82
1920 жылдардың бас кезіндегі Жетісу, Сырдария экспедицияларының
іс-тәжірибесінен кейін ғана барып жасалған. Мұндай бағдарламаны
жасауда Ә.Диваев елеулі еңбек етті. Ол экспедицияға қатысушы
адамдарға арнайы нұсқау беріп, қазақтың ауыз әдебиетінің Қазан
төңкерісіне дейінгі және Кеңес дәуіріндегі барлық жанрларын жинау
жөнінде іскер басшылық жасады. Сондықтан да жинаушылар
қазақтың халық поэзиясының ұсақ жанрларына дейін хатқа түсіріп
отырды. Кейін, Ә.Диваев Сырдария,
Жетісу экспедицияларының
материалын жүйе-жүйеге бөліп, саралаған кезде: «...1) мақалдар мен
мәтелдер, жорамалдар мен жұмбақтар; 2) әдет-ғұрып, махаббат
өлеңдері мен бесік жырлары, жоқтау өлеңдер; 3) ертегілер, мысалдар,
перілер жөніндегі әңгімелер, ескі нанымдар, арбаулар; 4)
халық
медицинасы, бақсылар, көз байлаушылар, арбаушылар, олардың жын
шақыру белгілері т.б.; 5) қазақ пен қырғыздың шығуы жайындағы
тарихи материалдар, үлкен орданың пайда болуы, тұрғын мекені атап
көрсетілген қазақ рулары жөніндегі кесте (шежіре); 6) батырлар
жыры, аңыздар, аңыз әңгімелер; 7) үйленумен байланысты көңілді
жайда айтылатын салт, жора өлеңдері,
өлген адамды жерлеумен
байланысты салт, жырлар, ас т.б. жазып алынғандығын атап көрсетті.
Осыдан кейін ауыз әдебиетінің жиналуға тиісті материалдарының
тақырыбы кеңейе береді. Эпос, мақал-мәтел, ертегілер жер-жерден
көп жазылып алынады. Дегенмен алғашқы кезде жинаушылардың
кейбіреулері Г.Н.Потанин сияқты 1917 жылғы төңкеріске дейінгі
түркітанушылардың жазған жобасы мен бағдарламасына ғана
сүйенеді. Онда ауыз әдебиетінің тәуір деген үлгілерін сұрыптау,
жинау жайы көрсетілмеген болатын.
Ә.Диваев жинаған материалдардан
экспедицияға қатысқан
адамдарды ақындар шеберлігін зерттеу ісіне жұмылдырғанын анық
көруге болады. Ә.Диваевтың фольклор материалдарын жинау
жұмысындағы негізгі мақсаты «Қазақтың жанды бейнесін барлық
жағынан көрсетуге» ұмтылу болатын.
Мәселен, экспедиция кезінде А.В. Затаевич жазып алған
«Қобыланды», «Ақ қайың», «Дударай», «Көрұғлы», «Шалқар көл»
сияқты өлеңдердің ішінде неше түрлі атаулар келтірілген:
«... гүлдер,
Достарыңызбен бөлісу: