Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


бап. Тараптар мен бітістіру органдарының ұжымдық



Pdf көрінісі
бет200/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

9 бап. Тараптар мен бітістіру органдарының ұжымдық 
еңбек дауларын реттеу жөніндегі міндеттері
1. Тараптар мен бітістіру органдары ұжымдық еңбек дауының 
пайда болуына əкеліп соққан себептер мен жағдайларды жою үшін 
барлық мүмкіндіктерді пайдалануға міндетті.
2. Тараптардың бірде-бірінің бітістіру рəсімдеріне қатысудан 
жалтаруға құқығы жоқ. Жұмыс беруші бітіcтіpy комиссиясының 
жұмысына арнап үй-жай беруге міндетті.
3. Егер бітістipy комиссиясы мен еңбек төрелігі ұжымдық еңбек 
дауына қатысушы тараптардың келіспеушіліктерін реттей алмаса, 
оның себептері жазбаша түрде еңбек ұжымының назарына 
жеткізіледі. Бұл жағдайда еңбек ұжымы өз мүдделерін қорғаудың 
заңда көзделген, тіпті ереуілге шығуға дейінгі, барлық əдістерін 
қолдануға құқылы.
10 бап. Бітістіру рəсімдеріне қатысуға байланысты 
қызметкерлердің кепілдігі  
1. Бітістіру комиссиясының мүшелері, делдалдар, еңбек 
төрешілері ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысу кезінде жыл 
ішінде үш айдан аспайтын мерзімге орташа жалақысы сақтала 
отырып, жұмыс берушілердің келісімі болған кезде негізгі 
жұмысынан босатылады.
2. Ұжымдық еңбек дауын шешуге қатысушы кəсіподақтардың, 
олардың бірлестіктерінің, ынталы қоғамдық органдардың өкілдері 
ұжымдық еңбек дауын шешу кезеңінде тəртіптік жазаға 
тартылмайды, басқа жұмысқа ауыстырылмайды, өздерінің өкіл 
болуына уəкілдік берген органның алдына ала келісімінсіз 
əкімшіліктің бастамасымен жұмыстан ауыстырылмайды немесе 
шығарылмайды. 


3 Т А Р А У 
ЕРЕУІЛДЕР
 
11 бап. Ереуіл өткізу туралы шешім қабылдау
1. Егер еңбек дауын бітістіру рəсімдері көмегімен шешу мүмкін 
болмаса, ереуіл өткізу туралы шешім қабылдануы мүмкін.
2. Ереуіл өткізу туралы шешім еңбек ұжымының жиналысында 
(конференциясында) қабылданады жəне егер сол еңбек ұжымы 
мүшелерінің (конференция делегаттарының) кемінде үштен екі 
бөлігі оны жақтап дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі.
3. Ереуілді еңбек ұжымы уəкілдік берген орган (ереуіл комитеті) 
басқарады. Бірнеше еңбек ұжымы бірдей талаптармен ереуіл 
жариялаған жағдайда оны сол ұжымдар өкілдерінің бірдей санынан 
құралатын біріккен орган басқара алады.
4. Epeyiлгe қатысуға немесе оған қатысудан бас тартуға ешкімді 
мəжбүр етуге болмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет