Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Жеке туризм – жеке сипаттағы (шартты түрде, жоғары баға бойынша)  қызметтермен байланысты бір немесе бірнеше адамдардың саяхаты. Жүйе –



Pdf көрінісі
бет139/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153
suraganova turizm inf

Жеке туризм – жеке сипаттағы (шартты түрде, жоғары баға бойынша) 
қызметтермен байланысты бір немесе бірнеше адамдардың саяхаты.
Жүйе – өзара тығыз байланысты элементтердiң реттелген жиынтығы.
Жүк нормасы – тегін өткізу үшін бір жолаушыға рұқсат ететін жүктің 
максималды салмағы. Тегін өткізілетін жүктің нормасы қызмет көрсету 
класына қатысты өзгереді.
Дəмхана – тұтынушыларға тағам, сусын, қышқыл сүт өнiмдерi, 
кондитерлiк бұйымдар жəне тағы басқа шектелген ассортименттi ұсынатын 
тамақтандыру кəсiпорны. Ойын - сауық бағдарламалары қарастырылады.
Кафетерий – ыстық сусындарға (шəй, кофе, какао, ыстық шоколад 
ж.т.б.), сүт, сүт қышқылды өнiмдер, бутерброд, кондитерлiк өнiмдер жəне 
сату кезiнде көп еңбек операциясын қажет етпейтiн басқа да тауарларға 
мамандандырылған тамақтандыру кəсiпорны.
Квота – иеленушімен келіскен шарттар бойынша турфирмаға толық 
кезең немесе бір бөлігіне қонақүйдің немесе жолаушы көлігінің белгілі 
бір бөлінген орындары. Орын квотасын алған адамның қолданғаны үшін 
материалдық жауапкершілігі бар.
Кейтеринг – тұтынушыларға қалаған жерiне, қалаған уақытында 
шағын мейрамхана ұйымдастырушы мейрамхана қызметi. Бұл жеке пəтер-
дегi кеш болуы мүмкiн немесе яхтадағы кешкi қыдыру.
Кемпинг – авто-, мото-, велотуристерге арналған қала сыртындағы 
жазғы лагерь. Мұнда жазғы үйшiктермен, палаткалармен, жеке тамақ дай-
ындау үшiн асханаларымен
жабдықталады; қызмет көрсету деңгейлерi 
жөнiнен кемпингтерде автомобильдердi техникалық қарау, қызмет көрсету 
мен жуу қызметтерi құрыла алады.


272
Кластың төмендеуі – саяхат кезіндегі туристің өтініші бойынша іске 
асатын қызмет көрсетудің жаман жаққа өзгеруі немесе сатушы қызмет 
көрсетуге сұраныс алып, оны керек деңгейде іске асыруын қамтамасыз 
ете алмауы. Бұл жағдайда сатушы турист өтінген жəне көрсетілген қызмет 
арасындағы айырмашылықты төлеуі тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   135   136   137   138   139   140   141   142   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет