ қалай кетерсің… Мен Рахимовқа:
- Рота командирлеріне менің бұйрығымды жеткізіңіз: адамдарын 
тұрғызып, айнала қорғаныс жасап бекінсін, - дедім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет