Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкер-



Pdf көрінісі
бет123/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Қызметкердің материалдық жауапкершілігі. Жауапкер-
шіліктің негіздері жəне жағдайлары. Қызметкердің материалдық 
жауапкершілігі өзімен бірге еңбек құқығы қатынастарының 
қатысушысы болып табылатын жұмыс берушіге өзінің кінəсімен 
келтірілген мүліктік зиянды өтеу міндетінен тұрады. Қызметкердің 
материалдық жауапкершілігі келесі шарттар бір мезетте орын алған 
жағдайда туындайды: 
1) жұмыс берушіге келтірілген шынайы зиян. Тікелей шынайы 
зиян ретінде қолдағы, шынайы мүлікке оны (немесе оның бөлігін) 
жоғалту, өз бетімен иемденіп алу, нашарлату, бүлдіру, құнын 
төмендету арқлылы келтірілген зиян түсініледі. Бұлардың 
нəтижесінде жұмыс беруші мүлікті немесе өзге де құндылықтарды 
сатып алу, қалпына келтіру үшін шығындарға батады немесе 
қызметкердің кінəсі бойынша басқа субъектіге (жеке немесе заңды 
тұлғаға) артық төлемдер төленеді. 
Азаматтық құқыққа қарағанда еңбек құқығында тек тікелей 
шынайы зиян ғана өтелуге жатады. Қолданыстағы еңбек заңдары 
ұйым алуы мүмкін, алайда қызметкердің қате əрекеттері 
салдарынан ала алмаған табысты өтетуге тыйым салады. Мысалы, 
жұмысқа бүкіл жұмыс күнінде станоктың тоқтап тұруына 
байланысты дəлелсіз себептермен келмеген қызметкерді зиянды 
өтетуге тартуға болмайды. Мұндай қызметкерге тəртіптік немесе 
қоғамдық əсер ету шаралары қолданылуы мүмкін. 
Ақшалай нысанда көрініс тапқан зиян шығын деп аталады. 
Шынайы зиянды (тікелей шығындарды) жалған зияннан (жалған 
шығындардан) ажырата білген жөн. Мүліктің шынайы азаюы 
немесе нашарлауы шын мəнінде болмаса да, материалдық 
құндылықтарды бухгалтерлік мəліметтер бойынша дұрыс 
құжаттық ресімдемеу салдарынан жетіпсеушілік анықталса, жалған 
зиян орын алады. 
2) Нəтижесінде зиян келтірілген əрекеттің құқыққа қайшылығы 
(мысалы, құрылыс материалдарын ұрлау) немесе əрекетсіздіктің 
құқыққа қайшылығы (мысалы, жанармайды асыра жұмсаудың 
алдын алуға қатысты шаралар қолданбау), яғни қызметкердің өзіне 
жүктелген еңбек міндеттерін бұзуы. 


Құқыққа қайшы ретінде қызметкердің еңбек тəртібін сақтау 
жəне ұйымның мүлкіне ұқыптылықпен қарау міндетін бұзудан 
көрініс табатын кез-келген жүріс-тұрыс танылады. 
Қызметкердің жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының 
дəлелі қызметін мүліктің бүлінгені, жоғалғаны немесе бұзылғаны 
туралы 
актілер, 
түсіндірмелер, 
құзыретті 
органдардың 
хабарламалары жəне өзге де құжаттар атқарады. Қызметкердің 
жүріс-тұрысының құқыққа қайшылығының даусыз дəлелі болып 
оны қылмыстық немесе əкімшілік жауапкершілікке тарту 
табылады. 
Алайда, зиян құқыққа сай əрекеттермен де келтірілуі мүмкін. 
Келтірілген зиян үшін мүліктік жауапкершілікті туындатпайтын 
құқыққа сай əрекеттерге үлкен зиянның туындауын алдын алу 
қажеттігі жағдайында жасалған əрекеттер, сонымен қатар аса 
қажеттілік жағдайында немесе тойтарылмас күштердің салдарынан 
жасалған əрекеттер жатады. 
4) Қызметкердің зиянды келтірудегі кінəсі. Зиян қызметкердің 
кінəсімен 
келтірілген 
жағдайда 
ғана 
оған 
материалдық 
жауапкершілік жүктеледі. Зиянды келтіруші тұлғаның өз 
əрекеттерінің салдарын алдын ала білуінен немесе білу 
мүмкіндігінің болуынан, сонымен қатар оның өзінің жасаған əрекетіне 
қатынасынан кінəнің материалдық жауапкершіліктің шарты ретіндегі 
ерекшелігі көрініс табады. Қызметкердің қасақана немесе 
абайсызда істеген құқыққа қайшы əрекеті кінəлі болып танылады. 
Кінəнің екі нысанын ажыратуға болады: қасақаналық (тікелей немесе 
жанама) жəне абайсыздық (менмендік немесе немқұрайдылық). Кінəнің 
нысандары қызметкердің материалдық жауапкершілігінің түріне 
жəне мөлшеріне əсер етеді. 
Материалдық жауапкершіліктің мөлшерін дұрыс анықтау үшін 
құқыққа қайшы əрекетімен немесе əрекетсіздігімен зиян келтірген 
қызметкердің кінəлілігінің дəрежесін мұқият жəне жан-жақты 
анықтау қажет. Қызметкер өз жүріс-тұрысының құқыққа қайшы 
екендігін түсінген, оның зиянды салдарын алдын ала білген жəне 
олардың туындауын қалаған (мысалы, ұрлық, тонау жағдайлары) 
кезде тікелей қасақаналық көрініс табады. Қызметкер өз əрекетінің 
құқыққа қайшы екенін түсініп, зиян туу мүмкіндігін алдын ала 
білген, алайда оның туындауына саналы түрде жол берген немесе 
оған немқұрайдылықпен қараған жағдайда жанама қасақаналық 
орын алады. Абайсыздық нысанындағы зиян кінəлі тұлға зиянның 


туындау мүмкіндігін алдын ала білуі тиіс немесе оны білуге 
мүмкіндігі болған, алайда оның алдын алуға қатысты шаралар 
қолданбаған кезде орын алады. 
Материалдық зиян жұмыс беруші мен қызметкердің бірдей 
кінəсімен де келтірілуі мүмкін. Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған 
мүліктің сақталуына тиісінше қарамаған жəне жұмыс беруші 
аталған мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қатысты шаралар 
қолданбаған жағдайда аралас кінə орын алады. 
4) Қызметкердің құқыққа қайшы əрекеті мен келтірілген 
зиянның арасындағы себепті байланыс. Қызметкердің құқыққа 
қайшы əрекеті немесе əрекетсіздігі дəл осы тұлға зиян келтірген 
жағдайда ғана материалдық жауапкершілікті өтеудің міндетті 
шарты болып табылады. Қызметкердің əрекеті (əрекетсіздігі) мен 
келтірілген зиянның арасында себепті байланыстың болмауы бұл 
тұлғаны материалдық жауапекршілікке тарту мүмкіндігін жояды. 
Сондықтан, қызметкердің зиян келтірудегі кінəсі туралы мəселені 
шешпестен бұрын, біріншіден, əрекет (əрекетсіздік) пен нəтиженің 
арасындағы себепті байланысты анықтау, екіншіден, келтірілген 
зиянның нақты осы əрекеттің (əрекетсіздіктің) тікелей салы болып 
табылатынын немесе оның басқа жағдайлардың салдарынан 
туындағанын анықтау қажет. 
Қызметкердің материалдық жауапкершілігінің туындауының 
міндетті шарттары осындай. Аталған шарттардың кем дегенде 
біреуі болмаса, материалдық жауапкершілік туындамайды. 
Жалпы ереже бойынша, қызметкердің материалдық зиян 
келтірудегі кінəсін дəлелдеу міндеті жұмыс берушіге жүктеледі. 
Қызметкер өзіне сеніп тапсырылған ақшалай немесе материалдық 
құндылықтардың жетіспеушілігі үшін жазбаша шарттың немесе 
арнайы 
қаулылардың 
негізінде 
толық 
материалдық 
жауапкершілікте болатын кездерде ғана дəлелдеу міндеті жұмыс 
берушіге жүктелмейді. Мұндай жағдайда, егер қызметкер өзін 
кінəсіз деп санаса, материалдық зиянды келтіруде өзінің кінəсі жоқ 
екендігін дəлелдеуі тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет