263
5. Негізгі СИ жүйесіндегі өлшем бірліктер
Секунда -
Секунд - (лат.
secunda dіvіsіo — екінші бөліну) (бастапқыда
градустың, одан кейін сағаттың) уақыттың жүйелік бірлігі; СИ жүйесіндегі
өлшем бірлігі. Белгіленуі – С; 1 с — Cs атомының (өлшемдер мен салмақтар
бойынша 13-Бас конференцияның резолюциясы бойынша, 1967) аса жұқа екі
деңгейінің арасынан өткен сəуле шығаруының 9 192 631 770 периодына тең.
2) Жұлдыздық секунд — жұлдыздық тəуліктің – бөлігіне немесе 0,997 269
566
секундқа тең уақыт; 3) Бұрыштық секунд – жазық бұрыштың жүйеден
тыс бірлігі. Белгіленуі 1
=(1/360)4,84813710 радиан.
Метр (фр.
metre, гр.
metron – өлшем) – бірліктердің халықаралық
жүйесіндегі (СИ) ұзындықтың негізгі өлшем бірлігі. 1960 жылға
дейін
Метрдің эталоны – ұзындықтың штрихты өлшемі платина-иридий
қоспасынан жасалып, Севр қаласындағы (Париж қаласының жанындағы)
Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі халықаралық бюрода сақталған
білеуше (брусок) болған. Өлшеуіштер мен таразылар жөніндегі 11-Бас
конференция (1960) Метрдің жаңа анықтамасын қабылдады: “
Метр –
Криптон-86 атомының 2р10 жəне 5d5 деңгейлерінің аралығындағы ауысуы
сəйкес келетін сəуле шығаруының вакуумдағы 1650763,73 толқын
ұзындығына тең ұзындық”. КСРО-да алғашқы эталоны ұзындық бірлігі –
метрді қайта жаңғыртуға жəне оның өлшемін ұзындықтың басқа
өлшемдеріне таратуда құрамында ұзындықты дəл
өлшеуге арналған
интерферометр бар аппаратуралар кешенін қолданды. Метр – жуықтап
алғанда жер меридианасы ұзындығының 1/40000000 бөлігіне тең.
Килограмм – платина-иридий эталонының массасы,
салмақ пен
өлшемнің халықаралық бюросысында сақталатын Париждің маңындағы Севр
қаласында. Эталонның массасы
4 С дағы 1 дм
таза судың массасына
жақын.
Достарыңызбен бөлісу: