13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың майдан



Pdf көрінісі
бет11/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
13-27 тарих

24. 
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың майдан 
және тылдағы ерліктері. 
Екінші дүниежүзілік соғыс (1 қыркүйек, 1939 жыл – 2 қыркүйек, 1945 жыл) — дүние 
жүзіне үстемдік жасау үшін Германия, Италия, Жапония тарапынан басталған 
соғыс. 1933 ж. нацистік диктатура орнағаннан кейін Германия дүние жүзіне 
үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония 
үкіметтері қолдады.1939 жылы 1 қыркүйегінде фашистік Германия әскері 
Польшаға бас-көктеп кірді Немістің 57 дивизиясына қарсы 33 поляк дивизиясы 
ерлікпен шайқасты. Кеңес Одағы 1939 жылғы 23 тамыздағы КСРО-Германия 
келісімінің құпия бағыты бойынша 17 қыркүйекте кеңес әскерін Польшаға енгізіп, 
Польша құрамындағы Украина мен Батыс Белоруссия жерін өзіне қосып 
алды.Кеңес Одағы Фин үкіметінен шекарасын Ленинградтан шегіндіруді өтінді. 
Финляния бұл талапты орындаудан бас тартты. 1939 жылы 30 қарашада кеңес 
әскері Финляндияға қарсы соғыс әрекетін бастады. Ұлттар Лигасы КСРО-ның 
әрекетін басқыншылық деп бағалап, оны өзінің құрамынан шығарып 
тастады.Кеңес-Фин соғысы 1940 жылы 12 наурызда бітімшартына қол қоюмен 
аяқталып, Финляндия шекарасы Ленинград қаласынан едәуір алыстатылды, ол 
елдің 1/4 аумағы КСРО-ға өтті 1940 жылдың жазында Гитлер Англия жеңілді деп 


есептеп, оны келісімшартқа шақырды. Алайда Англия бұл ұсынысты 
қабылдамады.АҚШ бейтараптық саясат ұстап, Германияның Еуропадағы 
жаугершілік әрекеттеріне жол берді. Соғысқа қатыспай-ақ АҚШ Англияға үсті-
үстіне әскери-экономикалық көмек көрсетті. 1941 жылы наурызда АҚШ конгресі 
лендлиз (несие беру) туралы заң қабылдады. Ағылшын ғалымдары мен АҚШ 
мамандары бірлесе отырып, ядролық қару шығаруды қолға алды.Үштік пактіге көп 
уақыт өтпей Германияға тәуелді жаңа одақтастар – Румыния, Венгрия, Болгария, 
Испания және Финляндия қосылды. Басты Еуропадғы үш мемлекет қана – Швеция, 
Швейцария және Ирландия – толық бейтараптылықты сақтады.1940 жылы 
КСРО Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвияны өзіне бағындырды. 1941 
жылы сәуірде неміс әскерлері Грекия мен Югославияны жаулап алды.1940 жылығы 
18 желтоқсанда Гитлер «Барборосса» жоспарына қол қойды.1941 жылдың 22 
маусымында таңға жуық фашист әскерлері КСРО аумағына соғыс 
жарияламастан баса-көктеп кірді.1941 жылдың күзінде неміс әскерлері Балтық 
жағалауын, Молдавияны, Украинаны, Белоруссияны басып алды. Ленинградты 
қоршады, Мәскеуге жақындады.1942 жылы Сталинград түбіндегі шайқаста 100-
ден аса неміс дивизиясы талқандалды. Сталинград түбіндегі жеңіс және 1943 
жылғы жаздағы Курск түбіндегі шайқас соғыстың түбірлі өзгерістерін 
айқындады.1944 жылдың басында Кеңес армиясы жаппай шабуылға шықты. Кеңес 
Одағы аумағын түгел жаудан тазартып, күзге қарай Румыния, Польша, 
Чехословакия, Югославия, Венгрияны азат етуге қатысты.1945жылдың басында 
фашистік блок толығымен қирады Одақтастар армиясы Германия шекарасына 
шықты 13 сәуірде кеңес әскерлері Венаға кірді, ал 24 сәуірде Берлинді қоршауға 
алды.1945 жылы 8 мамырда Берлинде маршал Г.Жуковтың төрағалығымен 
фашистік Германияның сөзсіз тізе бүгуі актісіне қол қойылды.1945 жылы 6 
тамызда Америка ұшақтары жапон қаласы Хиросимаға атом бомбасын тастады, 
ал 8 тамызда екінші бомба Нагасакидің тас-талқанын шығарды.9 тамызда КСРО 
Жапонияға соғыс ашып, Қытай, Корея жерлерінің бір бөлігін Сахалиннің 
оңтүстігін және Куриль аралдарын азат етті.1945 жылдың 2 қыркүйегінде АҚШ-


тың «Миссури» атты кемесінде Жапония сөзсіз тізе бүгу актісіне қол 
қойды.Екінші дүниежүзілік соғыс 6 жылға созылып, барлық әлемді қамтыды. 
Франция мен Ұлыбритания біраз әлсіреді. Ал АҚШ соғыстың нәтижесінде барлық 
мемлекеттерді басып озып, дүниежүзіндегі аса ірі ұлы державаға айналды. Екінші 
ұлы держава Кеңес Одағы болды. АҚШ пен КСРО екі державаның арасындағы 
қарама-қайшылық бүкіл ХХ ғасырдың екінші жартысын түгел қамтыды. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет