Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі



Pdf көрінісі
бет124/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілігі. 
Толық материалдық жауапкершілік қызметкердің зиянды қандай да 
бір шекке қарамастан толық мөлшерде өтеу міндетін білдіреді. Бұл 
жауапкершілік тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана 
туындайды. Заңдарға сəйкес қызметкерлер өздерінің кінəсінен 


жұмыс берушіге келтірілген зиянды мына жағдайларда толық 
мөлшерде өтейді: 
- қызметкер мен жұмыс берушінің арасында қызметкерге 
берілген мүлік пен басқа да құндылықтардың сақталуын 
қамтамасыз етпегені үшін өзіне толық материалдық жауапкершілік 
алу туралы жазбаша шарт жасалған; 
- заңдарға сəйкес қызметкерге еңбек міндеттерін орындау 
кезінде жұмыс берушіге келтірілген зиян үшін толық 
жауапкершілік жүктелген; 
- қызметкер мүлік пен басқа да құндылықтарды бір жолғы 
сенімхатпен немесе басқа бір жолғы құжаттар бойынша есеп беруге 
алған; 
- қызметкер зиянды алкогольдік, нашақорлық немесе 
уытқұмарлық мас болу жағдайында келтірген; 

зиян 
материалдардың, 
жартылай 
фабрикаттардың, 
бұйымдардың (өнімдердің), соның ішінде оларды дайындау 
кезінде, сондай-ақ жұмыс беруші қызметкерге пайдалануға берген 
құрал-саймандардың, өлшеу аспаптардың, арнаулы киім мен 
басқа да заттардың жеткіліксіздігінен, қасақана жойылуынан 
немесе қасақана бүлдірілуінен келтірілген; 
- зиян коммерциялық құпияны жариялау салдарынан 
келтірілген; 
- зиян қызметкердің қылмыстық тəртіппен қудаланатын 
əрекеттердің белгісі бар іс-əрекеттерінен келтірілген жағдайларда 
(ҚР «ҚР еңбек туралы» заңының 91-бабы). 
Толық материалдық жауапекршілік кезінде келтірілген зиян 
қызметкердің жалақысына қандай да бір байланыспен қандай да бір 
шекпен шектеусіз толығымен өтеледі. 
Қызметкерлердің толық материалдық жауапкершілікте болатын 
жоғарыда аталған жағдайлар осымен шектеледі. 
Аталған тізімге қоса, қызметкерлердің белгілі бір санаттары 
толық материалдық жауапекршілік туралы жазбаша шарттардың 
негізінде толық материалдық жауапкершілікте болады. Бұл шарт 
бойынша қызметкер өзіне сақтауға немесе өзге де мақсаттарға тапсырылған 
мүлікті жəне өзге де құндылықтарды сақтай алмаумен байланысты 
зиянды толығымен өтеу міндетін алады, ал жұмыс беруші 
қызметкерге қалыпты еңбек жағдайларын жəне өндірістік ортаны 
жасауға, қызметкерге сеніп тапсырылған құндылықтарды сақтау 
үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге міндеттенеді. 


Егер жұмыс беруші қалыпты жұмыс үшін жəне қызметкерге 
сеніп тапсырылған материалдық құндылықтардың толығымен 
сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларды жасамаса
онда бұл материалдық жауапты тұлғаның жауапкершілігінің 
мөлшерінің азаюына əкеледі. 


14 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет