Ж. Б. Аширбекова



Pdf көрінісі
бет33/87
Дата22.09.2023
өлшемі1.58 Mb.
#478250
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87
Kosalky tarihy pan Ashirbekov

§ 4. МЕТРОЛОГИЯ 
 
Метрология (грек сӛздерінен «метрон» - ӛлшем, «логос» - 
ғылым, ілім) – ұзындық, кӛлем, аудан және салмақ сияқты түрлі 
ӛлшемдерді, оларды тарихи дамуда және ӛзара байланыста зерт-
тейтін қосымша тарихи ғылым. Метрологияның міндеті ӛл-
шемдердің атауларын, қалыптасу тарихын және түрлі ӛлшем 
жүйелерінің тарихын зерттеу, түрлі халықтарда бұрын болған 
ӛлшем бірліктерді заманауи ӛлшем бірліктерге сәйкестендіру 
болып табылады.
Басқа жағынан метрологияның міндеті нақты ӛлшем бір-
ліктерді және олардың нақты үлгілерін – эталондарын құру бо-
лып табылады, бірақ оның шешімі тарихшылардың құзырлы-
ғына кірмейді. 
Тарихи қайнар кӛздерді талдаудағы метрологияның маңы-
зы ӛте зор, әсіресе әлеуметтік-экономикалық тарих бойынша. 
Метрологияның кӛмегімен қайнар кӛздің құрылу уақыты мен 
орнын (әрине, егер онда, ӛлшемдер орын алған жағдайда), құ-
жаттың фальсификациясын анықтауға болады (ондағы кӛрсе-
тілген ӛлшемдердің, оның құрылу орны мен уақытына дәл кел-
меген жағдайда), сонымен бірге қайнар кӛзді сынаудың басқа да 
мәселелерін шешуге болады.
Метрологияның кез-келген басқа ғылыми пән сияқты 
ӛзінің қайнар кӛздері және оларды зерттеудің әдістері бар. Мет-
рологияның әдістері алуан-түрлі – ӛлшемдер туралы түрлі мә-
ліметтер сақталған немесе оларды сӛз қылған жазба ескерткіш-
тері, сонымен бірге заттық ескерткіштер: монеталар, гирьлар, 
сызғыштар, белгілі-бір «стандартты» ӛлшемдері бар сәулет ғи-
мараттары, иконалар, стандартты сиымдылығы бар ыдыстар 
және т.б. 
Нақты білім жүйесі ретінде метрология ежелде қалып-
тасқан, ӛйткені ӛлшемсіз үй салу, еңбек құралдары мен қарулар-
ды дайындау, киім тігу мүмкін емес еді. Тайпалар арасындағы 
айырбастаудың қалыптасуы мен дамуынан ӛлшеу қажеттілігі 
күрт ұлғайды. Осыған байланысты, түрлі халықтарда болған кӛз 
мӛлшерлі, жиі шартты ӛлшемдер бір-бірімен белгілі-бір рацио-


138 
налды қатынасқа келтіріледі, түрлі ӛлшемдердің эквиваленттері 
жасақталады. 
Ежелгі ӛлшемдердің негізінде адам денесінің бӛлшектері 
алынатын: саусақ, шынтақ (локоть), табан (стопа), бұған түрлі 
халықтардағы кӛптеген ӛлшем бірліктердің атаулары дәлел. 
Ұзындық ӛлшемі болып қадамдар, белгілі-бір уақытта жүрілген 
жолдың ұзындығы; аудан ӛлшемі жиі уақыт бірлігіндегі жерді 
ӛңдеуге кеткен еңбекпен немесе осы ауданды егу үшін қажетті 
белгілі-бір егін кӛлемімен анықталатын; ұнтақ және қатты зат-
тардың ӛлшемі – адам ӛзімен бірге алып кете алатынның саны – 
уыс, уысша, құшақ және т.б. 
Түрлі халықтар мен елдердің арасындағы үнемі дамып 
отырған байланыстардың, әсіресе сауда қатынастарының нәти-
жесінде, кейбір ӛлшемдер және олардың жүйелері ӛте кең тарал-
ды. Мысалы, Орта теңіз елдерінің ӛлшем жүйелері вавилондық 
жүйенің үлкен әсерінен қалыптасты.
Орыс ӛлшемдерінің және ӛлшеу жүйелерінің тарихы біз-
дің елдің тарихи жолының негізгі кезеңдерін кӛрсетті. Осы-
лайша, феодалдық ыдырау кезеңіне түрлі жергілікті ӛлшемдер-
дің алуан-түрлілігі сәйкес келеді; бірыңғай мемлекеттің құрылу 
кезеңінде жергілікті ӛлшем бірліктердің біртіндеген унифика-
циясы орын алады, бүкіл мемлекет үшін жалпы, содан кейін 
міндетті ӛлшемдер бекітіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   87




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет