Төйте тәуіптің моласы – Сілеті бойында, Ешкі өлместен жиырма
бес шақырымдай төмен, жебеге Ақылтау ұрпағының қотанында: бас
жағына-қараған, аяқ жағына тікен шыққан. Моласын өзі тірі
күнінде ағаштан қиытып жасатқан екен дейді. Басына түнеп
балалы болғандар көп дейді. Ақыл шөбересі, Асаубай немересі, Бәзіл
қажы баласы Бөпкен сөйлейді»,- делінген [99].
Мұнда айтушы аузынан әңгіменің қағазға түсуіне қатысты
аталған адамның қай жерде жерленгеніне, тіпті моласының
суреттелуіне де М.Ж.Көпеевтің ерекше мән бергенін көреміз.
Сілтемеде әңгімені ақынға жеткізушінің аты-жөні ғана берілмей, оның
әкесінің де, атасының да, одан да үлкен бабасының да аты-жөндері
қамтылған. Г.Н. Потанин, Ә.Диваев тәрізді зерттеушілер ел арасынан
ауыз әдебиеті мен фольклорлық үлгілерді жинағанда жеткізушінің
аты-жөні, нұсқаның қай жерде жазылғаны, тіпті қай мезгілде хатқа
түскенін т.б. қамтитын жалпы жинаушылық талаптарды орындаған.
Г.Н.Потаниннің фольклорды жинауға ынтасы Омбы кадет
корпусында оқып жүрген (1845-1852 ж.) кезде туған. Оның үстіне
Шоқан Уәлихановпен дос болып, бірге жүріп, бірге өсуі
Г.Н.Потаниннің жинаушылығына игі әсер етті. Г.Н.Потаниннің
фольклорды жинаудың негізгі үлгісі- экспедициялық тәсіл екені
мәлім. Сонымен қатар Г.Н.Потанин фольклорды тұрғылықты тәсіл
арқылы да жинаған [100].
Г.Н.Потанин жинаушылығының басты мақсаты- ол түркі-монғол
халықтарының аңыз-әңгімелері, ертегілерінің т.б. әлемдік мәдениеттің
дамуына игі әсері өлшеусіз, маңызды екенін таныту болатын. Бұл
мақсатқа жетуде барлық фольклорды бір адамның жинауы мүмкін
еместігін ескере отырып, тұрғылықты тәсіл арқылы әр жердің оқыған
қазақтардың өздерін фольклорды жинау қызметіне тартуды
ойластырған. Бұған жер-жердегі энтузиаст адамдардың да, тұрақты
хабаршы-тілшілердің де көмегі болды. Мәселен, Ш.Уәлихановтың
ауылы Сырымбет жерінен Бейсемби атты айтушыдан «Есек қырған
жұлдызы», «Адам білмес тас», «Әлекей ұлы Әлеуке батыр», «Әлеуке
батыр және оның баласы Орақ» т.б. ертегілер мәтінін алған [100, 299,
314, 318, 324
б.
]. Сол кезде Баянауыл елді-мекенінің аға сұлтаны
болып тұрған Мұса Шорманов та Г.Н.Потанинге фольклорлық
үлгілерді жинастыруға көмек берумен қатар, өзі де жинастырғаны
турасында дерек белгілі ғалым С.А.Қасқабасов түсініктемесінде бар:
«Сказка ( «Вечная вода»- Н.Ж.) обнаружена среди материалов и
документов Г.Н.Потанина в архиве НБТГУ, д.21, 1. 105 за подписью
Мусы Чорманова, который записывал образцы фольклора и передовал
их Ч.Валиханову, Г.Потанину и А.К.Гейнсу»,- делінген [100, 317
б.
].
61
Сондай-ақ ғалым К.В.Урасов та «Сүлеймен пайғамбар» нұсқасын
Көкшетау жерінен жазып алып, Г.Н.Потанинге тапсырғаны турасында
дерек бар [100, 330
б
]. Сонымен қатар біраз ертегілерді Г.Н.Потанин
өзінің Ақмола жеріндегі тілшісі А.М.Головачевтан алған. Мәселен,
«Асан Қайғы» нұсқасын 1900 жылы қазан айында Ақмола жеріне
қарасты Нұра болысының биі 49 жастағы (Бужин) Өтеуден
А.М.Головачев аудармашы Ілияс Итжанов арқылы қағазға түсіріп,
Г.Н.Потанинге тапсырған [100, 307
б.
].
Г.Н.Потанинге фольклорды жинастыруға жергілікті жердің көзі
ашық азаматтары: Нұрсейіт, Абе (Сырымбет тұрғыны), Жақып
Уәлиханов, Жанмұхамед Уәлихановтар да т.б. көмектескен [100].
Міне, бұлар Г.Н.Потанинге фольклорлық мәтіндерді тұрғылықты
жерінен үздіксіз жинап беріп отырған. Демек фольклорды тілшілер
арқылы жинау барысында Г.Н.Потанин тұрғылықты тәсілді
қолданғаны анықталады.
Ал, фольклорды жинаудың тұрғылықты тәсілі неғұрлым өнімді
жеміс беруі үшін, Г.Н. Потанин өзінің жоба-нұсқаларын баспа бетінде
жариялайды. Бірі- 1880 жылы басылса [101], ал екіншісі 1888 жылы
жарияланғаны мәлім [102]. Бұл жоба-нұсқаларда фольклорды
жинаушылардан жалпы аңыздар мен ертегілерге баса назар аудару
қажеттігі, ондағы халықтық дүниетанымның әлем жаратылысына,
космосқа, атмосфералық құбылыстарға т.б. көзқарасын анықтауға
барынша күш салу керектігі сөз болады. Сонымен қатар қандай нақты
қоғамдық- тұрмыстық, тарихи тақырыптарды жинастыру қажеттігі
ескертілген. Сөйтіп, екі жоба да, негізінен, мифологиялық пен
тарихи-этнографиялық материалдарды іздестіруге арналған.
Тұрғылықты жинау тәсілінің мүмкіндігі кең: біріншіден, фольклор
үлгілері жергілікті елдің азаматы арқасында жиналғанда, оған деген
халықтың сенімі мол болуы- жұмыстың қарымды жүруіне игі ықпал
жасайды. Әсіресе фольклордың ұсақ жанрлары: мақал-мәтел,
жаңылтпаш пен жұмбақтарды қағазға түсіру бір күннің ішінде емес,
ұзақ уақыттар бойы халықпен араласа отырып жиналады. Мұндай
жағдайда тұрғылықты жинаушының мүмкіндігі мол, мәтінді асықпай,
үздіксіз қағазға түсіреді.
Екіншіден, жинаушы айтушыдан оның сүйікті орындайтын
нұсқаларын сұрастырады. Үлгіні айту басталысымен-ақ жинаушы
бірден нұсқаны есту арқылы тікелей сөзбе-сөз қағазға түсіреді.
Осылай сөз артынан сөз, мәтін соңынан мәтіндерді т.б. бірінен соң
бірін асықпай қағазға түсіру жемісті болады. Себебі бір мезгілде, бір
әңгіме барысында барлық фольклорлық нұсқаларды қатар қағаз бетіне
түсіру мүмкін емес. Сол себепті айтушының жағдайын есепке ала
62
отырып, оның келесі бір қолы бос мезгілінде қағазға түсіру жұмысы
жалғастырылады. Ғалым Ф.М. Селивановтың пікірінше, жергілікті
халыққа құрмет көрсету, тіпті орындаушының жұмысына,
тәжірибесіне, жасы мен біліміне ілтипатпен қарау т.б.- бәрі
жинаушылық қызметтің табысты болуының аса қажет кепілі болады
[103].
Жинау барысында жергілікті азаматтардың түрлі жазбалары,
жинақтары да т.б. кездеседі. Онда ондаған жылдар бойы жинақталған
мақал-мәтелдер шоғыры, тұрмыс-салт жырларының үлгілері
кездеседі. Мұндай жағдайда әр жазбаның , не жинақтың т.б. иесіне
ерекше құрмет көрсетіледі. Жинаушы оның ішіндегі мазмұнымен зер
салып танысады. Егер де қажет болған жағдайда иесінен рұқсат алып,
шығарманың көшірмесін алады. Көшіргенде де мәтіндерді сөзбе-сөз,
өзгеріске т.б. түсірмей қағазға түсірумен бірге, жинаушы мен
қолжазба иесі арасындағы әңгіме барысында алынған көшірменің
өзіне тән паспорттық деректерін бірге береді.
Жалпы жинаушыларға қойылатын талаптар ішінде ерекше
маңыздысы – ол фольклорлық шығарманың паспортын толтыру.
