Педагогикалық институты аманжол күзембайұлы еркін әбіл тарихнам а



бет100/124
Дата19.03.2023
өлшемі0.67 Mb.
#470947
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124
Kuzembayuly-A-Abil-E-Tarikhnama

4. Тарихшыларға қарсы репрессия
ХХ ғасырдың 30–жылдары ғылымдағы идеологиялық майдан шие­лені­се түсті. Коммунистік партия кейбір тарихшыларға сенімсіздік біл­ді­ріп, оларға қарсы репрессия жа­сау­ды қолға алды. Оған сылтау да табыла кет­ті. 1929 жылы қаңтар айын­да Петербург қаласында орна­лас­қан Ресей Ғылымдар Акаде­мия­сы­на 42 жаңа мүше сайланды. Өкіншке қарай сайлау барысында үш ком­му­нист қажетті дауыс жинай алмай қал­ды. Осыған байланысты газет бет­­терінде академиктерге қарсы, олардың «контр­ре­во­лю­циялық әре­кет­терін» әшкерелейтін мақалала топтамалары пайда болды. Қайта сайлау өткі­зіліп, коммунистер академик атанды.
Бірақ іс мұнымен бітпеді. 1929 жылдың тамызында Үкімет комис­сия­­сы Академияны тексеріске алды. Нәтижесінде 1929 жылдың мау­сым–жел­тоқ­сан айлары арсында 960 штатағы 128,830 штаттан тыс қызмет­кер­лер­дің 520 адамы қысқартылды. Әсіресе С. Ф. Платонов басқарған  Акаде­мия­­ның кітапхана мен Пушкин үйінің қызметкерлері зардап шекті. 1929 жы­лы біраз академиктер істі болып, әртүрлі мерзімге сотталды. 1930 жы­лы С. Ф. Платонов және оның әріптесі Е.В.Тарле сотталды. 1929–1930 жыл­дары 100 адамнан артық ғалымдар істі болды.
Тіпті айдауда жүрген немесе түрмеде отырған бұрынғы академия қыз­мет­келері қайта сотталды. Репрессия тек Ленинградта ғана емес, оның бөлімше­лері бар қалаларда да жүрді. Ашық соттың орнына істі болғандар тағдырын ОГПУ комиссиясы шешті. Аталмыш органның шешімімен 1931 жылдың 8–там­ыз­ында 29 адам әртүрлі мерзімге сот­та­лып немесе жер аударылды. Көпшілігі айдауда жүрген жерінде қайтыс болды. Академия­ның әртүрлі мекемелерінде қызметте жүр­ген бұрынғы патша офицерлеріату жазасына бұйы­рыл­­ды.
1930 жылдардың екінші жартысында кеңес тарихнамасы жаңа кезең­ге аяқ басты. Ішкі және сыртқы саяси жағдайдың күрделенуіне байланыс­ты тарих ғы­лы­мының алдына жаңа міндеттер қойылды. «Ә­лем­­дік рево­люция» идеясының сәтсіздігіне көздері жеткен кеңес коммунистері бас­шылары енді «социализмнің жеке бір елде жеңуі мүмкін» концепциясын ұсы­нады. Мұның өзі идеологиялық мәселелерге түзету жасауды та­лап етті.
Тарих ғылымының алдына қойылған жаңа талаптар тарихи меке­ме­лер­дің алдына жаңа міндеттер қойды. 1934 жылдың наурызында Халық ағарту комис­сариаты тарихты пән ретінде оқыту жөнінде жиын өткізді. Нәтижесінде мектеп­терде КСРО та­рихы мен жалпы тарихты оқыту, оқу құралдары мен оқулықтар жазу, оқы­ту­шы кадрлар дайынду мәселесі шешілді. Сол жылдың 15 мамырында «КСРО мектептерінде азамат­тық тарихты оқыту туралы» ВКП(б) Орталық комитетінің және КСРО Халық Комиссарлар кеңесінің біріккен қау­лысы бойынша мектеп ісі қайта құрылды. Көптеген жоғары оқу орындарында тарих факуль­тет­те­рі қайта ашылды. 1939 жылы олардың саны 15–ке жетті.
1936 жылғы 26–қаңтарындағы ВКП(б) ОК және КСРО Халық ко­мис­сарлар кеңесінің «Тарих оқулықтары туралы» біріккен қаулысы бойынша тарихи білім беру ісін жетілдіру үшін арнаулы ко­мис­сия құ­рыл­ды.
1938 жылдың басында «Правда» газетіне «История ВКП (б). Крат­кийкурс» оқулығының мәтіні жарияланды. 1938–1953 жылдар аралығын­да атал­мыш оқулық 67 тілде, 42816 мың данамен 301 рет басылып шықты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет