7
2-сызба. Еттің технологиялық қасиеттерін жіктеу
Еттің тауарлық сапасының көрсеткіштеріне: өнімді өткізудің
ыңғайлылығын қамтамасыз ететін сипаттамалар, сондай-ақ тұтынушы оның
сапасы туралы бастапқы пікірді құрайтын белгілер мен қасиеттер, атап
айтқанда: сыртқы түрі, түсі, иісі, өнімнің салмағы, қаптамасы жатады.
Ет бірінші класты ақуыз көздеріне жатады, яғни құрамында маңызды
мөлшерде барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар және ағзаның
қажеттілігі үшін қолайлы арақатынасы бар.
Еттің химиялық құрамы жасына, азықтандыру қарқындылығына,
жынысына және қоңдылығына байланысты айтарлықтай ауытқуларға
ұшырайды. Алайда, еттің химиялық құрамын негізгі анықтаушысы ретінде
жасы мен азықтандыру деңгейін есептеу керек.
Әр түрлі мал мен әр түрлі
қоңдылықтағы еттің химиялық құрамы бойынша өзгешеліктері айқын болып
табылады. (кесте.1).
Достарыңызбен бөлісу: