Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері



Pdf көрінісі
бет53/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Аталған құқықтар мен міндеттердің заңды кепілдіктері. 
Біздің мемлекет азаматтардың еңбекке құқығын жүзеге асырудың 
кепілдіктерін жариялай отырып, Қазақстан Республикасының 
аумағында тұратын азаматтарға мыналарды кепілдейді: 
- кəсіп түрін таңдау еркіндігін; 
- лайықты жұмысты таңдауда жəне жұмысқа орналасауда 
халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның немесе 
жеке агенттіктің тарапынан көмек алуды; 
- кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің бос жұмыс 
орындары туралы мəліметтерді беруін; 
- халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органның 
жолдамасы бойынша жаңа кəсіпке (мамандыққа) оқудың, 
біліктілігін көтерудің, дайындықтан немесе қайта дайындықтан 
өтудің тегіндігін; 
- қызметтен негізсіз босатудан құқықтық қорғауды. 
Азаматтардың еңбек нарығындағы жəне халықты жұмыспен 
қамту саласындағы құқықтық жағдайы олардың (азаматтардың) 
уəкілетті органдар мен лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, 
əрекеттеріне немесе əрекетсіздіктеріне шағымдану құқығымен де 
кепілденеді. Азаматтар бұл құқықтың негізінде халықты қамту 
жөніндегі жоғары тұрған уəкілеттік органдарға немесе сотқа 
жолдана алады. Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту 


жөніндегі уəкілетті органның жолдамасымен келген азаматпен 
жеке еңбек шартын жасасудан бас тартса да, азаматтар сотқа 
шағымдануы тиіс. Бұл ретте азаматтар өздерінің құқықтары 
бұзылған кез келген жағдайда халықты қамту жөніндегі жоғары 
тұрған уəкілеттік органдарға шағымдануға құқылы. Сотта 
азаматтардың шағымдарын қарау бұл мəселелердің соттың 
құзыретіне (ведомстволығына, соттылығына) жататындығын 
анықтаған соң жүзеге асырылады. 
Халықты жұмыспен қамту туралы заңдардың ережелерін бұзған 
тұлғалар 
Қазақстан 
Республикасының 
заңдарына 
сəйкес 
жауапкершілікке тартылады. Келтірілген зиянның мөлшеріне 
немесе кінəнің дəрежесіне қарай кінəлі тұлға материалдық
тəртіптік, əкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тартылуы 
мүмкін. 


8 Т А Р А У 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет