2 Фольклорды жариялаудың шарттары мен түрлері.
2.1 ХІХ-ХХ ғасыр басында фольклорды жариялау ісі.
ХІХ ғасырдағы әр түрлі баспасөздердің негізгі мақсаттары:
білімнің әлі де болса аз зерттелген саласы- фольклортану ғылымына
материалдар жинап беру; әрі қазақтың төл мәдениетін сақтап қалуды
және оның орыс мәдениетімен байланысын нығайтуды көздеді. Бұл
туралы Ш.Ш.Уәлиханов, В.В.Радлов, Г.Н.Потанин сан рет жазған.
И.Н.Березиннің
«Түрік
хрестоматиясы»
(Спб.
1857-1876),
Ы.Алтынсариннің «Қырғыз хрестоматиясы» (Оренбург. 1879),
90
А.В.Васильевтің «Қырғыз халық поэзиясының үлгілері» (Оренбург.
1896) т.с.с. осы мақсатта жазылған. Е.А.Алекторовтың, Ә.Диваевтың ,
қазақтың халықтық поэзиясын жинаған және зерттеген басқа да
көптеген түркітанушылардың мақалаларында бұл мақсат айқын
аңғарылған. Солардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесінде орасан
көп әдеби мұралар жарияланды, бір жүйеге келтіріліп, оларға түсінік
берілді.
Н.Н.Ильминский,
В.В.Радлов,
И.Н.Березин,
П.М.Мелиоранский, А.В.Васильев, Н.Н. Пантусов, Ә.Диваев т.б. сол
уақыттың өзінде-ақ тілмаштардың аудармаларына қанағаттанбай,
халық поэзиясының үлгілерін қазақ тілінде жазып алып, қазақ тілінде
жариялаған [153].
ХІХ ғасырдағы халық поэзиясының материалдары мен
мақалалары Орыс археологиялық қоғамының Шығыс бөлімі, Қазан
университеті жанындағы Археология, тарих және этнография қоғамы,
Москва университетінің жанындағы жаратылыспен, антропологиямен
және
этнографиямен
әуестенушілер
қоғамы
мен
Ғылым
академиясының
қарауындағы
сериялық
баспалар
мен
журналдарының: «Археология, тарих және этнография... қоғамының
хабары»,
«Жаратылыс,
антропология
және
этнографиямен
әуестенушілер қоғамының хабаршысы», «Орыстың археологиялық
қоғамы Шығыс бөлімінің жазбашалары», «Этнографиялық шолу» т.б.
көптеген беттерінде жиі-жиі басылып тұратын. Бұлардың үлгісімен
жергілікті жерлерде: Ташкентте, Орынборда, Семейде, Алматы
қалаларында Орынбордың ғылыми архив комиссиясы мен
Түркістандық археология мен әуестенушілер үйірмесі сияқты ғылыми
үйірмелер мен қоғамдар және комиссиялар пайда болды. Орыс
географиялық қоғамының Семейлік, Орынборлық, Түркістандық және
Батыс-Сібірлік бөлімдері мен бөлімшелері едәуір жұмыс істеді.
Орталықта да, жергілікті жерлерде де қазақтың фольклоры
журналдар мен газет беттерінде үзбей жарияланып тұрды: «Вестник
Европы»,
«Русский
вестник»,
«Отечественные
записки»,
«Современник», «Русское богатство», «Киргизская степная газета»,
«Тургайская газета», «Оренбурский листок» және әр түрлі облыстық
ведомостылар т.б.
Баспада жарияланбаған фольклорлық және этнографиялық
материалдар сақтайтын мұрағаттар ашылды (Петербургте Азия
музейі, Петербургтің Орыс географиялық қоғамына қарасты
Қазандағы
Археология, тарих және
этнография
мұрағаты,
Орынбордағы ғылыми мұрағат комиссиясы). Жұмыс көлемі ұлғая
берді, сонымен қатар оның нәтижесі де жақсара түсті. Анда-санда бір
жалғыз-жарым жариялаудан белгілі бір жанр көлемде жариялауға
91
көшті. Бұлар- не қалың журналға енген «материалдар», сериялы
баспа, немесе іріктелген әр түрлі тексті немесе ғылыми түсінік беріп
бастырған арнаулы «жинақтар». Сондай-ақ алғашқы шыққан қазақтың
халық поэзиясы жинақтарының бірі- В.В.Радловтың «Оңтүстік Сібір
мен Жоңғар даласын мекендейтін түркі тілдес рулардың халықтық
әдебиет үлгілерінің» (СПб., 1870) үшінші томы. Одан кейін қазақтың
халық шығармашылығының белгілі бір саласын таныстыратын
жинақтар шыға бастады. Мәселен, А.В.Васильев үш жинақ шығарған:
ертегіге, мақал-мәтелге, жұмбаққа арналған. Сондай-ақ «Қырғыз
халқы ауыз әдебиетінің үлгілерін» (Орынбор, 1898) атауға болады.
Оған «Қырық құлақ», «Қарашаш сұлу», «Тазша бала» және «Алдар
көсе» жайындағы аңыздар, «Түлкі» туралы аңыздар енген. Ал,
Н.Н.Пантусовтың «Қазақ-қырғыз сөз ерекшеліктерін үйренуге керекті
материалдарында» (Қазан, 1899-1904) ертегі-аңыздардан басқа бата-
тілек («Астан соңғы бата») және мақалдар бар. Ертегі, аңыздардың
ішінде ақылдыны жеңген әйел туралы, Қарамерген жөнінде, ханды
тонаған айлакер ұры жайында ертегілер бар.
ХІХ ғасырдың соңындағы ерекшелік-жетістік: жеке бір жырдың
жеке кітап болуы да; әр жанрға жеке жинақ арналуы да. Сөйтіп
баспадан материалдың жиналу шамасына қарай жеке жинақтар және
тек қана бір салаға- көбінесе мақал мен ертегіге арналған сериялық
кітапшалар шығарылып тұрды. Бұл баспа орындар әр деңгейдегі
ғылыми аппаратпен қамтамасыз етілген. Жинақтарда шығарманың
қазақша мәтіні мен оның орысша аудармасына қоса мәтіннің орысша
фонетикалық транскрипциясы да жиі беріліп отырды.
ХІХ ғасырдың аяғында жинақталған материалдарды бір жүйеге
келтіру және қорыту қажеттілігінің артуы қазақтың халық
шығармашылығы бойынша алғашқы монографиялардың (Г.Н.
Потаниннің «Ортағасырлық Европа эпостарындағы шығыстық
сарындар»)
жариялануына
және
бірінші
библиографиялық
анықтамалардың
(справочниктердің)
шығуына
себеп
болды.
Библиографтар
бастамасының
ішіндегі
ең
қомақтысы-
А.Е.Алекторовтың «Қазақ туралы кітаптар және журнал, газет
мақалалары мен ескерткіштер көрсеткіші» (1900). Бұл «Көрсеткіш»
1862 жылдан бергі қазақ өміріне байланысты және қазақ халқының
этнографиясы,
мәдениеті,
оқу-ағарту
жағы,
халықтың
шығармашылығына байланысты баспадан шыққан әдебиеттерді
қамтиды. «Көрсеткіште», әсіресе, ХІХ ғасырдың 80-90 жылдарында
шыққан әдебиеттер толығырақ көрсетілген.
Ы.Алтынсарин жинаған материалдарының негізінде өлім шығару,
келін түсіру әдет-ғұрыптары жөнінде екі мақала жазды және 1870
92
жылдары өзінің жазып алғандарын «Қырғыз хрестоматиясына»
(Орынбор, 1879) енгізді. «Қырғыз хрестоматиясына» енген нұсқалар
қазақ халық поэзиясының барлық түрлерінен алынған. Мысалы, қиял-
ғажайып («Қара қылыш», «Алтын айдар») сықақ, салт ертегілер
(«Тазша бала», «Жиренше шешен»), жануарлар жайында және басқа
ертегі, аңыздар (Жәнібек, Байұлы, Ізбасты т.б.) «Қобыланды»
жырынан үзінді, мақал-мәтелдер т.б. бар.
Қазақ фольклорының В.В.Радлов жинап жариялаған шығармалары
халық ауыз әдебиетін зерттеушілерді қатты қызықтырды [154]. Батыс
Қазақстан қазақтарының тілімен таныстыру үшін В.В.Радлов өзінің
бұл жинағына Н.Н.Ильминский жазып алған «Ер Тарғын» мен «Ер
Сайын» жырларын енгізді. Ертегілер бөлімінде: «Жақсылық пен
жамандық жолдас болыпты», «Түс сатқан Тазша», «Үш ұл» және
басқа да белгілі қазақ ертегілері бар. В.В. Радлов жинағында қазақ
жырларына мол орын берілген. Оған ерлік- батырлық тұрмыс-
әлеуметтік және халық жасаған тарихи эпос шығармаларының
үлгілері кірген («Ер Тарғын», «Ер Көкше», «Қозы Көрпеш» және
басқалар).
Қазақ фольклорын жариялауда ХІХ ғасырдың соңында ерекше
орын алатын жинақ- Я.Лютштің «Киргизская хрестоматиясы» [155].
Хрестоматия түріндегі жинақ қазақ халық әдебиеті үлгілеріне
арналған. Жинақ ішіндегі фольклорлық мәтіндер Түркістан өңірінен
жиналған.
Жинақ
құрастырушысы-
Түркістан
Мұғалімдік
Семинариясының оқытушысы Я.Лютш. Жинақ Ташкент қаласындағы
О.В.Базилевскийдің жалға алған баспаханасынан 1883 жылы жарық
көрген [155,1
б.
]. Жинақ көлемі- 251 беттен тұрады. Мұндағы
фольклорлық мәтіндер кириллица әрпі негізінде қазақ тілінде
берілген. Жинақтың шығуына Түркістан Оқу басқармасы рұқсат
берген. Жинақтағы фольклорлық мәтіндерді кириллица әрпімен
берудегі мақсат- сол тұстағы орыс шығыстанушылары мен
түркітанушылары, әрі орысша оқыған қазақтар үшін қажет деп тапқан.
Ал, жинақты жариялаудағы мақсат жергілікті халыққа оқулық
жетіспеу себепті, сол олқылықтың орнын толтыру үшін жасалған іс-
шаралардың бірі болған. Жинаққа мәтін көзі ретінде фольклор
үлгілері алынған. Ендеше сол заманның өзінде де фольклорды түрлі
оқулық, хрестоматияларға т.с.с. дерек көзі ретінде пайдалану үлгісі
болған.
Жинақтың алғашқы беттері Ақмешіт қазақтарынан жиналған
мақалдарға арналған [155,3-12
б.
]. Мұндағы беттерде 273 мақал бар.
Әр мақал келесі бір мақалдан ажыратылуы үшін, өзара реттік
сандармен нөмірленген. Мәселен : «1) Адасқанның айыбы жоқ
|