Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет32/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

«Өлтіруге көзі қимай Тілеуғабыл Наурызбайды үш ай /тоқсан күн/ 
сақтапты. Ақырында Тілеуғабыл өзі бір жаққа кеткенде, жанкүйері 
өлген қырғыздар қоқиласып келіп, өлтіріп тастады дейді. 
«Наурызбайды өлтіргендер дәнемеге ұшыраған жоқ»,- десіп, мұны 
қырғыз жұртының өздерінің жиһан кезген, орыс қолына түсіп, жер 
аударылғандары айтысады. Болмаса, Кенесары, Наурызбай қырғызға 
түскенде мен туғаным жоқ» ,- делінген (әулеттік мұрағат). Міне, бұл 
дерек түсініктеме орнына жүрсе, әрі әңгіменің жазылынып алыну 
паспортына да сай келеді, тек материалды жеткізушінің нақты аты-
жөні көрсетілмеген. Ендеше жоғарыда келтірілгеннен, деректердің 
көпшілігін М.Ж.Көпеев
ел аралап жүріп, саяхат үстінде жинаған. Бұл 
саяхат кезінде М.Ж.Көпеевтің 
негізгі ұстанған жинаушылық тәсілі- 
әрине оның ауызша айтылған фольклорлық нұсқаларды тыңдау 
кезінде хатқа түсіру әдісі. Мәселен, «Жәуке би» әңгімесін кімнен және 
қайдан алғандығын М.Ж.Көпеев
алдымен ескертіп кетеді. Онда: 
«Қазақ жұртының Орта жүз Арғын тайпасынан Аққошқар Сайдалы 
атанған. Сол Аққошқар- кішкентай баласының сөзі»,- делінген. Бұдан 
біз жоғарыдағы әңгімені Арғын тайпасынан шыққан Аққошқар 
баласының ауызша айтуынан М.Ж.Көпеевтің
тікелей жинау тәсілі 
арқылы жазып алғандығын көреміз. М.Ж.Көпеевтің
бұл сілтемесінде: 
біріншіден: жеткізуші аты-жөні көрсетілген, оның Аққошқар баласы 
екені; екіншіден- оның Орта жүз Арғын тайпасынан шыққандығы
үшіншіден- айтушы аузынан шыққан әңгіме ауызша таралғандығы 
және оны өз кезінде Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің хатқа түсіргендігі т.б. 
Сөз болып отырған қаһарманның атасына, руына М.Ж.Көпеевтің
алдымен көңіл бөлуі тегін емес. Мәселен, отырықшы елдерде 
фольклор жеткізушінің аты-жөнін, тұрған жерін, ортасын көрсету т.б. 
алдымен керек болса, ал ХХ ғасыр басында тұрмыс-тіршілігі көшіп-
қонуға қатысты қазақ елінде жеткізушінің мекен еткен жерін 
көрсетуден гөрі, оның қай руға жататынын бірінші анықтау қажеттігі
туып отырғандығы анық. Өйткені көшкенде қазақ азаматтары өзін 
қоршаған руластарымен бірге белгілі мекендерді қоныстаған, 
жайлаған. Соған қарап ру аты белгілі болса, оның қашан, қай жерде 
мекендегенін де білуге болатыны мәлім. Демек, М.Ж.Көпеевтің
көшпелі, оның ішінде қазақ елінің өзіндік ұлттық сипатын танытатын 
дерек көздерін қолдануы, сақтауы- бәрі ғалым жинаушылығының 
өзіндік ерекшелігін көрсетеді. 
Кеңес өкіметі тұсындағы 1920-21 жылдардағы Сырдария, Жетісу 
экспедицияларынан кейін, 1935 жылы КСРО Ғылым академиясының 


87 
Қазақ филиалының Тіл-әдебиет бөлімі Қостанай экспедициясын 
ұйымдастырады. Мәселен, «Ахметбек-Жүсіпбек» қиссасы 1935 
жылғы Қостанай экспедициясы кезінде қағазға түскен. Қолжазбаны 
тапсырған экспедиция мүшесі В.Васильев. Қолжазба көлемі 3360 
жолдан тұрады. Сырты қызыл күрең қағазбен тысталған. Басқа дерек 
жоқ. Кім айтты, кім жинады, мәтін әрпі қандай т.б. деген тәрізді 
мәліметтер берілмеген [140].
1940 жылы Семей, Арал экспедицияларын да жоғарыдағы Тіл-
әдебиет бөлімі ұйымдастырады. Мәселен, «Құламерген қиссасын» 
1940 жылғы Семей экспедициясы кезінде Сакин Байырбекұлы
жинаған. Нұсқаны жырлаған Әбдірахман Ізбасұлы Бектасов. Нұсқа 
толық емес, араб әрпінде берілген [141]. Ал, «Қарабек батыр» жырын 
1940 жылғы Арал экспедициясы кезінде Марат Ахметов жыршы 
Бітімбай ақынның баласы Жаңабергеннен жазып алған. Бұл нұсқа да 
толық емес, латын әрпінде көк сиямен жазылған [142]. «Қисса қара 
қасқа атты Қамбар» атты жыр 1942 жылғы Арал экспедициясы кезінде 
қағазға түсті. Ұйымдастырған КСРО ҒА Қазақ филиалы, жинаушысы, 
әрі қолжазбаны тапсырған Асайын Хангелдіұлы. Шығарма толық, 
көбінесе жыр үлгісі, кейде қара сөзбен де баяндалады. Мәтінді 
көшірушісі ретінде –Қалқай молда есімі беріледі. Қолжазба 
көшірілген жері- Қазалы, Арал маңында. Қолжазба бір сызықты кеңсе 
қағазына араб әрпімен, көк сиямен жазылған [143].
1946 жылдың өзінде Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және 
әдебиет институты тарапынан Көкшетау-Ақмола, Қостанай, Семей, 
Ақтөбе, Қарақалпақ экспедициялары ұйымдастырылған. Мәселен, 
«Ермек батыр» жырын 1946 жылғы Көкшетау, Ақмола экспедициясы 
кезінде Қанқожаұлы Нұрқожаның қолжазбасынан С.Ғұлам көшірген. 
Экспедицияға қатысқан адамдардың аты-жөні аталмаған. Ақ қағазға 
қазіргі қазақ әрпімен, көк сиямен түсірілген. Қолжазба иесі 
Қанқожаұлы Нұрқожа бұл мәтінді 1935 жылы Көкшетау жерінде 
жазып алған [144]. 
«Жанқожа батыр мен Бабажан сарт» үлгісін 1946 жылғы Қостанай 
экспедициясы кезінде Шаңғытбаев Жөкейден алған. Мәтін дәптерге 
араб әрпімен, қара сиямен жазылған. Басқа дерек берілмеген [145]. 
Ал, «Мырза Сәтбек батыр» жыры 1946 жылғы Семей экспедициясы 
кезінде қағазға түскен. Үлгі араб әрпімен, дәптерге көк сиямен 
жазылған [146]. Мұнда да басқа ешбір дерек көрсетілмеген. Келесі 
«Есет батыр» жырын 1946 жылғы Ақтөбе экспедициясы кезінде Тіл 
және әдебиет институтының қызметкері Айнаш Шамшатова жазып 
алған. Мәтін дәптерге қазақ әрпімен, қара сиямен жазылған [147]. 
Одан 
әрі 
«Қызылкеніш» 
үлгісі 
1946 
жылғы 
Қарақалпақ 


88 
экспедициясының жетекшісі, филология ғылымының кандидаты 
Аралбаев Жұбаныш тарапынан жыршы Төлепов Жақсылықтан жазып 
алған. Жыр 1946 жылы Қарақалпақ АССР-інің Қоңырат ауданында 
жазып алынған. Мәтін сарғыш қағазға араб әрпімен, қара сиямен 
жазылған [148].
1947 жылы Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет 
институты Қостанай, Гурьев экспедицияларын ұйымдастырады. «Қыз
Жібектің өлеңі» мәтінін 1947 жылғы Қостанай экспедициясы кезінде 
Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкері Мариям 
Хакімжанова Қостанай облысының Қарабалық ауданы жыршысы 
Әлиакпар Досжановтан жазып алған. Қолжазба бір сызықты дәптерге 
араб әрпімен, қызыл сиямен түсірілген, толық емес [149]. Ал, 
«Ақбөбек» нұсқасын 1947 жылғы Гурьев экспедициясы кезінде Тіл 
білімі институтының қызметкері И.Ұйықбаев жинаған. Қолжазба 
жолсыз көк қағазға көкшіл сиямен, қазақ әрпімен жазылған [150].
«Көкше батыр» жыры келесі 1948 жылғы Маңғыстау 
экспедициясы кезінде қағазға түскен. Экспедицияны ұйымдастырған 
Әдебиет және тіл институты. Экспедицияға институттың сол кездегі 
қызметкері И.Ұйықбаев , Ж. Аралбаев қатысқан. Қолжазба араб 
әрпімен сарғыш қағазға түсірілген [151]. Жыршы Төлепов 
Жақсылықтан «Сам палуан» үлгісі 1949 жылғы Гурьев экспедициясы 
кезінде Аралбаев Жұбаныш жазып алған. Қолжазба ақ қағазға қазіргі 
әріппен, көк сиямен жазылған [152]. Демек Алматыдағы Орталық 
ғылыми кітапхананың қолжазба қорына әр кезде түрлі 
экспедициялардың жинаған фольклор үлгілері үзбей түсіп отырғаны 
анықталады. Және олардың қағазға түсу деңгейі де әр түрлі болған. 
Сонымен, ХХ ғасыр басында және кейін де қазақ фольклоры үш 
түрлі тәсілмен жиналған. Бірінші тәсіл- тікелей жинау тәсілі,
фольклор өмір сүретін ортада жинаушы мәтінді қағаз бетіне түсіру 
ісіне өзі тікелей араласады. Алғашқы кезде фольклорды жинау 
сырттай қарағанда стихиялы болып көрінеді, алайда, зерттеу 
барысында фольклордың мәтіндері жеке адамдардың (Г.Н.Потанин, 
Ә.Диваев, М.Ж.Көпеев, Х.Досмұхамедов т.б.) ғылыми мақсатпен 
жиналғаны байқалады. Мұны тікелей жазып алу тәсілімен тәжірибе 
жинақтай отырып, олар жинаудың амалдары мен тәсілдерін де 
жетілдіріп, ғылымға негіздей түскен. 
Екінші тәсіл- жер-жердегі арнайы тілшілер арқылы жинау. Яғни 
ғалым өзінің жер-жердегі сенімді хат жазысып тұратын адамдарының 
көмегіне сүйене отырып, сол жердің фольклорын жинастырады. 
Мұның ерекшелігі- тұрғылықты болуы. Тұрғылықты дегеніміз-
белгілі бір мекенде тұрып, фольклорды сол маңайдан үзіліссіз жинау. 


89 
Жинаушылық қызметтің тұрғылықты әдісін, әдетте жинаушы ұзақ 
уақыт бойы бір елді-мекенде орналасқанда, не өзінің тұрғылықты 
жерінен жинау жұмыстарын жүргізгенде қолданады. Міне, мұндай 
жағдайда жинаушы мәтінді ұқыпты түрде қағазға түсіреді. Егер де 
үлгіде сөздік өзгерістер болса, оны белгілеп отырады. 
Үшінші тәсіл- арнайы экспедициялар ұйымдастыру. Негізінен
1920-1950 жылдар аралығындағы экспедициялар Қазақ ССР Ғылым 
академиясының 
Тіл 
және 
әдебиет 
институты 
тарапынан 
ұйымдастырылған. Сөйтіп, фольклорды жинау ғылыми мәні бар іске 
айналып, оны жинауға бұрынғыдай бірлі-жарым адам емес, көпшілік 
болып ат салысты. Ұйымдастырылған экспедициялар түрлі елді-
мекендердегі фольклорлық мәтіндерді жинаумен ғана шектелмейді. 
Сондай-ақ сол елді-мекеннің халықтарының тілдік, диалектикалық 
ерекшеліктерімен бірге көне кітаптар мен қолжазбаларға да көңіл 
бөлу өсті. Кеңес өкіметі тұсындағы жиі қолданылып, дәстүрлі, 
жоспарлы істердің біріне айналды. Жинау жұмысының кең түрдегі 
бағдарламасын 1920 жылдардың бас кезіндегі Сырдария, Жетісу 
экспедицияларының іс-тәжірибесінен кейін ғана барып Ә.Диваев 
жасаған. Экспедициялар ұйымдастырылғанда, олардың құрамында әр 
түрлі маман иелері: жазушы, ғалым, өнер қайраткерлері, 
мұғалімдердің қатысуы да т.б. – бәрі де жинау жұмыстарына өзіндік 
ерекшеліктер қосқаны сөзсіз. Демек, ХХ ғасырдың алғашқа 
жартысында қазақтың ең бай мәдени мұрасы- фольклоры, негізінен,
осы үш тәсіл арқылы жиналып, қағаз бетіне түсті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет