3
Менің қасымда жалғыз Бозжанов бӛгеліп қалды. Оның қоңыр даусы
құлағыма келді:
- Жолдас комбат, тӛмен түссеңізші. Мұнда ӛте қауіпті ғой.
- Кете бер ӛзің… Саған тоқта деген ешкім жоқ, - дедім мен.
Бозжанов мені тастап кеткісі жоқ. Жалпақ жүзінен реніш белгісі
білінбеді, бірақ жәбірленген намыс шаншуын табанда ұмытқандай, кішкене
бітік кӛздерін айналаға сақтықпен жүгірте қарайды.
Жайылымның басқа жағынан Филимоновтың ротасы шыға
бастағанын кӛзіміз шалды. Бұл рота да бейберекет, ығы-жығы болып келеді.
Кейбір жауынгерлер тіпті ӛз қомандирінен де ұзап кетіпті. Әне, жинақы да
ашаң Филимонов топты солдаттың ішінде онша қиналмай-ақ лыпылдай
жүгіруде. Мені байқап, ол кілт тоқтады. Басқалар екі жағынан орағыта ӛтіп,
одан ұзап барады. Бірақ ӛз комбатын енді олар да кӛрді.
Ет қызуымен ұзап кеткендер жай аяңға кӛшті. Филимоновтың ӛктем
әмірі бойынша рота бірден жата қалды; бұға жүгірген жауынгерлер ӛз
бӛлімшелері мен взводтарындағы орындарын тапты да, оққа қарай бет түзеді.
…Заев ротасының соңынан жайымен жаралылар кетіп барады. Атыс
үні, оқтың зуылдағаны арбакештердің ащы даусы аттарды желіктіре
түскендей; жетектегісі сар желіске кӛшуге ұмтылып, ауыздығымен алысады.
Енді арбаны жанай жүрген жаралылар жоқ, кӛпшілігі ілгерілі-кейінді,
қалай болса солай келеді, кейбіреулері кӛш кейін қалып, аяқтарын әрең
сылтып басады.
Доктор Беленков ұзап кетіпті. Тӛбеден ұшқан жылтырақ оқтан еріксіз
тӛмен иіліп, басын шинелінің тік тұрган жағасымен бүркеуге тырысады. Бір
мезетте ол арт жақта жүз адымдай жерде ілбіп келе жатқан арбаға бұрыла
қарап, ӛз взводын, жаралы жауынгерлерді күте тұруға тәуекел етіп, біраз
кідірген еді, қайтадан орманға қарай тартты. Бір қолымен ӛзінің докторлық
дорбасын ұстап, аяғын ентелей басқан Беленков енді артына бұрылып
қараған жоқ.
Жаралыларды алға шығарып, солардың соңынан взвод-взводымен
Филимоновтың ротасы жедел жүріп барады. Артқы тізбекте командирдің ӛзі
келеді. Менімен қатарласа беріп, мойнын мен жаққа бұрды да, осы қалпында,
288
комбаттың кӛзін алмастан, ӛте шықты. Жүрегім қайтадан жібігендей: менің
хас батырларым міне, осылар…
Орудиелерге жегілген аттар тұсымнан зырғытып ӛтті; жер қыртысын
таптаған зеңбіректердің дӛңгелектері зырылдайды. Әлде-қайдан сабалақ
тірсек мығым ат сүйреткен қос дӛңгелекті пулемет арбасы шыға келді.
Үстінде тізіліп отырған пулеметшілер.
Бәрінің соңынан Дордияның ротасы кетіп барады. Дұшпан сәулелі
оқтарын бұрынғысынша уыстап шашуда. Сондай оқтардың біріне кезіккен де
бар. Тізбектегі біреу сұлап түскен бетте орнынан тұра қалды. Басқа біреулер
оны кӛтеріп ала жӛнелді.
Жұрттың соңында қорбандай басып, Дордия жүріп барады. Қасында
екі байланысшысы - аласа Муратов пен ұзын бойлы, еңселі Савицкий,
Күтпеген жерден Мұратов иығын ұстай алды. Дордия оқ тиген
байланысшысына қарай тұра жүгірген еді, мен дауыстап;
- Кідірмеңдер?! Алға! - дедім.
Шинелінің жеңін қыса ұстаған жаралы Мұратов та ӛршелене
адымдады. Сӛйтіп, ең соңғы үшеу де тез ұзай бастады.
4
Ашық алаңнан бірінен соң Бозжанов екеуміз қозғалдық. Орманға
қарай аяңдап барамыз. Бозжанов айналасына алақтап қарайды.
- Жолдас комбат, жүгіре басайық. Бізді немістердің қуып жетуі
мүмкін.
Тезірек жүрейін десем де, аяғымды әрең басудамын. Зымырап ӛте
шыққан осынау сағаттың ішінде бойындағы бар күштің қарыштап жұмсалуы,
бастан кешкен қасіретті әсерлер енді жүйкеңнің жұқа руына, жігеріңнің
жасуына, шаршап-шалдығуға әкеліп соқты. Енді жүгіріп кетерлік дәрмен
жоқ. Әйтеуір Бозжановтың қасында, жауған оқтың астында сүйретіліп
келемін. Енді бұл - ұстамдылық та, жүректілік те емес, тек қана жасығандық.
- Ақсақал, мұншалық қатерге бас тігіп, тәуекел етуіңіз қалай?
Әдетте Бозжанов мені бұлай атай бермейді, бұл сӛз айрықша сәттерде
ғана аузынан шығады.
- Неге бұлай етесіз? Оққа кеудеңізді тосып тұруыңыз қалай?
- Білсең, бұл кӛзсіз тәуекел емес, Жалмұхамбет. Бұл менің
борышым… Керек десең, командирдің ӛнегелік парызы…
Ішімнен: "Ұрыста тәуекел ету де ерлік. Мұндайда оққа ұшуын да
мүмкін, бірақ мұның ӛнегелі, тәрбиелік мәні ешқашан ӛшпейді», - дегім
келеді. Бірақ ӛмір шындығынан туған бұл пікірді қазір айтып жатудың қажеті
не? Мен жайша:
- Менің жұрттан бұрын кетуім жӛн емес. Егер командирі қашса,
жауынгерлерінің шаңын да кӛрмей қаласың, - дедім.
- Ақсақал, сіз ӛзіңізді жұрт үшін сақтауыңыз керек қой. Егер де оққа
ұшсаңыз, батальонның халі не болмақ?
289
Мен миығымнан күліп:
- Ӛткен түні қалпақтай ұшып, батальон үшін жоққа тән болғанымды
білесің. Бірақ менің орнымды басарлық адамдар табылды ғой, - дедім.
Бозжанов тағы да шыдамсызданып, асықтыра түсті:
- Тезірек жүрейік те!
5
Біз, әйтеуір, орманға барып жеттік, Ағаштар арасында салы суға кетіп
отырған жауынгерлер ұшып тұрды.
- Отырыңдар, демалыңдар, - дедім мен.
Біреуі нұсқаған ағаш түбіне сұлық түсіп отыра кеттім. Ағаш арасынан
әлгінде ғана басып жүріп ӛткен ашық алаң кӛрінеді. Қазір онда қыбыр еткен
жан жоқ. Тек тықыр шӛпті тырналап, жел азынайды. Аспан жиегінде бұлт
арасындағы саңылаудан батар күннің солғын қызғылт сәулесі қыландайды.
Синченко аттарды әкелді. Күрең тӛбел менің қолыма ұмсынып, танауын
шүйірді.
- Синченко, сақтаған қантың жоқ па еді?
- Жоқ, жолдас комбат.
Мен Күреңнің жұмсақ тұмсығын мәпелей сипадым: Бізде нан да жоқ,
Күреңшем. Ӛзіміз де тамақсыз қалдық. Шылым бар ма, Синченко?
Синченко бір қорап «Беломор» ұсынды.
- Ең соңғысы, жолдас комбат.
Блоха, Мурин, Қалимолдин маған жақындады. Мұнда, әрине, Гаркуша
да бар. Бәрінің үсті-басы балшық, Дембелше Блоханың ақшыл қабағы біздің
шеп маңында жарылған снарядтар мен миналардың ыс-тозаңынан және
мазараттың қара топырағынан айғыздалып кеткен.
Әскери салтпен еңсесін кӛтере, Блоха саңқ етті:
- Жолдас комбат, мәлімдеуіме рұқсат етіңіз. Пулемет қирап қалды.
Солғын пішінмен:
- Жарайды… Қираса қайтеміз, - деп жауап қайырдым.
Мен отырған түбірдің маңына тұс-тұстан келген жауынгерлер біздің
әңгімемізге құлағын тігуде. «Беломордың» аузын ашып, қасымдағыларға:
- Кәнеки, жолдастар, шылым тартайық, - дедім.
Бірақ ешкім шылымға ентелеген де, қол созған да жоқ. Блоха үнсіз
басын шайқайды. Мурин жіңішке мойнын бұрандатып, сыйдан бас
тартатынын сездіреді. Тіпті, қуақы Гаркуша да қазір теріс қарап тұр.
- Алсаңдаршы! Гаркуша, шылым тарт.
Гаркушаның қобалжып тұрғанын байқаймын. Бірақ ол кілт бұрылып,
менің бетіме тура қарады.
- Жоқ, жолдас комбат. Ӛзіңіз тартыңыз. Біз кӛппіз, бәрімізге жетпейді.
- Неге жетпесін? Бір-бір сорудың ӛзі ғанибет емес пе?
- Жоқ, жолдас комбат.
290
Бұрыла қарап, топты жұрттың ішінен Березанскийдің темекі түтінінен
сарғыш тартқан селдір мұртын байқадым.
- Березанский, шылым ал.
- Жоқ, жолдас комбат.
Мен жауынгерлеріме таңдана қарадым. Таңдану ӛз алдына. Ӛзгеше
бір жан тебірентерлік сезімге бӛлендім деу лайық.
Шылым ұсынғанда солдаттың одан бас тартуы екіталай. Ал менің
солдаттарым бас тартты. Бұларды талай мұштадым да, әскери ӛнерге аяусыз
шынықтырдым да. Шаршап-шалдыққанына қарамай, тыным бермедім,
жауған оқтан тайсалмай, оған қарсы тұруды үйреттім, ал еңді ше… Қатыгез
дерлік жандар қазір үлкен инабаттылық, жан ашырлық танытып, бейне
бәтуаласқандай, мені шылымсыз қалдырмауға бекініп отыр.
- Тартпасаңдар мейілдерің, - дедім де, шылымымды аузыма салып,
сіріңке шиін жақтым. Оның жіңішке жалынына біраз қарап тұрып,
саусағымды күйдіре бастағанда лақтырып тастадым. Тістеулі шылымым да
қайтадан қорабына түсті. Бұл сәтте менде де шылым шегерлік дәрмен жоқ
еді. Осы күйде біраз отырғаннан кейін, ауыр күрсініп:
- Рота командирлерін шақырыңдар! - деп дауыстадым.
Командирлер тез жетіп келді.
- Жолға шығамыз… Адамдарыңды сапқа тұрғызыңдар, - дедім. Біраз
үндемей отырған Бауыржан әңгімесін қайтадан жалғастырды:
- Иә, әлгінде айтқаным кәдімгі мағынадағы тандану емес-ті. Адам
жанының кілтипаны кӛп қой. Шаршап-шалдығуда, жабығып-торығу да
күйініш пен қуаныш та, ӛз жауынгерлеріне деген сүйіспеншілік мен
мақтаныш та - осының бәрі бір арнаға келіп құйылғандай… Бұдан басқа не
айтпақпын? Орман ішінде болған осынау кішігірім оқиға соғыста бастан
кешкен мың сан ӛткір сезімдер ішінде ӛшпестей болып жадымда қалды.
Адамның жан жүйесі жағынан алғанда біздің кӛтерілген заңғар
шыңымыздың, асқар биігіміздің бірі - міне, осы… Осы жерде үлкен нүкте
қоялық.
Достарыңызбен бөлісу: |