Тарих 90 жауаптар


)Тəуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты



Pdf көрінісі
бет66/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Тарих 90 жауаптар

88)Тəуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Еліміздің мемлекеттік саясаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеуге негізделген қағидаттарды басшылыққа алады. Сонымен бірге, елдегі


қалыптасқан мемлекеттік-конфессиялық қатынастар барлық конфессиялар мен діни
топтардың тең құқықтығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстанның əлемдік жəне
дəстүрлі діндер лидерлерінің арасындағы сындарлы үнқатысу көпірін құру қадамы осы
мақсаттың жүйелі жүзеге асырылуын айқын көрсетіп отыр.Бүгінгі таңда мемлекеттің
дін саласындағы саясаты дінаралық келісімді сақтауды, діндердің үнқатысуына серпін
беру жəне қоғамдағы өзара діни төзімділікті насихаттауды көздейді. Қазақстанның осы
жолда қол жеткізген жетістіктерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның
ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде «біздің ұлтаралық жəне дінаралық
келісімнің моделі – бүкіл əлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне
Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» деп бағалаған.Конфессияаралық келісім –
Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Əр түрлі
конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту
саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның əлемдік жəне
дəстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық
үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған
мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нəтижесі. Қазақстанның дін саласындағы
саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Ел
аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін əділеттілік қағидаты мен
дінаралық татулық санасын қалыптастыру мəселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де
өте маңызды. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясаты елдегі діни
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дəстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің
арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуын басты мақсат
деп біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет