85
Сократ Хакім т.б. сияқты ғалымдар жазған ғылыми кітаптарын оқып
көріп, еңбектерімен
білімін көтергенін, Иран ғалымдары мен
шайырларының, Сағди жазған кітаптарын оқығанын айта кетеді. Және
де М.Ж.Көпеевтің
Абулғазы Баһадур хан жазған шежіресімен де,
шағатай, түркі тіліндегі әдебиеттермен де, Науаи, Фердауси т.б.
кітаптарымен де танысқаны жөнінде мәлімет берген.
Жолмұрат жазбасында М.Ж.Көпеевтің сол сапарында Ташкентте
шығатын газеттерге өлең-мақала т.б. сөздер беріп тұрғаны айтылады.
Ал, ол кезеңде газетке сөз беруді күнә, ағаттық деп санаушылар да аз
болмаған. Сол себепті өзімен замандас бірге оқитын Молдағали
Күзембайұлымен
сөзге
келісіп,
айтысқаны
да
баяндалған.
М.Ж.Көпеевтің Бұхар, Ташкенттен қайтар сапарында Сырдария
өңірінің
халқын,
жерін,
суын
аралағанын,
атақты
ақын
Майлықожамен жолыққанын, жеті атасына
дейін тұқымынан ақындық
үзілмеген дуана қожа Көшек, Күдері қожа тұқымдарымен де
танысқанын т.б.- бәрін М.Ж.Көпеевтің өз жазбаларынан да, жиені
Жолмұрат жазбасынан да тануға болады.
М.Ж.Көпеевтің өз өмірінде Бұхар, Ташкент, Түркістанға 3 рет
сапар жасағаны мәлім. Бірі- біз айтып кеткен 29 жасар кезі болса
/1887 ж./, екіншісі 37 жасар кезі де /1895 ж./, үшіншісі- 49 жасында,
яғни 1907 жылы. М.Ж.Көпеев
осы сапарларын
өзі де өлеңге қосып
жазып кеткен. Бұл сапарларында М.Ж.Көпеев
тек білім-ғылым жолын
ғана қумай, сондай-ақ халық аузынан не бір аңыз-әңгімелерді,
тұрмыс-салт жырларын, билер мен хандар сөздерін, ертегілер мен
жырларды, ақындар айтысы мен өлеңдерін, тарихи оқиғаларды т.б.
бәрін хатқа тізбектеп түсіріп отырған. Және де ол сапарларында
кімдермен кезіккенін,
кімдермен дәмдес, табақтас болғанын, кімнен
не жазып алғанын т.б. көрсетіп отырғаны,- бәрі фольклор тарихы
үшін мәнді.
Солтүстік
пен
Бұхар,
Ташкент
барған
сапарларында
М.Ж.Көпеевтің белгілі адамдармен: Жәңгір төре, Саққұлақ шешен,
Сыздық төре,
Ақан сері, Көшек қожа мен Күдері қожа тұқымдары,
Абылай хан тұқымдары, Мәделі қожа т.б. кездескенін ақын
жазбаларынан көреміз. Демек М.Ж.Көпеев
жазбасында кездесетін
Абылайға, Кенесары мен Наурызбайға қатысты аңыз-әңгімелерді
Сыздық төре Кенесарыұлы мен Абылай хан тұқымдарынан алуы
мүмкін деуге болады. Ал, шежіре, Бөгенбай т.б.
батырлар
төңірегіндегі мәліметтерді Саққұлақ шешеннен, айтыс ақыны Күдері
қожаға қатыстыны оның тұқым-жұрағатынан, Ақан сері мен
Мәделіқожа т.б. өлеңдерін олардың өз аузынан жазып алуы мүмкін.
Әйтсе де, мұның біразы шындыққа жақынырақ болса, біразы сәйкес
86
келмеуі де ықтимал. Мәселен, М.Ж.Көпеев
жазып алған «Кенесары,
Наурызбай өлімі туралы» әңгімесі соңында мынадай дерек бар:
Достарыңызбен бөлісу: