235
да, жоқтау үлгілері де бірін-бірі қайталамайды. Мәселен,
А.Байтұрсынов еңбегінде тек қана 48 жолдан тұратын «Бөпе төренің
қарындасы күйеуі өлгенде жоқтағанын» ғана берсе, бұл М.Әуезов
кітабында кездескенмен, тілдік жағынан түрлі
өзгерістермен
ерекшеленеді. Бірінші нұсқада «азалы», «жүре бердім», «жайқалтып»,
«қанаты», «мөлтілдеген», «бауырың» т.б. сөздері М.Әуезовте
«ызалы», «жүре бер ойым», «жалпайтып», «күнәлі», «мөймілдеген»,
«баурайы» т.с.с. болып өзгертіліп берілген. Ал, М.Әуезов еңбегінде,
сондай-ақ Бұқар жырау, Нарманбет ақын шығарған жоқтау үлгілері де
бар. Ғалым Х.Досмұхамедұлы зерттеуінде Нысанбай жыраудың
Кенесары Қасымовты жоқтаған өлеңнен үзінділер берілген. Ал, оқу
құралында Бозжігітті Қарашаш сұлудың, Балғын қызды,
Тәті биді,
Едіге батырды, Махамбетті, Исатайды т.б. жоқтауларынан үзінділер
келтірілген. Демек 1941 жылғы оқу құралында ұлт-азаттық көтеріліс
өкілдері болып табылатын Кенесары, Наурызбай т.б. есімдерінің
аталуы, сөз жоқ, сол тұстағы кеңестік идеология әсерінің әлсірегенін
танытады.
Айтыс дегенде,
оқулық авторлары айтыс
жанрының өзгешелігіне, онда көтерілетін
әлеуметтік тақырыптың маңыздылығына ерекше тоқталып өтеді.
«Ертегілер» тарауында ертегі туралы жалпы түсінік беріледі.
Мынандай анықтамасы бар:
«Ертедегі адамның тәтті қиялынан
туып, халық аузында қара сөзбен айтылған, ауыз әдебиетінің бір
саласы»,- деп дұрыс көрсетілген [303, 35
б
.]. Мұнда «ертегі» деген
сөз
ескі заманда шығып, халық аузында салт болған әдебиеттің бір
түрі деп, әдебиеттану тұрғысынан қарастырылады. Ертегілер нақты
іштей жіктелмейді, дегенмен,
қазақ халқының ертегілерінде, әсіресе,
мал мен аң көрнекі орын алады, сондай-ақ халыққа көп тараған
тұрмыс-салт ертегілері де бар деген дұрыс пікірлер орын алған.
Дегенмен олардың әрқайсының анықтамалары берілмеген. Негізінен,
ертегілер, көбінесе мазмұн, тақырып жағынан талдауға түсіп отырған.
Ертегілердің образдары да қарастырылады: «Ер Төстік алып
бейнесінде суреттеледі. Ол қайратты, батыр, қорықпайды,
қандай
жаумен болса да алыса кетсе алып ұрады»,- деген тәрізді [303, 40
б
.].
Кітапта аңыздарға тіпті аз орын берілген. Тек олар туралы қысқаша
түсінік қана бар. Ал, кітаптың қомақты жері батырлар жыры, лиро-
эпос жырлары мен тарихи жырларға арналған. Эпостық жырларды
бұлай жіктеп қарастыру үлгісі бұған дейін болмағанын ескеруіміз
қажет.
Кітаптың бұл тарауларын белгілі ғалым Қ.Жұмалиев жазды.
Мұнда жалпы жырларға тән көп
нұсқалықтың себебі де дұрыс