Педагогика



Pdf көрінісі
бет63/64
Дата24.11.2023
өлшемі2.51 Mb.
#484394
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Педагогика

Темперамент. Әрбір адамның жаратылысы бойынша тума
бір түрлі мінезі болады. Мысалы, сыртқы дүние әсерлерінен
ѳзінше бір түрлі әсерлену яки ішкі сезімдердің ѳзінше бір
түрлі оянуы сықылды. Міне, осындай тума мінез темперамент
деп аталады. Темперамент тѳрт түрлі. Сангви ник, холерик,
флегматик һәм меланхолик темпераменттері.
1) 
Сангвиник темпераменті – сыртқы әсерлерді жеңіл һәм
тез алу, бірақ терең ала алмау. Сангвиник адам ұшқыр,
ойнақы, еті тірі болады. Бірақ бір әсерден екінші әсерге секіріп
түсе беретін, бір әсерге аялдап тұра алмайтын тиянақсыз адам
болады. Әрбір істі бастап тұрып, тастап кететін болады.
2) 
Холерик темпераменті – сыртқы әсерлерді тез һәм терең
алу. Холерик адам әрбір әсер артынан салпақтай бермейді. Бір
алған әсеріне мықты, бекем болады. Кѳздеген мақсатын
қадағаламай, тиянақтамай, жолда шала қалдырмайды,
табанды, қайратты болады. Қиын-қыстау мәселені тез шешеді,
тез орындайды. Бірақ холерик адамның ашуы шапшаң һәм
қатты болады. Сол ашу себебімен кѳп уақытта ұнамсыз істер
істеп тастайды. Тіпті бір бет, қияңқы болады.
3) 
Флегматик темпераменті – әсерлерді әлсіз алу һәм ішкі
сезімдердің созалаң оянуы. Бірақ түбі берік болады. Флегматик
адам – ауыр мінезді адам, түрлі әсерге кѳрсе қызар болмайды.
Мәселені тез шешуге асықпайды, іс істегенде саспайды.
Шапшаң ашу, қызу мінез болмайды, салқын қанды болады.
Басын жарып, кѳзін шығарып, жан алып, жан беріп істі тез
бастап кете алмайды. Бірақ бір бастаса, салпақтап артынан
қалмайды.
4) 
Меланхолик темпераментіадамның ішкі сезімдердің
билігінде болуы, ѳзінің ішкі сезімдеріне, жалпы айтқанда,
ѳзінің ішкі дүниесіне берілген. Меланхолик адам аулақты
жақсы кѳреді. Ешкімге сенбейді. Істе қалтылдақ, жасқаншақ
болады. Тұрмыста кедергі ұшыраса, оның жүні жығылып,
қайраты сѳніп, жасып қалады. Меланхолик адамның үміттен
уайымы, қуаныштан қайғысы кѳп болады. Аз ғана кедергі оны
138


қалың уайымға, қайғыға түсіреді. Меланхолик адам ѳзіне
берілген. Ѳзім деген кісіге құл болғандай жақын болады. Бірақ
ана кісіден бұған жақпайтын қарсы мінез шығып қалса, оған
қас болып кетеді. Мұндай меланхолик адамның сіркесі су
кѳтермейді. Сондықтан мұндай адам бір бет, қыңыр-қисық
болады.
Темпераменттің бұл тѳрт түрі бір-біріне қатыспай, таза
күйінде ғана болады деуге болмайды. Кѳбінесе бұлар бір-
біріне аралас болады. Мысалы, бір адамда сангвиник
темпераменті мен холерик темпераменті аралас болады. Бір
адамда 
флегматик 
темпераменті 
мен 
меланхолик
темпераменті аралас болады. Һәм темперамент тұрмыстың
һәм тәрбиенің әсерімен ѳзгереді. Және темпераменттің түрлі
болуы біраз жас, ер, әйелдік һәм тұқымнан да болады.
Мысалы, кѳбінесе жас шақта адам сангвиник болады, ерлікте
холерик болады, кәрілікте флегматик болады. Кѳбінесе әйел
сангвиник болады. Ер холерик болады.
Қалайда әрбір адамда осы тѳрт темпераменттің біреуі
денірек болмай қоймайды. Денірек болатын темперамент
хатта нәресте шақтан біліне бастайды. Сондықтан тәрбиеші
баланың нәресте шағында-ақ оның тума мінезін һәм
темпераментінің түрін байқап, біліп қоюға тиіс, балаға оның
темпераментінің түріне қарай тәрбие беру үшін. Бірақ берік
білу керек: темпераменттің анасы жақсы, мынасы жаман,
анадай темпераментті ірі адам, мынадай темпераментті тѳмен
адам деуге болмайды. Адамды ірі қылатын темперамент емес,
ақыл мен құлық. Ақылы терең, құлқы сау адам қандай
темпераментті болса да тізгіндеп, түзу жолға түсіп кете алады.
Темпераментті 
тізгіндей 
білу 
үшін 
адамның 
жақсы
тәрбиеленуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет