Педагогика



Pdf көрінісі
бет37/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64
Педагогика

йлау ұғымы. Әсерлену, суреттеу, еске түсіру, қиял
жүргізу арқылы біз бір затты түгелімен білеміз, яки
оның бѳлімдерін, мүшелерін білеміз. Мысалы, мен бір
жылқыға қараймын, оның бар мүшелерін, ол мүшелердің
қандай екенін һәм қандай қызмет атқаратынын байқаймын.
Осылай тексеріп қараған соң сол жылқы кѳз алдымнан кетсе
де, мен оны суреттей аламын, бірталай заман ѳтсе де мен оны
еске түсіре аламын. Егер кѳп жылқыны кѳрген болсам, қиял
жүргізіп, басқа түрлі жылқыны да суреттей аламын. Мысалы,
бір арғымақ жылқы болар деп ойлай аламын. Міне, менде осы
жоғарыда айтылған жан кѳріністері болса, мен жылқыны
білген боламын. Тағы мен жылқыны қарап, тексеріп тұрып
мынадай нәрселер істеймін: жылқыға мына мүшелер неге
керек екен, мына бір мүше болмаса, жылқыға не болар деп
ойлаймын, 
яғни 
жылқының 
мүшелерінің 
арасыңдағы
байламды табамын. Бұл ғана емес, тағы ойлаймын, жә,
жылқының мүшелерінің арасында мынадай байлам бар екен.
Бұл жылқының мүшелері қойдың мүшелеріне ұқсай ма –
ұқсайды. Жылқының ана мүшесі қойдың ана мүшесіндей,
мынасы мынасындай. Ә, қой мен жылқы, екеуі де тѳрт аяқты
89


жануар екен деймін. Енді мен жылқыны жалғыз біліп қана
тұрғам жоқ, ұғып тұрмын. Яғни жылқының мүшелері
арасында қандай байлам барын, жылқы мен басқа тѳрт аяқты
жануар арасында қандай ұқсастық, қаңдай айырма барын мен
ұғып тұрмын. Міне, осы заттарды ұғу үшін жұмсалатын жан
кѳрінісі ойлау деп аталады. Ойлау ұғым, хұкім һәм ой
тізулерді жасаумен болады. Енді осы үшеуін шешейік.
Ұғым һәм оның жасалуы. Бір-біріне ұқсас бірнеше
заттарды 
суреттесек, 
біз 
сол 
заттарды 
бір-бірімен
салыстырамыз. Мысалы, біздің жанымызда суреттері бар кѳп
адамды біз бір-бірінен айырамыз. Себебі оларды бірінен-бірін
айыратын сындары бар. Бірақ сол адамдардың айыратын
сындары болған сықылды соларды бірін-біріне ұқсататын да
сындары бар. Дене бітімдері сықылды. Әрине, салыстыру үшін
заттарды тар тапта алсақ, олардың ұқсастықтары кѳп болады.
Егер кең тапта алсақ, ұқсастықтары аз болады. Мысалы,
жылқы мен сиыр арасындағы ұқсастықты табу оңай. Себебі
араларында ұқсастық кѳп. Ал еңді жылқы мен ағаш
арасындағы ұқсастықты табу қиын. Себебі араларында
ұқсастық аз. Қысқасы, біз бір затты бір затпен салыстырғанда
олардың әрқайсысының ѳздеріне ғана арналған дербес
сындарын алып тастап, ортақ сындарын ғана аламыз. Ортақ
сындарды екеуіне де жабамыз, ортақ сындарды жалпылаймыз.
Яки екі заттың, яки кѳп заттың ортасынан оймен жасалған бір
зат шығады. Мысалы, мен адам туралы ойлаймын. Сәрсембай,
Бейсембай, Фахыредден, Иван туралы емес, жалпы адам
туралы. 
Сонда 
мен 
Сәрсембайдың 
қара 
шашын,
Фахыредденнің сопақ басын, Иванның сары сақалын, яғни
солардың әрқайсысының дербес сындарын алып тастап, бәріне
ортақ сындарды, мысалы, екі аяқты, екі қолды болуы, сѳйлей,
ойлай білуі сықылды ортақ сындарды аламын. Міне, осы кѳп
заттардың ортақ сыңдарын алып жия білу, екінші түрлі
айтқанда, зат туралы ой, ұғым деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет