Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


 Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді



Pdf көрінісі
бет114/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

1. Қызметкердің мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді 
орындау кезіндегі кепілдіктері 
«ҚР еңбек туралы» заңының 80-бабы 
 
Жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) 
сақтай отырып, мемлекеттік жəне қоғамдық міндеттерді 
орындау уақытына жұмыстан босата алады. 
Мерзімді əскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ 
сол əскерге шақырылған кəсіпорынға жұмысқа қабылдау
кезінде басым құқығы болады. 
Байқап отырғанымыздай, ҚР «Еңбек туралы» заңына (80-бабы) 
сəйкес, жұмыс беруші қызметкерді оның жұмыс орнын (қызметін) 
сақтай отырып, мемлекеттік жəне қоғамдық міндеттерді орындау 
уақытына жұмыстан босата алады. Бұл депуттарды сайлау жəне 
олардың мəртебесі туралы заңдарға сəйкес депутаттық міндеттерді 


орындауына қатысты орын алуы мүмкін. Президентке үміткерлер, 
Парламент жəне мəслихаттардың депутаттары өздері тіркелген 
күннен бастап жəне сайлаудың қорытындысы жарияланғанға дейін 
жұмыстан (əскери қызметтен, əскери жиындардан) босатылады. 
Бұл кездегі орташа айлық жалақы мөлшеріндегі шығындар 
республикалық бюджеттің сайлауды жүргізуге бөлінген қаражаты 
есебінен өтеледі. Үміткерлердің сайлауға қатысқан уақыты олар 
өздері тіркелген күнге дейінгі мамандығы бойынша еңбек стажына 
есептеледі. Жалпы əскери міндет туралы заңда көзделген 
міндеттерді орындауға тартылған қызметкерлерге осы заңда 
көзделген кепілдіктер мен жеңілдіктер беріледі. Мерзімді əскери 
қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол əскерге шақырылған 
кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым құқығы болады (ҚР 
«ҚР еңбек туралы» заңының 80-бабы).
Жұмыс уақытында мемлекетттік міндеттерді орындаудың өзге 
де жағдайларына мыналарды жатқызуға болады: анықтама, алдын-
ала тергеу органдарының, прокурордың жəне соттың шақыруы 
бойынша осы органдарға куə, жəбірленуші, сарапшы, маман, 
аудармашы, куəгер жəне т.б. ретінде келу. Бұл жағдайда 
қызметкердің орташа жалақысын оны жұмыс уақытында осы 
міндеттерге тартқан орган төлейді. 
Мерзімді əскери қызметін өтеп қайтқан қызметкердің нақ сол 
əскерге шақырылған кəсіпорынға жұмысқа қабылдау кезінде басым 
құқығы болады (ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 80-бабы). Оған 
бұрынғы жұмысы немесе осы ұйымдағы басқа жұмыс ұсынылуы 
мүмкін. 
Сайланбалы кəсіподақ органдарының мүшелері өз мүшелерінің 
мүдделерін қорғау мақсатында қоғамдық міндеттерді орындау үшін 
кəсіподақтық білім алу, съездердің, пленумдардың, төралқалардың, 
конверециялардың жұмысына қатысу кезінде жұмысынан 
босатылады. Жұмыстан босату жағдайлары жəне еңбекке ақы төлеу 
тəртібі ұжымдық шарттарда жəне келісімдерде көзделеді (ҚР 
«Кəсіптік одақтар туралы» заңының 19-бабы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет