Комиссиондық сыйақы – туристік немесе көліктік қызметтер
өндеушілердің турагентке туристерге осы қызметтерді сатқаны үшін
төленетін ақшалай ақы. Комиссиондық сыйақы сатылған қызметтердің
баға
сының пайыздық қатынасы арқылы төленеді жəне турагенттердің
негізгі табыс көзі болып табылады.
Комиссиондық ынталандыру сыйақысы – турагентке,
турқызметтердің келісілген көлемнен артық сатқаны үшін комиссиондық
сыйақы. Ынталандыру комиссиондық сыйақысы турагенттерді
турқызметтерді көбірек сатуға ынталандыратын шара.
Конгрестiк қонақүй – конгрестер мен көрмелерге келетiн қонақтарға
қызмет ету мен қабылдауға маманданған қонақүй.
Клуб – адамдардың жалпы мақсаты, мiндетi, қызығушылығы негiзiндегi
ұйым, ол статусы бар заңды тұлға, клуб жарғысының негiзiнде өз қызметiн
жүзеге асыратын анықталған адамдар тобынан тұрады.
Курорт – туристерге туристiк қызметтерiмен қатар демалу қызметтерiн
көрсетуге маманданған кəсiпорын, сонымен қатар осы кəсiпорындар
орналасқан мекеме.
Курорттық қонақүй – демалу жəне рекреация мақсатымен келетiн ту-
ристерге қызмет ету жəне қабылдауға маманданған қонақүй.
Күту парағы – қонақүй немесе көліктегі орындарды брондауды күтетін
адамдар тізімі. Күту парағы қонақүй немесе көліктегі орындар сұраған
күні мен рейстер толық брондалған жағдайда жасалынады. Қосымша
сұраныстар күту тізімі бойынша қанағаттандырылады.
Қалалық курорттық қонақүй – компанияның қатысушылары мен
тұтынушыларының демалыс мақсатына негiзделген қонақжайлылық
аясындағы кəсiпорын.
Қонақүй шаруашылығы – өндiрiстi, мəдени-iскерлiк объектiлердi,
қала тұрғысындағы құрылым көрсеткiшiнiң инфрақұрылым элементi.
Қонақүй шаруашылығы – əлеуметтiк таным дамуымен, əлеуметiк-мəдени
қатынасты жүзеге асыру интеграциялық процестер жүйесiндегi байланыс-
тарды нығайту тəсiлi.
Достарыңызбен бөлісу: |