Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет48/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76
Арпалыс 1,2


 
Санитарлық арба жайлап ілгері жылауда. Кейінгі жақта жаралылар иін 
тіресіп келеді - бұл сәтте ешкімнің де артта қалып қойғысы жоқ. 
Біз енді ойпандағы таса жерлерден, поселкенің үйлерінен ӛтіп, жотаға 
шықтық. Алда шӛп басқан жазық дала, бұл ӛңірге жау үш жақтан бірдей оқ 
атуда. Бір километрдей жерде қарауытып тұрған орманға - мана рота 
командирлеріне кӛрсетілген пунктке – жету үшін бұл ӛңірден тезу ӛту керек. 
Роталар әлі қозғалған жоқ-ты. Мал таптап, шӛбін жеп тақырлаған 
осынау ӛңірдің құтын қашыра, жел азынап тұр. Жел екпіндей соққан 
сәттерде шӛптің сидам сабақтары қаттырақ иіліп, селдір кӛлеңкелер тақыр 


286 
жайылымды сипап ӛткендей болады, Әлгі орманға қарай бұрылып, тіке 
тартқан санитарлық арба шым құйқалы жолсыз жермен оп-оңай жүріп келеді. 
Мен сәл кідіріп, жазық ӛңірді кӛзіммен бір шолып ӛттім. Орталардың 
әлі жолға шықпай, кешігіп жатқанына қайранмын. Сол заматта-ақ 
мазараттың арғы жағынан шыға келіп, тоғайға ене бастаған екінші ротаны 
кӛріп, кӛңілімді демдедім, Жауынгерлер топ-тобымен жүгіре басып келеді, 
кейбіреулері алға озып кеткен, бұлардың арасында алдымен байқағаным Заев 
болды. Ол шынтақтарын екі бүйіріне қыса ұстап, алды-артына қарамай
еңкейген қалпында дедектей жүгіруде. Пистолетін белдігіне қыстырған, сірә, 
патрондарын салған болу керек, шинелінің қалталары торсиып кетіпті. Артта 
қалғандар озып кеткендерді қуып жетпек болып бар күшін қарыштауда. 
Зуылдап ұшқан түрлі түсті қызылды-жасылды-сарғыш оқтар жауынтерлерді 
асықтыра, қуалай түскендей. Алқына алға ұмтылғандардың жиілеп соққан 
жүректерінің дүрсілін есіткендей, жан ұшыра жүтіргендердің шатынап 
кеткен кӛздерін кӛргендей боламын. 
Ал егер немістер ӛкшелей қуып, біздің жауынгерлердің ізінше осында 
келіп жатса, не болмақ? Жоқ, бұлай ету жарамайды! 
Күрең тӛбелді кӛсілте шауып, айналасы жарты минут ішінде 
жүгірушілерді басып оздым да, атымды кілт тоқтатып, соларға қарай 
бұрылдым. Озып кеткендер де ентіге демалып, қайта оралды. 
- Тоқта! - деп қатты дауыстадым. 
Қандай қысылтаяң кезеңде болса да тәртіп сақтап үйренген 
жауынгерлер бұйрыққа мойынсұнып, тоқтай қалды. 
- Қашушы болмаңдар! Нағыз солдаттарша сабырлылықпен шегінуіміз 
керек. Заев, мұңдай бейбастақтыққа жол бергенің қалай?
Заев менің қасыма келді. Ентігін әрең басып, тіл қатты: 
- Артымызда бізді бүркемелеуші пулеметшілер бар, жолдас комбат. 
Менің ойымша… 
- Топалаң тигендей қашып келе жатқан болсаң, қайдағы ой ол! Взвод-
взводыңмен шегін! Басқар! 
- Құп болады! - деп саңқылдады Заев. 
Соның артынша команда естілді: 
- Сапқа тұрыңдар! Бірінші взвод, сапқа тұр! Екінші және үшінші 
взводтар шегінушілерді бүркемелесін! Жұбыңды жаз! Кеңірек… Одан да 
кеңірек… 
Тарамыс жұдырығын жоғары кӛтерген Заев ызғарлана команда берді: 
- Шагом… марш! 
Мұндай сәтте менің орным қайда болуға тиіс? Егер алда жүрер 
болсам, арттағылар шыдай алмай, тағы да жүгіре жӛнеледі де басқаларды 
шошытады… Мен аялдай тепсеңге барып, аттан түстім, Синченкоға аттарды 
орманға жеткіз деп бұйырдым да, ӛзім бір тӛмпешікке шықтым. Енді мен 
барша жұрттың кӛз алдындамын. 
Жүздеген түрлі түсті ақ жедел жүріп бара жатқан қос тізбектің 
тӛбесінен, қарандаған бейнелердің арасымен бұрынғыша ызыңдай ұшуда. 


287 
Кенеттен кеудеме қорқыныш ұялады: немістер қазір взводтың жартысын 
жайратып салмаса игі еді деймін. Әйтеуір, әзірше бәрі де аман, оқ тиген 
ешкім жоқ. 
Тағы бір тізбек адымдай жӛнелді. Заев та ӛзіне бір тӛмпешік тауып, 
соның үстіне шықты да, ызғарлы пішінде екі бүйірін таянып, ротаның 
шегінуін үнсіз бақылап тұрды. 
Ақырында ол да кӛзінің қиығымен маған бір қарап, ӛз мінбесінен 
түсті де, ротаның соңғы тізбегімен бірге ұзын аяқтарымен алшандай басып 
жӛнелді, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет