13. Алаш автономиясы құрылуының тарихи және саяси маңызы


  Қазақ кеңестік социалистік Республикасындағы Ғылым Академиясының



Pdf көрінісі
бет12/13
Дата30.04.2024
өлшемі196.25 Kb.
#500143
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
13-27 тарих

25. 
Қазақ кеңестік социалистік Республикасындағы Ғылым Академиясының 
құрылуы 
1947 жылдан кейін Қазақ КСР Ғылым академиясының президенті республиканың 
академиялық ғылыми позицияларын қорғай отырып, бірқатар баяндама жазбахат, 
есеп, хат жазды. Бұл жазбахаттарда Қаныш Сәтбаев Қазақ КСР Ғы­лым 
академиясы қызметінің нәтижесі туралы, оның қалыптасуы туралы былай деп 
жазды: егер 1941 жылы КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалындағы 100 
ғылыми қызметкердің 14-і ғылым кандидаты, 3-еуі ғылым докторы болса, 1947 
жылға таман Қазақ КСР Ғылым академиясының құрамы 1580 адамнан тұрды 
(филиалдарды қосқанда), олардың ішінде 83 ғылым докторы және 220 ғылым 
кандидаты жұмыс істеді. Сонымен қатар, Қаныш Сәтбаев ғылыми ұлттық 
кадрлардың дамуына көп көңіл бөлді, 1950 жылға қарай академия қызметкерлерінің 
24,9%-ы жоғары ғылыми дәрежесі бар қазақтар болды. Бірақ жетістіктері мен 
еңбегі тіпті Қазақ КСР ҒА президентін дәлелсіз айыптаудан қорғап қала 
алмады.Алайда, Қазақстанның ғылым, мәдениет және өнер саласындағы 
қызметкерлері бұл қателер мен бұрмалаушылықты бүгінгі күнге дейін қайталап 
келеді, оларға Қазақстан БК(б)П ОК әлі тиісті саяси баға берген жоқ. 
 
26. 
«XIXғ.20-40жылдарындағы Қазақстан »: «Бекмаханов ісі».

Бекмахановтың “XIX ғасырдың 20-40-жылдарындағы Қазақстан” еңбегі 
жарияланған соң ол бірден талқыға түсіп кетті. К.Қасымов көтерілісін ұлт - 
азаттық оқиға деп қабылдаушыларға қарсы шыққандардың арасында Х.Г. 
Айдарова көзге түсті,Дәл осы мақала қызу талқыға түсіп, ақыр соңында 1951 


жылы 16 сәуірде партия жиналысында Бекмахановақа жала жабылып, оның 
БК(б)П қатарынан шығарылуы жөнінде 13сәуірде бюро шешімі бекітілді.Ары 
қарай ол ғылыми дәрежелері мен атағынан айрылып, мал-мүлкі тәркіленіп, 
қызметінен босатылып,сотталады. Тек ол ғана емес оның шәкірттері мен 
аспиранттары “Бекмахановтың балапандары”,“бекмахановшылар” деп 
аталынып,олар да қуғынға ұшырайды.Сол кезбен тұспа-тұс келген ҚазКСР ҒА-
ның президенті Қ.И.Сәтбаевтың да М.Әуезовтың да Мәскеуге кетуге мәжбүр 
болуы тектен текке емес.Сонымен қатар бұл істер сотталушының ойын 
елеместен, өте әділетсіз деңгейде өтті. Оған дәлел айдауда жүрген Ермұхан 
Бекмаханов : « Менің ісімді тексеру әдейі біржақты жүргізілді . Тергеу 
органдарын осы хатта көрсетілген фактілер қызықтырды, менің ол туралы 
жауаптарым протоколда көрсетілмеді . « Правдадағы » мақала туралы менің 
сөздерімнің бірде - бір стенограммасы іске тіркелмеген . Сондай - ақ менің БК(б)П 
ОК мен Қазақстан К (б)П ОК іне және газет, журналдарға жазған хаттарымның 
көшірмесі істе жоқ болып шықты . Тергеуші органдар Кенесары Қасымов 
қозғалысына қатысты қойылған сұрақтар мен оның жауаптарына мән берген 
жоқ . Тексеру бары сында 30 жылдан астам Кенесары Қасымов қозғалысының не 
себепті « Прав дада » мақала шыққанға дейін жағымды тұрғыда аталып келгенін 
анықтау дың еш қажеті болмады . Егер де тексеруші органдар осы мәселені 
зерттеуді жан - жақты қарастырғанда, онда олар менің кінәмнің қаншалықты 
екенін анықтауға біршама әділеттілік тұрғысынан келген болар еді », – деп 
жазды елдің жоғары билік органдарына. 
Ең соңында бір қуантайтын жайт Бекмахановтың ақыр соңы ақталып шығуы. 
Түрмеге қамалған уақыттан бастап екі жылдан кейін Бекмаханов ақталып, 
жұмысқа қайта оралады. Анна Панкратованың табандылығының арқасында бұл 
мәселе Сталинге, кейін Хрущевке дейін жетті.Ермұхан Бекмахановтың ісі 1954 
жылы 16 ақпанда қаралғаннан соң, ол толығымен ақталып, докторлық дәрежесі 
қалпына келтірілді 
 


 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет