237
Жалпы мұнда батырлар жырынан «Қобыланды», «Алпамыс»,
«Едіге» жырлары талданады. Бұлардың көркемдігі мен тілі, образдар
жүйесі, композициялық құрылысы т.б. – бәрі де әдебиеттану
талабы
тұрғысынан қарастырылады. Бұл өзгешеліктер, негізінен, сол тұстағы
ғалымдардың фольклорды көркем әдебиеттің бір саласы деп
қарастырғанынан туындаған. Мәселен, Қобыланды бейнесі былай
талданады: «
Батыр бұл жерде үлкен аңғалдық жасайды. Алды-
артын ойламай Құртқаны шауып тастай жаздайды. Батыр кейін
ғана өзінің оғаш кеткенін біліп, кешілмес күнә жасадым деп, өзін-өзі
шенейді»,- деп келеді [303, 68
б
.].
Ал, мәтіндердің тілі қарастырылғанда,
ондағы жыр өлшеміне,
буын санына, үлгіде кездесетін дәстүрлі теңеу, эпитет, метафора т.б.
түрлеріне де ерекше көңіл бөлінген.
Жалпы оқу құралында, бір жағынан, асқан көркемдікпен жасалған
батырлар жырын оқыту арқылы жастар өз елінің өмірінен тарихи
мәліметтер алатынын ескерсе, екінші жағынан, осы арқылы олардың
да бойында отанын сүйетін, айла, амал және жаудан сескенбейтін
ерліктерін өздеріне үлгі етіп, отанын қорғау жолында өздері де солар
тәрізді даңқты батыр болуға итермелейтін қасиеттерін тәрбиелеуді
мақсат еткенін көреміз.
Қаһармандық эпостардың тақырыбы ерлік, ел қорғау, өз отаны, өз
елі үшін шет жерлермен күресу десе, лиро-эпос жырларының негізгі
тақырыбы сүйіспеншілік екені дұрыс ажыратылған. Одан әрі бұл
жанрға «Қозы Көрпеш», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан» жырлары
жатқызылып,
олардың варианттары, негізгі бейнелері, тілі мен
композициясы, мазмұны сипатталады.
Оқу құралының соңы тарихи жырларға берілген сипаттама,
талдаулармен аяқталады. Мұнда да тарихи жырдың анықтамасы бар:
Достарыңызбен бөлісу: