Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ЖƏНЕ КЕЛІСІМДЕР



Pdf көрінісі
бет33/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

 
ҰЖЫМДЫҚ ШАРТТАР ЖƏНЕ КЕЛІСІМДЕР
 
 
Ұжымдық шарттың түсінігі жəне қағидалары. Ұжымдық шарттар 
жəне əлеуметтік-əріптестік келісімдер жұмыс берушілердің 
қанауына қарсы жұмысшылардың күресінің нəтижесінде ғана 
пайда болды. Алғаш рет ұжымдық шарттар Англияда ХІХ 
ғасырдың ортасында еңбек пен капитализмнің үйлесу негізі ретінде 
пайда болды. Алайда, оларды құқықтық реттеу, соның ішінде, 
Халықаралық 
еңбек 
ұйымының 
халықаралық-құқықтық 
актілерімен реттеу тек ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап 
қана мүмкін болды. 
Бұрынғы Кеңестер Одағының аумағында бірінші ұжымдық 
шарт Ресейде 1904 жылы Баку мұнау өндіру орындарындағы 
қарулы қақтығыстың нəтижесінде бекітілді. Алайда, ұжымдық 
шартты алғаш рет құқықтық реттеу 1918 жылғы бекітілді, ал 1922 
жылғы Еңбек туралы заңдар кодексі ұжымдық шарттарды 
құқықтық реттеуді одан əрі дамыта түсті. ҚР «Қазақстан 
Республикасындағы еңбек туралы» заңында ұжымдық шарттарға 
жеке тарау арналған. 
ХІХ 
ғасырдағы 
«жабайы» 
капитализм 
жұмысшылар 
қозғалысының нəтижесінде икемдірек бола түсті, жұмысшылар 
табының өз құқықтарын қорғауына мүмкіндік берді, олардың 
жағдайына икемделе түсті. Əлеуметтік əріптестіктің дамуының 
нəтижесінде өнеркəсібі дамыған батыс елдерінде еңбек пен 
жұмысшылар 
табына 
жаңа 
көзқарасты 
қалыптастырған 
өнеркəсіптік деморатия пайда болды. Əлеуметтік əріптестік еңбек 
пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылықтарды жояды, 
жұмысшылар 
мен 
жұмыс 
берушілердің 
қарама-қайшы 
мүдделерінің үйлесімді шешімі болып табылады, өндірістегі 
жетістіктерге əкеледі. Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық 
шарттарды бекіту жөнінде ұжымдық келіссөздерді жүргізуге де 
мүдделі, себебі, осы актілер арқылы олар еңбек пен тұрмыс 
жағдайын жақсартуға жете алады. Қазіргі кезде көптеген дамыған 
батыстық 
мемлекеттерге 
өмір 
сүрудің 
жоғары 
деңгейі, 
қызметкерлердің əлеуметтік қорғанғандығы тəн. 


Əлеуметтік əріптестікті реттеудегі негізгі нормативтік құқықтық 
акт болып ҚР «Ұжымдық шарттар туралы» заңы табылады. Бұл заң 
ұжымдық шарттар мəселесін де құқықтық тұрғыдан реттейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет