Пәні: Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі Мамандығы: 0103000-“Дене тәрбиесі және спорт” Біліктілігі: 0103023 – «Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі»


Лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар



бет10/23
Дата23.05.2024
өлшемі82.19 Kb.
#501736
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Кадеш Аслан

Лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар





  1. Допты сәл жоғары лақтырып, қайта қағып алу. Допты бір-біріне әр түрлі әдістермен лақтыру (жоғарыдан, астынан, бастан асыра) және оны қағып алу;

  2. Тар өткелмен допты домалату (өткелдің кеңдігі таяқшалармен жасалған). Домалап келе жатқан допты ұстап алу үшін допқа қарама-қарсы қимыл жасау керек.

  3. Теннис добын қашықтыққа және нысанаға жұмысшы қолымен лақтыру;

  4. Допты, шарды бір қолмен 2-2,5метр жерде тұрған бағанға (кеглиге) лақтырып (домалатып) тигізу;

  5. Тік тұрып, екі аяқты алшақ қойып, тізерлеп тұрып, малдас құрып отырып жоғары, төменнен (желке тұсынан бастан асыра) лақтырған допты (1-2метр жерден) қағып алу;

  6. Бір-біріне қарама-қарсы тұрып допты лақтыру және қағып алу;

  7. Допты жерге қатарынан 10 рет соғып шоршыту, допты екі қолмен алма-кезек жерге соғып ыршыту;

  8. 2-3 метр жердегі нысанаға екі қолымен допты дәл түсіру;

  9. 2-2,5 метр биіктіктегі нысанаға допты екі қолмен кезектеп лақтырып тигізу;

  10. 150-200г қалташаны (теннис добын) оң (сол) қолмен алысқа лақтыру, көрсеткіштерін анықтау;

  11. 1кг тығыздалған допты (мақта салынған қапшықшаны) аяқты алшақ қойып тұрып (отырып, тізерлеп) екі қолмен төменнен (бастан асыра) лақтыру.



Өрмелеуге арналған жаттығулар



  1. Көтерілу және түсу кездерінде баспалдақтарды жібермей, қолдарды дұрыс ұстай және аяқтарды дұрыс басу арқылы гимнастикалық қабырғамен өрмелеу;

  2. Гимнастикалық қабырғамен жоғары және төмен қадамдап басып өрмелеу;

  3. Әр түрлі заттардың астынан өрмелеп өту;

  4. Гимнастикалық орындықтың және бөрененің үстімен екі жақ қырынан ұстап еңбектеу (үлкен саусақ үстінде қалғандары жанында);

  5. Төрт тағандап 3-10м жерге дейін жарысу;

  6. Еңбектеп келіп, биіктігі 40-50см кедергінің астынан өту;

  7. Жүріп келе жатып, кедергінің астынан еңкейіп өту;

  8. Гимнастикалық орындық үстіне етпетінен жатып, алға қарай екі қолмен тартылып жылжу, бөрененің үстімен төрт тағандап жүру;

16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет