53
Нарық қатынастарының инвестициялық сферасында тереңдеп енуімізге
байланысты біздің елімізде де бұл тәсіл кеңінен қолданылатын болады.
Несиенің қайтару қамтамасыздығы ретінде өздерінің позитивтік рөлдерін
вексель және аккредитивтер атқарады. Олардың түрлері, сипаттамасы,
реквизиттері және заңдық формалары туралы «Банк ісі» мен «құнды қағаздар
нарығы» пәндерінде жақсы көрсетілген.
Вексельдің
формасы заңмен орнатылады,оның табиғи заңдылық
ерекшелігі бар,яғни вексельде бір мезгілде қарыздық міндеттеме мен қаржылық
есеп айырысу қасиеттері біріктірілген.Сонымен бірге,вексель белгіленген
тәртіппен ҚР-да тіркелген заңды және жеке тұлғаларға берілуі мүмкін.
Қамтамасыздық формасы түрінде вексельді қолдану тәжірибиеде
вексельдік несиелер берілуі мүмкін. Арнаулы шот бойынша мұндай несиені
қайтару, әдетте бұны несие алған субъект жүзеге асырыды. Несиені
қайтарғаннан кейін, оған жойылған несиенің мөлшеріне
сәйкес көрсетілген
сомасы, қамтамасыздыққа алынған вексельдермен қайтарылады. Содан соң
несиені қайтару, клиенттің жарлығы бойынша оның есеп айырысу шотына
қаржы аудару жолымен немесе несиені қамтамасыз етіп тұрған вексельдер
бойынша вексель берушіден түсетін түсім ақшаларды өзара өтеу (есепке алу)
жолыменде жүзеге асырылады.
Клиенттер үшін банктік вексельдер аса жоғарғы қызығушылықты
тудыратын құрал болып табылады, себебі ақшаға
қарағанда сенімді банктің
векселін иемдену көбінде пайдалырақ болып келеді. Өйткені, ақшалар табыс
әкелу үшін, оларды құнды қағаздарға, немесе несиелерге, депозиттерге салым
жасау үшін керек, ал анандай жағдайларда, оны ақшалармен есеп айырысу үшін
пайдалануға болмайтын болып шықты. Ал банктік вексельдер болса,
олар бір
мезгілде қарыздық құрал болуымен бірге,төлем қаржысы да болып табылады.
Қазіргі қаржылық нарық жағдайында несиелендіру құралы ретінде және
оның төлемін қамтамасыздық ететін қаржы түрінде аккредитивтің рөлі мен
маңызы артуда.
Халақаралық ауқымда, ел ішінде де аккредитивті шығару және айналымға
енгізу халықаралық сауда палатасының унификацияланған ережелерімен
реттелінеді.
Қамтамасыздық критериялары бойынша аккредитивтердің үш түрі
болады: 1)
кері шақырылатын; 2) расталмаған, кері шақырылмайтын; 3)
расталыған кері шақырылмайтын.
Достарыңызбен бөлісу: