МӘЖІЛІС ОТЫРЫСЫ 2023 жылғы 6 қыркүйек
8
Стенографиялық есеп
жұмыстары іс-шаралары қарастырылған. Бірақ біз сұрадық, білдік, бір қызығы, пандемия
басталғаннан бері Қытай мен Қазақстанның арасындағы энергия ресурстарын есептеу,
бақылау, тапсыру, қабылдау тек актілер алмасу арқылы ғана жүзеге асқан. Сондай-ақ бұл
бірлескен шаралар өтпесе де, екі жақ бір-бірімен кездеспесе де ешқандай проблема
туындаған жоқ. Онда Өзбекстан мен Қазақстанның арасындағы бірлескен тексеру
жұмыстарын бетпе-бет жүздесіп орындаудың не қажеті бар?
Сіз шығын жоқ деп отырсыз, бірақ мамандардың әр іссапарына бюджеттен шығын
кетеді. Онымен қоса мамандар негізгі жұмысын тастап іссапарға шығып, уақытын
жоғалтуға мәжбүр болады.
Өзбекстанда да біздегідей уәкілетті органдар бар.
Қытаймен арадағы
тәжірибедегідей неге біз бір-бірімізбен қағазбен, актілермен алмаспаймыз? Бұның өзі
жеткілікті шығар. Әлде оның басқа бір себебі бар ма? Осыны түсіндіріп жіберсеңіз.
ЖАМАУБАЕВ Е.К. Сұрағыңызға рақмет.
Бұндай келісімшарт бізде Қытай Халық Республикасымен 2006 жылдан бері орын
алған. Біз тиісті тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Бірақ бұл кедендік тексеру емес,
көрсеткіштің анық-қанығын тексеру және аспаптарға қандай да бір бұзушылықтар орын
алды ма, яғни өтіп жатқан электр қуаты немесе мұнай-газ
декларацияда көрсетілген
көлемде қаншалықты өткізіліп жатқанына көз жеткізу.
Дұрыс айтып отырсыз, пандемия кезінде тек Қазақстанға ғана емес, бүкіл дүние
жүзіне Қытай өз шекарасын жапты. Бірақ қазір визасыз режим болғандықтан жеңілдейді.
Жақын арада біз ратификацияланған келісімде көрсетілген іс-шараларды жалғастыратын
боламыз.
Шығындар бойынша. Кез келген мемлекеттік органның бюджетінде шығындар
қарастырылған, ратификацияда қосымша ретінде көрсетілген. Әрбір пункт шекараға
жақын орналасқан. Оған үлкен қаражат кетпейді. Кеден
органдары оператормен бірге
барып күнделікті өтіп жатқан газдың, мұнайдың немесе электр қуатының көрсеткіштерін
тексере салады.
Ратификациялау не үшін керек дегенге келсек, егер ратификация болмаса, біз ол
мемлекеттің территориясына кіруге мүмкіндік ала алмаймыз. Ертең импорттық,
экспорттық операциялар бойынша қандай да бір заң бұзушылық орын алса, біз Өзбекстан
мемлекетіне
кіре алмаймыз, себебі ратификация жоқ, ешқандай келісім жоқ. Келісім
ратификацияланса, оның күші Өзбекстан заңынан биік болады. Егер қандай да бір заң
бұзушылық орын алса, біз осы келісімді пайдаланып тексере алатын боламыз. Сол үшін
керек. Рақмет.
ТӨРАҒА. Депутат Тұрғанов Дүйсенбай Нұрбайұлы.
ТҰРҒАНОВ Д.Н. Рақмет, құрметті Ерлан Жақанұлы.
Менің сұрағым Энергетика министрлігінің өкіліне.
Ағымдағы жылдың маусым айында Экология мәселелері және табиғат пайдалану
комитетінің отырысында Энергетика министрі біздің еліміз
Ресей газының Өзбекстанға
транзитіне мүдделі екенін және ол үшін қажетті инфрақұрылымды дайындауға ниетті