Оқулық Алматы 2005 ббк 67. 405я7


Жұмыссыздың құқықтық мəртебесі



Pdf көрінісі
бет51/260
Дата13.03.2024
өлшемі2.12 Mb.
#495202
түріОқулық
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   260
Жалақыны есептеу кезінде құжаттамалық рәсімдеуді жүзеге асыру

Жұмыссыздың құқықтық мəртебесі. Жұмыссыз тұлғаның 
құқықтық мəртебесі немесе құқықтық жағдайы 4 элементтен 
тұрады: 
- еңбекке құқықсубъектілік, яғни, жұмыссыздың құқықтар мен 
міндеттерді иеленуге қатысты заңмен танылған қабілеті, еңбек 
құқығының қатысушысы (субъектісі) болу мүмкіндігі. Жұмыссыз 
тұлға халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда 
тіркелген сəтінен бастап еңбекке құқықсубъектілігін иеленеді (ҚР 
«Халықты жұмыспен қамту» туралы заңының 15-бабы). 
- жұмыссыздың негізгі құқықтары мен міндеттері, бұларды 
жұмыссыздың еңбекке құқықсубъектілігіне ие, яғни, халықты 
жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті органда жұмыссыз ретінде 
тіркелген тұлға иеленеді. 
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 13-бабы 
Азаматтар халықты жұмыспен қамту жəне жұмысқа 
орналастыру саласында мыналарға құқылы: 
- жұмыс берушіге, халықты жұмыспен қамту жөніндегі 
уəкілетті органға немесе жеке агенттікке тікелей 
жүгіну жолы арқылы жұмыс орнын еркін таңдауға; 
- шетелде өзі дербес жұмыс іздеуге жəне жұмысқа 
орналасуға; 
- халыққа жұмысқа орналастыруға қатысты көмек 
көрсететін халықты жұмыспен қамту жөніндегі уəкілетті 
органдардан жəне жеке агенттіктерден ақпарат жəне кеңес 
алуға; 
қоғамдық жұмыстарға қатысуға; 
- мемлекеттік органдардың, жеке агенттіктердің жəне 
олардың 
лауазымды 
тұлғаларының 
əрекеттерін 
(əрекетсіздіктерін), шешімдерін орталық атқарушы органда 
немесе сотта шағымдауға; 
мақсатты əлеуметтік көмек алуға; 
- оның келісімімен уəкілеттік органдардың кəсіби 
дайындықтан жəне қайта дайындықтан өтуге жіберуіне. 
Азаматтардың жұмысқа орналасу саласындағы құқықтарының 
арасында аса маңыздысы ретінде жұмыс орнын таңдау құқығын 
атауға болады. Азамат бұл құқықты жұмыс берушіге – жалданбалы 
еңбекті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлғаға тікелей жолдануы 


арқылы жүзеге асырады. Жұмыс орнын таңдауға құқық уəкілеттік 
органның немесе халықты жұмыспен қамту агенттігінің көмегімен 
де жүзеге асырылуы мүмкін. 
Сонымен қатар, азаматтар уəкілетті органдарда немесе халықты 
қамту жөніндегі жеке агенттіктерде қызметтің, жұмысқа 
орналасудың, кəсіби білім алудың түрін таңдау мақсатында кеңес 
жəне ақпараттар алуға құқылы. Азаматтар уəкілетті органның 
жолдамасы бойынша кəсіби бағыттылыққа, кəсіби дайындыққа, 
қайта дайындықтан өтуге жəне біліктілігін көтеруге құқылы. 
Біздің заңдарда алғаш рет азаматтар өз бетімен жұмыс іздеп, 
шетелде жұмысқа орналасу құқығын иеленді. Бұл құқықты жүзеге 
асыру үшін мемлекет мемлекетаралық келісімдерді жасасады. 
Бұларда көшіп-қонушылардың саны, олардың біліктілік құрамы, 
еңбек жағдайлары мен мерзімдері көрсетіледі. 
Жұмыссыздардың құқықтары: 
- мақсатты əлеуметтік көмек алу; 
- зейнеткерлік жасына жеткенде жəне талап етілетін еңбек 
стажы болған жағдайда зейнетке мерзімінен бұрын шығу; 
- кəсіби дайындықтан, қайта дайындықтан өту. Бұл кезде 
жұмыссыз тұлға стипендия алады; 
- жұмыссыз тұлғаның келісімі бойынша уəкілетті орган оны 
төленетін қоғамдық жұмыстарға жібере алады. Бұл ретте тұлғаның 
жұмыссыз мəртебесі сақталады; 
- басқа жердегі жұмысқа ауысқан жағдайда өтемақы алуға 
құқылы. 
ҚР «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының 17-бабы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   260




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет