Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет78/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

байланысты өлеңге» жатқызғаны белгілі. Ғалым С.Сейфуллин 
«ескілікті дін салтынан туған өлең-жырлар» деп қарастырса, ғалым 
Б.Кенжебаев «дін салт өлеңдері» деген, ғалым М.Сильченко «діни 
ұғымдарға байланысты салт өлеңдеріне» кірістірген. Ал, ғалым 
Б.Уақатов «халықтың ескілікті наным-сенімдерінен туған өлеңдер» 
деп жіктесе, С.Қасқабасов «діни нанымдарға байланысты 
жанрларға» жатқызған т.б. [301]. Жалпы айтқанда, жоғарыда аты 
аталған белгілі ғалымдар пікірлерін сараптай келе фольклортанушы
Б.Абылқасымов осы арада ғұрып фольклоры терминін енгізеді [300, 
11-15
б.
]. Және де Б.Абылқасымов бақсы ұғымы орнына
А.Байтұрсыновтың «жын шақыру», арбау орнына «құрт шақыру», 
бәдіктің орнына «дерт көшіру» тәрізді өзіндік терминдік атауларды 
қолданғанын да саралаған. Дегенмен бұлардың біразы қазіргі таңда 
ғылыми термин есебінде қолданыста болса да, біразы қазақ 
фольклортану ғылымы айналымында кездеспейді. Себебі, 
А.Байтұрсынұлы жалпы «ауыз әдебиетіне» қатысты ұғымдарды 
қолданғанда, олардың ғылыми терминдік қолданысын жете 
ойластырмаған т.б. тәрізді. 
Ал, жын шақыру ерекшелігіне келгенде: бақсының жын 
шақырғанда сарнап, өлеңше ұйқастырып, түрлі сөздер айтатынын
Алладан, әулиеден, аруақтан т.б. жәрдем тілейтінін, жындардың атын 
атайтынын, қобызымен серттесетінін т.б. ғалым алғашқылардың бірі 
болып дұрыс анықтаған [294, 257-258
б.
]. 
Құрт шақыруға берген анықтамасында, ғалым тісі ауырған 
адамның тісінен құртты түсіру үшін емшілер айтатын сөздері деп, 
мәтін көзі ретінде 25 жолдық жыр үлгісін берген [294, 259
б.
]. Әдетте 
кез-келген емшіліктің құдірет-күші, құпиясы т.б. атадан- балаға 
туыстық ізімен ғана берілетін мирас екенін ескерсек, мұндай сирек 
кездесетін мәтін үлгісінің қағаз бетіне түсіп, ғалым А. 
Байтұрсынов кітабына енуінің өзі бір жаңалық болды. 
Дерт көшіруге берген анықтамасында, ғалым оның малда болатын
бәдік деген аурудың, әрі адамда болатын күләпсан деген ауруды 
өлеңмен емдеу үлгісі деп дұрыс ажыратқан. Сондай-ақ, бәдік болған 
малды т.б. ортаға алып қоршайтын да, «Көш! Көш!»- деп өлең 
айтатын да қыз-бозбалалар т.б. екеніне көңіл бөлген [294, 259-260
б.
]. 
Ғалым А. Байтұрсынов қолданысындағы «ауыз әдебиеті» ұғымы 
– қазіргі таңда авторы сақталып, тек шығармалары бізге ауызша 
жеткен, негізінен, XV ғасыр мен ХІХ ғасыр арасындағы ақын- жырау 
шығармаларына қатысты қолданатыны белгілі. Ал, ол кездегі А. 
Байтұрсынов қолданысындағы бұл «ауыз әдебиеті» терминін қазіргі 


231 
фольклортану ғылымы қолданысындағы «фольклор» мағынасында 
берілген деп қабылдағанымыз жөн. Яғни, фольклорды- авторы 
белгісіз халық ауыз әдебиеті ұғымы деп қарастырамыз. 
Түйіп айтқанда, Ахмет Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» 
атты кітабы әдебиет қисынына арналғанымен, онда қазақ фольклоры 
алғаш рет оқулық көлемінде зерттеліп, сипатталды. Оқулықта қазақ
фольклорының эпос, ертегі, тұрмыс-салт жырлары т.б. тәрізді
жанрлары алғаш рет іштей жіктеліп, олардың өзіндік ерекшеліктері, 
анықтамалары бірге берілді. А. Байтұрсынов оқулықтағы
фольклорды тек мәтін ретінде ғана қолданбаған, сондай-ақ 
фольклорлық мәтінді өзінің тұжырымына, анықтамасына мысал 
ретінде алған. Ал, батырлар жырында кездесетін батырлар бейнесін 
талдауы, жырдың орындалуы, жыршының рөлі т.б. – мұның бәрі А. 
Байтұрсынов мән беріп зерттеген аспектілер. Қазақ фольклорын
оқулық көлемінде алғаш сипаттаған Ахмет Байтұрсыновтың 
«Әдебиет танытқышы»- қазақ фольклортану ғылымының дамуына 
өлшеусіз үлес қосты. 
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары белгілі ғалым М.Әуезовтің 
«Әдебиет тарихы» (1927 ж.) мен Х. Досмұхамедұлының «Қазақ халық 
әдебиеті. Қысқаша очерк» (1928 ж.) атты зерттеу еңбектері оқулық 
сипатында басылғанмен, негізінен, монографиялық еңбектің жүгін 
арқалаған себепті осы еңбегіміздің кейінгі тараушасында арнайы 
қарастырылады. 
Қазақ ауыз әдебиетін оқулық көлемінде зерттеп, сипаттау жөнінде 
1930 жылдары көп жұмыстар атқарылды. Бастауыш пен орта 
мектептерге арналған бірнеше оқулық, хрестоматиялар баспадан 
шықты. Мәселен, осы орайда белгілі ғалымдар М.Әуезов, 
Ә.Қоңыратбаев, 
Ө.Тұрманжанов, 
М.Қаратаев, 
Қ.Бекхожин, 
Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан т.б. жазған, құрастырған оқулықтар мен 
хрестоматияларды атаған жөн [302]. Әрине бұл оқулық атаулы қазақ 
фольклорының барлық жанрын қамтымайды, дегенмен сол кездің 
өзінде-ақ оқушыларға фольклор турасында біраз мағлұматтардың 
берілгені мәлім. Ал, оқулық жазу үшін дайын мәтін көздері қажет 
десек, ол кезде дайын мәтін көзі ретінде фольклорды пайдалану іске 
асқаны мәлім. Демек, ел арасынан фольклор үлгілерін жинау, баспа 
арқылы жариялау т.б. басты іс-шаралардың бірі болғаны анық. 
Мәселен, 1941 жылы қазақ ауыз әдебиеті туралы орта мектепке 
арналған оқу құралы басылды [303]. Бұл оқу құралын құрастырып 
баспадан шығарған белгілі ғалымдар Қ.Жұмалиев пен Ә.Марғұлан 
екені белгілі. Дегенмен оқу құралының «Ауыз әдебиеті туралы 
түсінік» бөлімін М.Бөжеев; «Еңбек кәсіп жайындағы өлең-жырлар»


232 
тақырыпшасын Б.Шалабаев; «Жар-жар», «Той бастар», «Айтыс 
жырлары», «Ертегінің композициясы мен тақырыбы», «Ертегінің 
композициясы мен стилі», «Ер Төстік», «Аяз би», «Құламерген», 
ертегілері, «Легендалар» туралы Б.Бисенбин; «Ауыз әдебиетіндегі 
отан қорғау және патриотизм туралы», «Батырлар жыры», «Лирико-
эпос жырлары» туралы Қ.Жұмалиев, ал қалғандарын Ә.Марғұлан 
жазған. 
Ауыз әдебиеті туралы берілген түсінікте, оның ерте заманда жазба 
әдебиет болмаған кезде туғандығы, фольклордың ауыз әдебиеті 
деген мағынада қолданатын ағылшын сөзі екені М.Бөжеев тарапынан 
айтылады. Одан әрі: «Ауыз әдебиеті дегеніміз- жаза-сыза білмейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет