МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
6
Стенографиялық есеп
АЙМАҒАМБЕТОВ А.Қ. Құрметті Ерлан Жақанұлы! Аталған заң жобасы
балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымының тиісті
хаттамасы. Жалпы, осы хаттамаға қосылу бойынша Президенттің тапсырмасы да бар.
Сондықтан біздің комитет
осы хаттаманы жұмысқа алып, тиісті қорытынды дайындауға
әзір.
Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Асхат Қанатұлына сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша қаулы дауысқа қойылады. Дауыс
берулеріңізді сұраймын.
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 93, «жақтағандар» – 93.
Шешім қабылданды.
Келесі мәселе «Қазақстан Республикасының Үкіметі
мен Қатар Мемлекетінің
Үкіметі арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді
ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы бойынша қорытынды
әзірлеу жөнінде.
Сөз Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы депутат
Құспан Айгүл Сайфоллақызына беріледі.
ҚҰСПАН А.С. Құрметті Ерлан Жақанұлы, құрметті әріптестер!
Бұл заң жобасы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қатар Мемлекетінің Үкіметі арасындағы
инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялауға
бағытталған. Келісім 2022 жылғы 12 қазанда Астанада жасалған.
Келісім елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ екі
мемлекеттің аумақтарында инвестициялық қызметті жүзеге
асыруға байланысты
мәселелерді реттеу режимінің тәртібі мен шарттарын айқындайды.
Комитет осы заң жобасын жұмысқа қабылдап, тиісті қорытынды әзірлеуге дайын.
Қолдауларыңызды сұраймын.
ТӨРАҒА. Айгүл Сайфоллақызына сұрақтарыңыз бар ма?
ОРНЫНАН. Жоқ.
ТӨРАҒА. Онда осы мәселе бойынша қаулыға дауыс берулеріңізді сұраймын.
Нәтижесін экранға беріңіздер. «Қатысып отырғандар» – 92, «жақтағандар» – 92.
Шешім қабылданды.
Келесі талқыланатын мәселе «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан
Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы
құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу