Қимылды ойындар.
1) Жүріп және жүгіріп ойнайтын ойындар: «Көбелектер», «Қасқыр мен лақтар», «Ормандағы аю», «Косманавтар», «Өз сыңарынды қуып жет», «Кім шапшаң», «Тым тырақай», «Мысық пен тышқан», «Қос шеңбер».
2) Секіріп ойнайтын ойындар: «Қармақ», «Көжектер», «Тырна мен бақа», «Кенгуру», «Көбелекті ұста».
3) Еңбектеп және өрмелеп ойнайтын ойындар: «Қамбадағы тышқандар», «Маймылдар», «Қояндар».
4) Лақтырып және ұстап ойнайтын ойындар: «Түйілген орамал», «Қуа шап», «Керме жіп», «Домалатпай қағып ал», «Кім алысқа лақтырады».
5) Кеңістікті бағдарлауға үйрететін ойындар: «Ақ бұлақ», «Мен кіммін?», «Телефон», «Сақина салмақ», «орамал тастамақ».
13
Төрт-бес жастағы балалардың дене тәрбиесінің бағдарламасы
Білім беру міндеттері:
Дене жаттығулары және қозғалыс ойындарымен айналысудың пайдасы туралы білімді дамыту және тереңдете қалыптастыру.
Балаларды негізгі қозғалыс түрлерін әр қилы әдістермен орындаудың тәсілдерімен таныстыру.
Қозғалыстағы және қимылсыз қалыптағы жағдайда кеңістікте өзін ұстай алу қасиеттерін дамыту.
Қимыл әрекеттерді дұрыс орындай алу қасиеттерін қалыптастыру.
Балалардың жаттығуларды дұрыс орындау дағдыларын қалыптастыру.
Серуен кезінде ойындарды, жаттығуларды өз беттерімен ойнау (жасау) ережелерін дұрыс басшылыққа алып, тапқыр да епті болуға үйрету.
Сапта жүргенде арақашықтықты сақтауға және топ бастаушы болуға үйрету; ойын мен жаттығулар жасау кезінде ептілік пен төзімділікке бейімдеу.
Сауықтыру міндеттері:
Денсаулығын сақтау және нығайту;
Дене қалпын (осанка) дұрыс сақтау әдістерін қалыптастыру және бейімделу мүмкіндіктерін дамыту;
Лақтыру мен допты қағып алудың әртүрлі әдістерін үйрену;
Жүгіру, секіру техникаларын көрсету, үйрету, жетілдіру;
Шаңғымен сырғанауды үйретуді жалғастыру, велосипед тебудің әдістерін үйрету;
Негізгі қимылдарды жасағанда олардың жасалу сапасы мен дұрыс қалыптасуын қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |