66
сия, не қызыл қарындашпен сызылып отырылған. Беттер ішінде
келетін ескертулерді жинаушы әр түрлі сия күшімен беруге тырысқан.
Қолжазбалардағы беттердің
өзі басынан аяғына шейін, яғни оңнан
солға қарай араб цифрларымен нөмірленген. Тіпті көшіп-қонуда
болсын, қолжазба беттері араласқан жағдайда, әрбір бетті табуы оңай
болуы үшін, соңынан келесі бетте басталатын сөзді жеке шетке қарай
жазып қалдырып отырған. Мұндай қолжазба жазу әдісі бүкіл шығысқа
тән. Кезінде ортағасырлық жазба ескерткіштеріне де тән болатын. Бұл
М.Ж.Көпеевтің орта ғасырда жазылған мұраларды көп оқығандығын,
солардың қолжазба жазу әдісін кеңінен меңгергендігін танытады.
Тіпті, сол кезде баспадан шыққан кітаптарда да солай болған.
М.Ж.Көпеевтің
өзіндік жазу ерекшелігі де жоқ емес. Мәселен,
қара сөзге қарағанда өлең жолдарды жазу барысында, бет үнемдеу
үшін өлең жолдарды бір беттің өзінде-ақ 2 қатарға бөліп жазу үлгісі
жиі кездеседі. Қолжазбалар арабша, ескі қадим жазуында берілген.
Бұл жазудың қиындығы неде дегенде, жазу барысында сөз басындағы,
сөз
аяғындағы
дауысты
дыбыстар
сақталғанмен,
сөз
ортасындағылардың, көбінесе көрсетілмеуінде дер едік.
Осы орайда
араб жазуында дауысты дыбыстары көрсетілмеген жағдайда,
төбесінде көрсетілетін қосымша белгілердің де, яғни харакеттердің
қойылу арқылы ол дауысты дыбысты анықтау мүмкіндігі туатын. Ал,
бұл белгілер әдетте қолмен жазылған қолжазбаларда көрсетілмейді.
Осы орайда қолжазбалардың қадим жазуын жетік меңгерген өз
замандастарына арналып жазылғанын да ескеру керек. Мәселен, бір
«Мұхаммед» деген
сөзді жазуда дауыссыз әріптің, яғни «М», «Х»,
«М», «Д» дыбыстарының көмегімен беріп отырған. Мұндағы дауысты
дыбыстар жазылуда түсіп қалса да, оқыған кезде толық айтылып
отырған.
М.Ж.Көпеев
қолжазбалары ішінде тұрғылықты тәсіл арқылы
жиналған шағын бір беттік әңгімелерден бастап,
көлемді эпостық
шығармалар да кездеседі. Мәселен, шағын ғана «Төйте тәуіп»
әңгімесінің өзінде-ақ, сол жердің не себептен «әулиелі Аккөл»
атануын т.б. жәйіттерді М.Ж.Көпеев
былай деп жазған:
«Бұл
Достарыңызбен бөлісу: