Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет30/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

көбелек, қанаус, сәулем, қара шаш, еркек пен әйелдің аттары, құндыз 
бөрік, қызыл көйлек, 25 жас, аға, жылқы аттары, ақсақ құлан, 
құлын, шоқырақтап шабу, атты шідерлейтін жіп, аң аулау, соқыр, 
жоқтау, соқырдың жылауы, Орал өзені, Ащы көл және тағы басқа 
да жер-су аттары, жалпы мәжіліс, ұлықтар мәжілісі, жеңіс сыры, 
халық батырлары, атақты әншілер, күн мен ай, құстар т.б.» [139]. 
Бұған қарағанда А.Затаевичтің жазып алған өлеңдерінен халық 


83 
өмірінің әр алуан жағы байқалады. Мұндай жағдай Жетісу, Сырдария 
экспедицияларының материалдарынан да көрінеді. Онда: «Тазша 
жөнінде», Алдар көсе жайында ертегілер, «Алпамыс», «Қамбар», 
«Тарғын», жырлары, 1916 жылы туған өлеңдер, большевиктерді
мадақтайтын революциялық өлең-жырлар бар. 
Осы экспедицияға қатысқан адамдардың ақындар репертуарларын 
біліп алуы игілікті істің бірі болды. Мәселен, Жетісу экспедициясы
алғаш рет Кенен Әзірбаевтың өлеңдерін, Сүйімбайдың, Сарбастың, 
Бақтыбайдың, Қуандықтың өлеңдері мен айтыстарын жазып алды. 
Сол сияқты Сырдария экспедициясы Мәделіқожа мен Майлықожаның 
өлеңдерін де жинап қайтты. 
Жалпы 
ауыз 
әдебиеті 
мен 
фольклорлық 
нұсқаларды 
жинаушылардың көпшілігі ұстанған дәстүрдің бірі- экспедициялық 
тәсіл екені белгілі. Бұл экспедиция сапарларында В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин, Ә.Диваев сынды ғалымдар көптеген халық ауыз 
әдебиетін жинайтын тілшілер мен өз елінің мәдениеті мен 
фольклорына жанашыр көзқараспен қарайтын энтузиаст адамдардың 
да көмегіне сүйеніп отырғаны мәлім. Және де фольклорист - 
ғалымдар қолданған мұндай тәсіл фольклорлық үлгілердің жанр 
жағынан жан-жақты жиналуына негіз болды. 
В.В.Радлов, 
Г.Н.Потанин 
тәрізді 
фольклорист-ғалымдар 
фольклорлық үлгіні жинағанда, жанрдың көнелілігіне баса назар 
аударып, көмекшілеріне, көбінесе сол жағын көп тапсырғаны 
байқалады. Онысы дұрыс та, әдетте бір ел өкілі екінші бір халықтың 
тарихын, әдет-ғұрпын т.б. білгісі келсе, ең алдымен оның 
фольклорын, яғни әсіресе көне жанр түрі- аңыздарына зейін салатыны 
мәлім. Сол арқылы бүкіл халықтың түсінігін, арман-ойын, салт-
ғұрпын, мәдениетін т.б. түсінеді. Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев
болса, 
халыққа сол кезеңде «не керек» дегендерді ара-жігін ашпай жинай 
берген. Яғни елінің тарихы, әдет-ғұрпы, халықтың мінез 
ерекшеліктері, тұрмыс-салты т.б. - бәрі қажет боларын сезініп, 
неғұрлым ауқымды жұмыстар атқарған. Сонымен жинаушылықтың 
негізгі 
мақсаты 
халыққа 
«не 
пайдалы» 
деген 
тұрғыдан 
жүргізілгендіктен де, басқа дамыған елдер қатарында өмір сүру үшін 
қазаққа не қажет, өскелең ұрпақты қалай тәрбиелеген жөн, ол үшін 
қандай үлгі-өнеге боларлық іс-әрекет қолдану керек, сондай-ақ 
тарихтың қай кезеңдері: үлгілі билер мен айбарлы хандар заманы ма, 
әлде аты аңызға айналған Асан қайғы мен Жиренше шешен тәрізді 
бабалар дәуірі ме, қайсысында кейінгілер тағылым аларлық қаншалық 
мән жатқандығы,- бәрі Ә.Диваев пен М.Ж.Көпеевті қызықтырған. 


84 
Ә.Диваев пен М.Ж.Көпеевтің фольклорды экспедициялық жинау 
тәсілі үш әдіске сүйенген: а) ауызша айтылғанды сөзбе-сөз, немесе 
тыңдау негізінде хатқа түсіру; ә) ел ішіндегі қолжазбалардан көшіру; 
б) ертеректе шыққан кітаптардан көшіріп алу. М.Ж.Көпеев
жинаған 
фольклорлық үлгілерді фольклорист-ғалым Ә.Диваев экспедициясы 
да пайдаланған тәрізді. Себебі Мәшһүр-Жүсіп қолжазбалары 
арасында "Еңсегей бойлы ер Қасым" атты ертегі /шамасы "Ер Есім"
болар-Н.Ж./ 1062-папкада сақталғаны белгілі. Онда жоғарыдағы 
ертегімен қоса бірнеше фольклорлық үлгі тағы бар. Оларды "1920-
1921 жылдар арасыда Ә.Диваев жинаған",- делінген дерек те бар. 
Қолтаңба араб жазуы үлгісінде күнделік іспетті папканың сыртқы 
мұқабасында жазылған. Ал, сол Ә.Диваев жинаған деген папканың 
ішкі жағында, соңына қарай мынадай ескертпе берілген: "Атақты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет