Домалату, лақтыру және қағып алу. Домалатып жіберген доптың артынан қуып жетіп ұстау, тәрбиеші шашып жіберген доптарды (шар, жаңғақ, кубик және т.б.) жинап, қорапқа салу, екі бала қарама-қарсы отырып, допты бір-біріне домалатып ұстау, 0,5-1,5 қашықтықта тұрып, лақтырылған допты екі қолмен қағып алу, 2-3м жерден екі бала қарама-қарсы отырып, екі қолмен допты бір-біріне кеуде тұсынан және бастан асыра лақтырып ұстау, допты бір қолмен 1м-1,5м қашықтықтағыорындықтың аяқтары арасынан домалатып өткізу, допты бір қолмен 1,5-2м қашықтықтағы өз бойымен бірдей етіп тартылған жіптің үстінен асыра лақтыру, екі қолмен желке тұста ұстап тұрған допты 1м-1,5м қашықтықтағы 1м биіктікке керілген жіптен асыра лақтыру, допты (шар, теннис добын) екі қолмен кезек-кезек неғұрлым алысқа лақтыру, допты 1-1,5м қашықтықтағы нысанаға дәлдеп түсіру, ішіне мақта салынған 500гр. допты екі қолмен домалату.
Еңбектеу және өрмелеу. Өз еркімен еңбектеу 5-6м жердегі ойыншыққа, допқа еңбектеп бару, екеуден жарыса еңбектеу, биіктігі 30-50см етіп қатар қойылған 3-4 орындықтың (доғаның, таяқшаның) астынан еңбектеп және жүрелей жүріп өту.
Тепе-теңдікті сақтау. Ені 25см тақтайдың үстінен жүру, жерде жатқан арқанның үстімен аяқты көлденең (табанның ортасымен) басып жүру, ирелеңдетіп (шеңбер жасап) тасталған жіптің үстімен жүру, бойы жететін жерге өрмелеп шығу, биіктігі 10-15см 4-5 доптан (кубтан, таяқшадан) аттап өту, ұстамай шыға алатын 20-25 см гимнастикалық орындықтың үстіне шығып, бір аяқпен тұру.
11
Екінші сәбилер тобы
(Үштен төрт жасқа дейінгі балалар үшін)
Алға қойылатын мақсаттар: әртүрлі қимыл түрлерімен таныстырып, оларды жасау жолдарын ұйымдастыру; дене бітімінің дұрыс қалыптасуына назар аудару; сәнді қимылдар жасауға жаттығып, ойын үстінде көңілді әрі белсенді болуға баулу; жүру мен жүгіру техникасын дұрыс жасату – аяқты көтеріп бастыру; қолдарын қалыпты сермету, еңсені көтеріп ұстату; ұзындыққа секіргенде аяқтың ұшымен түсуін қадағалау; лақтыру кезінде қолды дұрыс сермеп алысқа жеткізуге үйрету; балалардың өзара қимыл-қозғалысын үйлестіру; саптағы өз орнын тез табуға үйрету; көрсетілген жаттығуларды дұрыс жасауға, сөзді ынта қоя тыңдауға тәрбиелеу; серуен кезінде ұйымдастырылған қимылды ойындарға белсене қатысуға, тәртіпті болуға үйрету; шана, шаңғы, велосипед тебуге жаттықтыру; ойын-сауық кездерін де әрбір бала ұжымның белсенді бір мүшесі болып тәрбиеленуіне баса назар аудару;
Жүру. Бірінің артынан бірі жүру, қатар тұрып жүру, аяқтың ұшымен, өкшемен, тізені жоғары сілтей жүру; тізені сәл бүгіп, кеудені тік ұстап жүру; заттардың арасымен жүру; екіден және бір-біріне қарама-қарсы жүру; еңкіш қойылған тақтайдың, бөрененің үстімен жүріп түсу.
Жүгіру. Бірінің артынан бірі жүгіру; бір қолымен жіптен ұстап шеңберді бойлай жүгіру; көрсетілген бағыттарды алмастыра жүгіру; бұрылмалы жолдармен жүгіру; біреуді (бір нәрсені) қуалай жүгіру; жарыса жүгіру; 10-20метр қашықтықты қатарынан бірнеше рет жарыса жүгіріп өту; 60-80метр қашықтықтан жүру мен жүгіруді алмастыра отырып өтіп шығу; 1 минут бойы тоқтамастан жайлап жүгіру; 5метр жерді арлы-берлі 3 рет қайталап жүгіру, 160метр қашықтықты тоқтамай жүгіріп өту.
Секіру. Аяқты алға, артқа, екі жанға созып және аяқты бірге ұстап секіру; 3-4 метр жерге дейін қос аяқтап секіру; жоғарыда ілулі тұрған доп, лентаға басын (қолын) тигізе секіру; арақашықтықтары 25-30см болатын 4-6 сызқтан екі аяқты бірге ұстап, біртіндеп секіріп өту; биіктігі 5-10см қатарынан жатқан бірнеше заттан аттап, қос аяқтап секіріп өту; 15-20см биіктіктен жерге секіріп түсу; екі аяқпен кезек-кезек секіру; тізені биік ұстап жүгіру; бір орында тұрып 30-40см қашықтыққа қос аяқтап секіру.
Достарыңызбен бөлісу: |