Ќазаќстан республикасы білім жєне ѓылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет79/128
Дата16.01.2023
өлшемі2.24 Mb.
#468445
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128
7843df6090d11040ceaf282c5c2f9783

кезінде пайда болған халықтық көркем шығарма болады»- делінген 
анықтамасы да берілген [303,3 
б
.]. Міне, бұдан біз бұл оқулықта да 
фольклорды ауыз әдебиеті деп қарастырғанын көреміз. Және де бұған 
дейінгі А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Х.Досмұхамедұлы еңбектерінде 
ауыз әдебиетінің ғылыми анықтамасы берілмей келгенін ескерсек,
бұл сол тұстағы қазақ фольклортану ғылымының жеткен жетістігі 
болып саналады. 
Ал, фольклордың жазба әдебиет шыққаннан кейін де дами 
беретінін, кейін де халық арасында маңызын жоймайтынын, қоғамның 
даму сатысына қарай фольклордың да өзгеріп отыратынын дұрыс 
анықтаған М.Бөжеев пікірі, өзінің өміршеңдігімен де бағалы, өзінің 
құндылығын жойған жоқ. 
Халық ауыз әдебиетінің толып жатқан әдебиеттік түрлері бар дей 
отырып, М.Бөжеев оларды екі үлкен салаға бөледі: бірі- проза 
жанрына, екіншісі- поэзия жанрына жатады дейді [303, 4 
б.
] Одан әрі 
проза жанрына ғалым: ертегілерді, аңыздарды, жұмбақ, жаңылтпаш, 
мақал-мәтел, тілек, бата, дұғаларды жатқызады. Ал, поэзия жанрын 
іштей екі салаға бөледі: бір саласы- әдет-ғұрып істеріне байланысты 
өлең-жыр десе, екінші саласы- эпикалық және лирикалы өлең-жырлар 
болады деп ажыратқан. Міне, бұл жіктеме әдебиеттану ғылымы 
талабы негізінде жасалғаны көрініп тұр. 
Сондай-ақ халықтың шығармасында сол халықтың барлық 
өмірінің шындығы, ойы, талабы, сезімі, жақсы тұрмысқа жету үшін 
күресі, күші, түбінде жеңетіндігіне сену тәрізді арманы, мұңы, 
фольклордың ұжымдық (коллективтік) сипаты т.б.- бәрі оқулық 
ішінде кеңестік идеология тұрғысынан жазылған. Мәселен: «Хан, 
билердің, байлардың қорлығынан, зорлығынан құтылуды арман 
қылған шаруалар қиянатшыл хан, би, бай, манаптарды аузына 
қарата білетін алғыр, ақылды «Аяз би», «Тазша», «Алдаркөсе» 
секілді халықтық қаһармандардың образдарын жасайды»,- деген 


233 
М.Бөжеев пікірі, «тап тартысы» талабының айнасы екені белгілі [303, 

б.
]. 
Ал, ғалымның: «Жазба әдебиет шықпастан әлде қайда бұрын 
шығып, көркемдік сананың үлкен сатысына жеткен халық 
творчествосы жазба әдебиетінің дамуына, ұлы-ұлы көркем 
шығармалардың жазылуына негіз болады»,- деген пікірі, фольклор 
мен әдебиет арасындағы байланыстың өте тереңде жатқанына дұрыс 
назар аудартқанын көрсетеді. 
Дегенмен халықтың шығармалардың қалыптасуына исләм 
дінінің әсері дегенде, ұтымды жақтарының дәріптелуі орнына
керісінше, ишандар мен молдалар тарапынан елді қорқыту, 
үрейлендіру, қуғындау т.б. тәрізді іс-әрекеттер кең етек жайды деп
жала жабылуы да болды. 
Ал, халық шығармашылығының дұрыс өркендеп дамуына, 
бостандық алған халықтың барлық шығармашылық ынта, жігерін 
өсіру, өнерін артыру үшін керекті жағдай мен мүмкіншіліктердің тек 
Кеңес өкіметі тұсында, тек Ленин мен Сталин арқасында ғана мүмкін 
болды деп дәріптелуі т.с.с.- бәрі кезең ерекшеліктерін танытады. 
Сондай-ақ фольклорда Отан қорғау, отаншылдық сезім кең орын
алатыны да, елі үшін, жері үшін айнымай шауып қамал бұзған 
ұлдарын халық ел ардағы етіп жырлайтыны да оқу құралында сөз 
болады. Демек Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кітап 
авторларының бұл оқу құралын жазудағы мақсаты: бір жағынан, қазақ 
халық ауыз әдебиетінің мән-маңызын орта мектеп оқушыларына 
хабардар етумен қатар, олардың өзіндік бітім-болмысын түсіндіру 
көзделді. Екінші жағынан, жастар бойында Кеңес өкіметіне деген 
шексіз махаббат, алғыс сезімін тудыру, қалыптастыру болатын. Осы 
арқылы ортақ жауға қарсы жастардың бойында Отан қорғау, 
отаншылдық тәрізді игі қасиеттерді де тәрбиелеу мақсат етілді. Мысал 
ретінде авторлар фольклор бойында кездесетін батырлықты, ерлікті, 
отаншылдықты т.б. дәріптейтін қазақтың мақал- мәтелдерінен, 
батырлар жырларынан т.с.с. үзінділер келтіреді. Ендеше, кітап 
авторлары 
фольклордың 
қоғамдағы 
халықтың 
ой-санасын
қалыптастырудағы рөлінің ерекше екендігін дұрыс танығанын 
көрсетеді. 
Оқу құралы авторлары жалпы фольклордың барлық жанры 
туралы жалпы түсінік беруді көздегені көрініп тұр. Мұнда 
фольклордың:тұрмыс-салт жырлары (жар-жар, сыңсу, беташар, 
қоштасу, естірту, жоқтау), айтыс түрлері (бәдік, жұмбақ т.б.), 
ертегілер, легендалар, батырлар жыры, лиро-эпос жырлары, тарихи 
жырлары төңірегінде жалпы мағлұмат берумен қатар, олардың 


234 
өзгешелігіне, маңызына, ондағы берілген мәтіндердің тақырыбы, 
мазмұны, образдары, композициясы, стилі, тілі с.с.- бәрі алғаш оқулық 
көлемінде сипатталып кетеді.
Мәселен, тұрмыс-салт жырлары дегенде, ең алдымен еңбек, кәсіп 
жайындағы өлең-жырлар деп қазіргі ұстанымдағы жан-жануарлар 
туралы жырлар қарастырылады. Бұл үлгілердің негізгі тақырыбы 
малды бағу, мал шаруашылығы, аңшылыққа арналған деп дұрыс 
ажыратқан. Одан әрі бұл қатарға наурыз жыры жатқызылған. Бұған 
дейін наурыз жырын М.Әуезов дінмен байланысты өлеңдер тобына 
жатқызғаны белгілі (Әдебиет тарихы.-Алматы: Ана тілі.-1191.- Б.36). 
Ал, қазіргі таңда бұл өз алдына жеке ұлыс жыры болып 
қарастырылды. Ал, оқу құралында кездесетін фольклордың жар-жар, 
сыңсу, беташар, қоштасу, естірту, жоқтау түрлері- бәрі дерлік бұған 
дейін 
шыққан 
А.Байтұрсынов, 
М.Әуезов, 
Х.Досмұхамедұлы 
еңбектерінде де жан-жақты сипатталған. Негізінен, бұлардың 
көтерген тақырыбы, мазмұны, берілген мәтін үзінділері әдебиеттану 
талабы тұрғысынан жазылған. Мәселен, жоқтауға А.Байтұрсынов 
1927 жылғы «Әдебиет танытқыш» кітабында мынадай анықтама 
береді: «Жоқтау өлген кісіні жоқтап сөйлеу. Жоқтау, көбінесе белгілі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   128




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет