Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7



Pdf көрінісі
бет153/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

ЖЕКЕ ЕҢБЕК ШАРТЫ
 
9 бап. Жеке еңбек шартының мазмұны 
1. Жеке еңбек шартында: 
1) тараптардың реквизиттері: 
жұмыс беруші – заңды тұлғаның толық атауы жəне орналасқан 
жері, жұмыс беруші – заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының 
мемлекеттік тіркеу нөмірі мен уақыты; 
жұмыс берушінің (оның өкілінің) тегі, есімі, əкесінің аты (егер 
жеке басын куəландыратын құжатта көрсетілсе) жəне қызметі, ал 
жұмыс беруші – жеке тұлға болған жағдайда оның тұрақты 
тұрғылықты жерінің мекен-жайы, жеке басын куəландыратын 
құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; 
қызметкердің тегі, есімі, əкесінің аты (егер жеке басын 
куəландыратын құжатта көрсетілсе) жеке басын куəландыратын 
құжаттың атауы, нөмірі, берілген күні; əлеуметтік жеке кодының 
нөмірі (ƏЖК), салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН); 
2) еңбек міндеті (белгілі бір қызмет, мамандық, кəсіп бойынша 
жұмыс); 
3) жеке еңбек шартының мерзімі; 
4) еңбек міндеттерінің жүзеге асыру басталатын күн; 
5) еңбек жағдайларының сипаттамалары, қызметкерлерге ауыр 
дене жұмысын немесе зиянды немесе қауіпті жағдайларда жұмыс 
істегені үшін берілетін кепілдіктер мен өтемақылар; 
6) жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимі; 
7) еңбекке ақы төлеу жəне еңбекті қорғау жағдайлары; 
8) жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттері; 
9) қызметкердің құқықтары мен міндеттері; 
10) жеке еңбек шартын өзгерту, бұзу жəне ұзарту тəртібі; 
11) өтемақылар төлеу мен кепілдіктер беру тəртібі; 
12) тараптардың жауапкершілігі көрсетілуге тиіс. 
2. Тараптардың келісімі бойынша жеке еңбек шартына өзге де 
жағдайлардың енгізілуі мүмкін. 
10 бап. Жеке еңбек шартының мерзімі 
1. Жеке еңбек шарты: 
1) белгісіз мерзімге; 
2) белгілі бір мерзімге; 


3) белгілі бір жұмысты орындау уақытына немесе жұмыста 
уақытша болмаған қызметкерді ауыстыру уақытына жасалуы 
мүмкін. 
2. Егер жеке еңбек шартында оның қолданылуы мерзімі 
айтылмаса, шарт белгісіз мерзімге жасалған деп есептеледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет