Лақтыру және қағып алу. Екі аяқты бір-бірінен алшақ қойып тұрып (малдас құрып отырып, тізерлеп тұрып) қарама-қарсыдағы балаға допты төменнен, кеуде тұсынан және желке тұсынан бастан асыра лақтыру; допты (шарды) екі қолымен арақашықтығы 50-60см болатын орындықтың (доғадан, қақпадан, екі ағаш арасынан) аяқтары арасынан домалатып (лақтырып) өткізу; допты екі қолымен жоғары лақтырып (жерге соғып), қағып алу; үлкен допты екі қолымен биіктігі 1,5метр биіктікке тартылған жіптің үстінен асыра лақтыру; кішкене допты екі қолмен кезек-кезек лақтыру; допты (шарды, тасты 2-2,5метр қашықтыққа сызылған шеңбердің) құрсаудың, (қораптың, шұңқырдың) ішіне екі қолмен кезек-кезек дәлдеп түсіру;
12
кішкене допты(теннис добын, 200г құм салынған қалташаны) екі қолымен кезек-кезек неғұрлым алысқа лақтырып көрсеткіштерін анықтау; екі аяғын бір-бірінен алшақ қойып, екі қолымен 500г мақта салынған қапшықты төменнен, желке тұсынан, екі жанынан 2-2,5метр қашықтықта тұрған балаға лақтыру.
Еңбектеу және өрмелеу. Көрсетілген бағыт бойынша төрт табандап еңбектеу; 5-6метр жерге дейін жарыса еңбектеу; еңкіш тұрған тақтайдың үстімен (заттардың арасымен) еңбектеу; қырынан тұрған құрсаудың (шеңбердің) арасынан қолын жерге тигізбей өту; жерге жатқан сатының шабақтарын басып еңбектеп өту; гимнастикалық қабырғамен өрмелеу; екі қолымен бойы жететін жерден ұстап, екі тізесін жоғары көтеру.
Тепе-теңдікті сақтау. Гимнастикалық орындықтың , тақтайдың жерге сызылған ұзындығы 2,5м, ені 20-15м жолдың үстімен екі қолды екі жаққа жоғары көтеріп, желкеге қойып ұстап, тізені (өкшені) жоғары көтеріп тік жүріп өту.
Жерде жатқан сатының шабақтарын басып жүру, бірінің артынан бірі жүгіріп келе жатып, тәрбиешінің берген белгісімен кілт тоқтап (жүресінен отыра қалып кері бұрылып), жүгіруді қайта жалғастыру. Бір орында тұрып не биіктеу жерге шығып, аяқтың ұшымен (қолды жоғары соза көтеріп) неғұрлым ұзақ тұру. «Қарлығаш» жасау (бір аяқты артқа соза еңкейіп, екі қолды екі жаққа жайып, алға тура қарау), бір орында тұрып, екі жағына қарай кезек-кезек айналу, 400г қалташаны төбеге қойып, қолды екі жаққа созып жүру.
Би қимылдары. Музыка ырғағына сай жүру, жүгіру, әртүрлі жаттығулар орындау; би қимылдарын жасау; бірінің артынан бірі жүріп келе жатып, екіден және қайтадан бірден жүріп (жүгіріп) кету; әр бала саптағы өзінің сандық орнын біліп тұру; бірнеше топқа (бір жерге) жиналып, отыру және тұру.
Достарыңызбен бөлісу: |