Фольклордың
әр
орындаушысына
паспорт
толтырылғанда,
төмендегідей ақпарат көзі қамтылады: а) тегі, аты, әкесінің аты; ә)
туған жылы; б) туған жері; в) әлеуметтік жағдайы; г) мамандағы; д)
сауаттылығы; ж) әңгіме айтылған орынға қоныстанбас бұрын қай
елді-мекендерде, қанша уақыт болғаны; з) жинаушылар тарапынан
қарастырылатын елді- мекенде қай уақыттан бері тұратыны - мұның
бәрі тұрғылықты жинау кезінде орындалып отырылған. Сонымен
бірге, біріншіден, ата тегінде өзі тәрізді орындаушылар болды ма;
екіншіден, қазірде де өзінен басқа жанұяда орындаушылар бар ма;
үшіншіден, бұл айту өнерін кімнен үйренді; төртіншіден,
фольклордың қай жанрларын өзі тудырады, әрі орындайды;
бесіншіден, орындаушылықтың қай түрін менгерген; алтыншыдан,
қандай аспап көмегімен сүйемелдейді; жетіншіден, қағаз бетіне мәтін
қай елді-мекенде түсіріледі; сегізіншіден, қағазға түсу уақыты;
тоғызыншыдан, жинаушының аты-жөні көрсетіледі. Ғылым шарты
осы еді, бірақ ХХ ғасыр басында мұның бәрі істелген жоқ.
Тұрғылықты жинау барысында, нұсқаны қағазға түсіргеннен кейін,
алдымен соны орындаушыға қайта бір оқып беріп, сонан соң
бастапқы айтушының ескертпелері, толықтырулары енгізіледі. Демек
белгілі бір өзгерістер туса, оларды енгізгенде, соңынан соның өзін,
ескерткен түсініктемесін де бірге береді. Бұл жұмыстардың бәрін сол
елді-мекеннің өзінде жасалады. Себебі қағазға түсіру барысында
түсінбеген, не белгісізді анықтау, не тексеру, не қайталау қажеттігі
63
туса, алысқа бармай-ақ сол жерде анықтауға, қажет өзгерістерді
жасауға мүмкіндік болуы – бұл тұрғылықты жинау тәсілінің
артықшылығы.
Жалпы мақал мен мәтелдерді тұрғылықты тәсіл арқылы жинау
мен қағазға түсірудің дәстүрлі екі әдісін кезінде белгілі орыс ғалымы
М.А.Рыбникова көрсетіп кеткен [104]. Біріншісі, ол- мақал-мәтелді
жинауға аттанбас бұрын, алдымен өзі үйден бірнеше мәтіндерді
қағазға түсіріп алуы қажеттігі. Содан кейін ғана жергілікті жердің
орындаушыларын тауып, үйден әкелген мәтіндерді асықпай, баяу,
түсініктемесімен бірге т.б. оқу керектігі. Сонда ғана барып әр
орындаушы соған қатысты өз пікірін қосады, ал туған
сәйкессіздіктерді жинаушы сол орындаушыныкі деп тіркеп отырады.
Екінші әдіс, ол- жергілікті жердегі мақал-мәтелдің білгіріне
жинаушының өзінің қағазға түсіргендерімен таныстыра отырып, одан
осылайша өздігінен білетін мақал-мәтелдерді қағазға түсіруін өтінеді.
Міне, бұл жағдайда жинаушы орындаушының өзін де жұмысқа
тартады. Сонымен бірге жиналған мақал-мәтелдермен қатар, олардың
тарихи, әрі тұрмыстық түсіндірмелерін де, қоғамдық мағынасын да
бірге береді.
Фольклорды жинаудың үш тәсілі ажыратылады: бірі –
тұрғылықты, ал, екіншісі – экспедициялық, үшіншісі – тікелей (жеке
адамның өзі тікелей жазып алуы). Жинаушылық қызметтің
тұрғылықты әдісін, әдетте жинаушы ұзақ уақыт бойы бір елді-мекенде
орналасқанда, не өзінің тұрғылықты жерінен жинау жұмыстарын
жүргізгенде қолданады. Міне, мұндай жағдайда жинаушы мәтінді
ұқыпты түрде қағазға түсіреді, егер де үлгіде сөздік өзгерістер болса,
оны белгілеп отырады. Әдетте, тұрғылықты жұмыс ұзақ уақыт бойы
мұқият жүргізіледі. Ал, бұл өз кезегінде фольклортанушыларға
мәтіндердің өмір сүру ерекшелігін жақсы, әрі дәл түсінуге, олардың өз
ішіндегі даму, өзгеру кезеңдерін т.б. жіті бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл жағдайда фольклорды жинаушы халық ортасынан шыққан өз
адамы, не туысқаны, не жерлесі т.б. болып саналады. Демек, мұндай
тәсіл-ғалымның фольклорлық құбылыстарға тереңірек кіруіне, оны
жан-жақты зерттеу жұмыстарын жүргізуге т.б. жағдай жасайтыны
сөзсіз. Халық шығармаларын түрлі жағдай, оқиға кезеңдерінде, ұзақ
уақыт бойында жүйелі түрде бақылау, өз кезегінде жинаушының сол
түрлі оқиғаларға не күәгер, не тікелей қатысушы ретінде т.б. естігенін,
көргенін қағазға неғұрлым дәл де, толық түсіруге мүмкіндік алады.
Ал, бұл өз кезегінде жинаушыға тек сондай кезеңдері ғана күтіп,
ынтасыздыққа ұрынбауды да талап етеді. Керісінше, тұрғылықты
әдісті қолдана отырып, зерттеуші белсенді іздестіру жұмыстарын
64
жүргізумен қатар, тыңғылықты бақылау, үздіксіз жинау жұмыстарын
да жүргізе білуі шарт.
1876 жылы Орынбордағы Неплюев кадет корпусын бітірген
Ә.Диваев Ташкент шаһарында әскери –халықтық Басқармаға
қызметке орналасады. 1884 жылы Сырдарияның генерал-губернаторы
Н.И.Гродековтың тұрғылықты жердің фольклорын жинай бастағаны,
және де бұл жұмысқа Ә.Диваевты тартқаны мәлім. Негізінен,
Ә.Диваев Сырдария, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Өзбекстан,
Қарақалпақстан төңірегін қоныстанған халықтардың фольклорын әрі
тыңғылықты, әрі ұзақ, әрі үздіксіз жинаған. Ә.Диваев өзінің қызмет
орны орналасқан Ташкент шаһарына жақын жерлердің, мәселен,
Сырдария өңірінің фольклорын үздіксіз тұрғылықты тәсіл арқылы
жинағаны белгілі. Бұлар «Сборник материалов для статистики Сыр-
Дарьинской области» атты жинақтың 1891-1897, 1902, 1904, 1905,
1907 жылдардағы басылымдарында жарық көрді. Мәселен, «Бөдене
мен түлкі» ертегісін Ә.Диваев Шымкент төңірегіндегі Арыс өлкесінің
тұрғыны Майлықожа Сұлтанқожаұлынан жазып алған [105]. Ал, «Үш
ауыз сөз» ертегісін Ә.Диваев 2 рет: бірін- Жүніс Тайшықовтан,
екіншісін- Мұса Базановтан қағазға түсірген [106]. Келесі «Тоғыз таз»
нұсқасын Ташкент уезіне қарасты Жетісу тұрғыны Атбай Жітібаевтан
жинаған [107]. «Жиренше туралы» үш түрлі үлгіні 1920 жылғы 5
қыркүйекте Ақмамбет Тоқжаев Сырдария облысының Ақмешіт уезіне
қарасты Кеңтүп елді-мекенінің тұрғыны Мүслім Қарақожаевтан
жазып алды. Осы тұста жинаушы Ә.Диваев тапсырмасын
орындағанын ескертеді [108]. Демек, Ә.Диваев фольклорды
тұрғылықты тәсілмен жинау барысында Ақмамбет Тоқжаев тәрізді
тілшілердің де көмегіне сүйенген.
Ә.Диваевтың, әсіресе, Сырдария өңірінен жылда-жылда халықтық
шығармаларды қағазға түсіріп, сол кездегі арнаулы ғылыми жинақ
«Сборник материалов для статистики Сыр-Дарьинской области»
беттерінде басуы- біріншіден, тұрғылықты тәсілдің артықшылығы
нәтижесінде фольклорды жинау жұмыстарының үздіксіз жүргізілуін
қамтамасыз етсе; екіншіден, жиналатын үлгілердің асықпай қағазға
түсуіне мол мүмкіндік берген. Үшіншіден, үзіліссіз жинау арқасында
сол өңірдегі бай фольклор нұсқаларының барынша көп жиналуына
жағдай жасаған. Міне, осы тұрғылықты жинау тәсілі арқылы Ә.Диваев
халықтық поэзияның барлық элементтерін кең қамти білген. Олардың
ішінде: эпос, ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар, тұрмыс-
салт жырлары мен айтыс үлгілері т.б. бар. Бұларды жинау барысында
Ә.Диваев айтушының аты-жөнін, тұратын елді-мекенін т.б.
көрсетумен қатар, өз түсініктемелерін де бірге беріп отырған. Сондай-
65
ақ тұрғылықты жинау барысында Ә.Диваев шығармаларды тек
ауызба-ауыз әдісімен ғана қағазға түсірумен шектелмеген, сонымен
қатар қолжазбалар күйінде де, ол мүмкін болмағанда қолжазбадан
көшіру әдісі негізінде де жинастырған. Бәрінде дерлік мәтін паспорты
сақталған. Ал, халықтық шығарманың мәтінін неғұрлым дәл беру
үшін ғалым Н.С.Смирнова пікірінше, Ә.Диваев олардың дәлділігін
тыңғылықты тексеріп отырған: «... В различных уездах Сыр-
Достарыңызбен бөлісу: |