Заңда «лайықты жұмыс» түсінігіне мынадай анықтама берілген:
«Тіркелген жұмыссыз азаматтар өзінің кəсіби даярлығына,
еңбек
стажына жəне бұрынғы мамандығы бойынша жұмыс тəжірибесіне,
жұмыс орнының жағдайларына (ақы төленетін қоғамдық
жұмыстарды қоспағанда), денсаулық жағдайына,
жаңа жұмыс
орнына көліктің қолайлылығына сəйкес келетін жұмыс лайықты
жұмыс деп есептеледі». Мысалы, егер хирург дəрігерге медбикенің
орнын, ал оқытушыға мектепте еден сыпырушының орнын ұсынса
– бұл лайықты емес жұмыс болып табылады. Немесе құрылысшы-
инженерге оның кəсібі жəне біліктілігі бойынша,
бұрынғы жұмыс
орнындағыдай жалақысы бар жұмыс орнын ұсынса, алайда жұмыс
орнына дейінгі жолдың ұзақтығы 3 сағатты құраса, онда бұл жұмыс
та лайықты емес жұмыс болып табылады.
Бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, бірақ кəсібі (мамандығы) жоқ,
сондай-ақ екі жылдан астам уақыт бойы жұмысы болмаған адамдар
үшін алдын-ала кəсіптік даярлықты талап ететін жұмысты, ал
ондай жұмыс беру мүмкін болмаған жағдайда,
азаматтардың жас
жəне өзге де ерекшеліктері мен еңбек туралы заңдардың
талапатарын ескеретін басқа да ақы төленетін (уақытша сипаттағы
жұмысты қоса алғанда) лайықты жұмыс деп есептеуге болады.
Жұмыс лайықты емес деп саналады, егер:
- ол жұмыссыздың келісімінсіз жұмыс орнын ауыстырумен
байланысты болса;
- жалақысы бұрынғы жұмыс
орнындағы орташа жалақыдан
төмен болса;
- еңбек жағдайлары еңбекті қорғау жəне қауіпсіздік
нормаларына сай келмесе.
Ал кімдер жұмыссыз деп саналады екен? ҚР «Халықты
жұмыспен қамту туралы» заңында жұмыссыздарға мынадай анықтама
берілген:
«Жұмыссыздар – жұмысы, табысы жоқ, лайықты
Достарыңызбен бөлісу: