Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де



Pdf көрінісі
бет15/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

мемлекеттің құзыретті органдарының еңбек жəне өзге де 
қоғамдық 
қатынастарды 
реттеу 
саласындағы 
құқық 
шығарушы қызметінің нəтижелерін тануға болады. Басқаша 
айтар болсақ, еңбек құқығының қайнар көздері – бұл 
жалданбалы қызметкерлердің еңбегін пайдалану жəне 
ұйымдастыру жөніндегі қатынастарды, еңбек нарығын 
реттейтін нормативтік құқықтық актілер. 


Еңбек құқығының қайнар көздері осы саланың нормаларынан 
тұрады жəне оларды осы нормаларды қолдану актісімен 
шатастыруға болмайды. Мысалы, ҚР «Еңбек туралы» заңы еңбек 
құқығының жұмыстан босату туралы нормалардан тұратын қайнар 
көзі, ал ұйым басшысының жұмыстан босату (немесе қызметке 
қабылдау, ауыстыру, тəртіптік жаза тағайындау) туралы бұйрығы 
құқыққолдану актісі болып табылады. 
Жалпы алғанда еңбек құқығының барлық қайнар көздері қайнар 
көздер жүйесін құрайды, мұнда олар өз мəні, бағыңыстылығы 
бойынша ҚР Конституциясынан, еңбек туралы халықаралық-
құқықтық 
актілерден 
(Халықаралық 
еңбек 
ұйымының 
конвенциялары жəне ұсынысатыр, БҰҰ-ның актілері жəне өзге де 
халықаралық 
шарттар) 
жəне 
республиканың 
басқа 
да 
міндеттемелерінен, сонымен қатар ҚР Конституциялық Кеңесінің 
жəне Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан, ҚР «Еңбек 
туралы» заңынан жəне өзге де заңға сəйкес актілерден (ҚР 
Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, Еңбек жəне 
халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің қаулылары, өзге де 
министрліктер мен ведомстволардың нормативтік бұйрықтарынан 
бастап, тіпті, локальдық нормалардан (белгілі бір ұйым 
қызметкерлеріне арналған) тұратын ұжымдық шарттардың 
нормативтік бөліктеріне, сонымен қатар, əлеуметтік-əріптестік 
келісімдерге дейін белгілі бір кезектілікті құрайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет