ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің



бет9/15
Дата11.06.2016
өлшемі1.13 Mb.
#128347
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15

2. Халықаралық дербес құқықтың субъектілерінің кұқықтары мен міндеттерін анықтайтын және тікелей реттейтін материалдық құқықтық нормалардан ерекшелігі коллизиялық норма осы қатынасқа байланысты қай мемлекеттің құқығын қолдану керек екендігін көрсетеді.

ҚР АК-нің 1112-бабы тараптардың сыртқыэкономикалық мәміледегі құқықтары мен міндеттерін тараптардың келісімімен таңдалған елдің құқығына бағынады деп көрсетеді.

Сыртқыэкономикалық мәмілеге байланысты тараптардың кұқықтары мен міндеттері бағынатын құқықты анықтау ҚР-ның заңнамасында тараптардың еркіндігі қағидасына негізделеді (lex voluntatis). Бұрынғы Кеңес Одағының заңында да бұл қағида көзделген, бірақ ол өзгеше жазылған болатын:

«Сыртқыэкономикалық мәмілеге байланысты тараптардың құқықтары мен міндеттері егер тараптар өзгеше келіспесе шарт жасалған елдің құқығымен анықталады» делінген.

Ал ҚР заңы мұны нақтылап, толықтырып көрсетеді, яғни тараптың өздерінің бекітілген мәмілелеріне қолданылатын құқықты өздері шарт жасап жатқанда немесе одан кейін өзара келісімдері негізінде таңдап алуға құқылы делінген. Бірақ ҚР заңы бойынша шарттардың кейбір түрлеріне қолданатын құқықты тараптардың таңдап алуына жол берілмейді, яғни императивтік нормалар бекітілген. Ол ҚР АК-нің 1113-бабының 2 және 3-тармақтарында көзделген:

1. Нысанасы қозғалмайтын зат болып табылатын шарт бойынша, сондай-ақ, мүлікті сенімгерлікпен басқару туралы шарт бойынша кұқықтар мен міндеттемелерге сол мүлік тұрған елдің құқығы, ал Қазақстан Республикасында мемлекеттік тізімге енгізілген мүлікке қатысты Қазақстан Республикасыньщ кұқығы қолданылады.

2. Бірлескен қызмет және құрылыс мердігерлігі туралы шартқа мұндай қызмет жүзеге асырылатын немесе шартта көзделген нәтижелер жасалатын елдің құқығы қолданылады.

3. Конкурстық сауда-саттықтың (теңдердің, аукционның) қорытындылары бойынша немесе биржа орналасқан елдің құқығы қолданылады.

Егер бұрын тараптар «бірлескен өнеркәсіп» кұру туралы бірлескен қызмет шартын жасай отырып, қай елдің құқығын қолданатынын таңдап алатын болса, қазіргі жағдайда мұндай еркіндік шектелген.

Егер тараптар жасасқан мәлімдеме олардың қай мемлекеттің құқығын қолданатындығы туралы келісімі болмаған кезде ол шартқа ҚР АК-нің 1113-бабының ережелері қолданылады.

Олар:

1) сатып алу-сату шартында - сатушы;



2) сыйға тарту шартында - сыйға тартушы;

  1. мүлікті жалға (арендаға) беру шартында - жалға беруші;

  2. мүлікті тегін пайдалану шартында - несие беруші;

  3. мердігерлік шартында - мердігер;

  4. тасымалдау шартында - тасымалдаушы;

  5. көлік экспедициясы шартында - экспедитор;

  6. карыз немесе өзге де несие шартында - несие беруші;

9) тапсырма шартында - сенім білдірілген адам;

  1. комиссия шартында - комиссионер;

  2. сақтау шартында - сақтаушы;

  1. сақтандыру шартында - сақтандырушы;

  2. тапсырма беру шартында - тапсырма беруші;

  1. кепілге салу шартында - кепілге салушы;

  2. айрықша құқықтарды пайдалану туралы лицензиялық шартта - лицензиар болып табылатын тараптар құрылған, тұратын жері болады.

Азаматтық кодекстің 1113-бабында көрсетілген шарттың 15 түріне байланысты 15 түрлі байламдармен қатар азаматтық заңнамада өндірістік әріптестік, құрылыс және басқа да күрделі құрылыстарды жүргізуге байланысты ережелер көрсетілген. Оған сәйкес егер тараптардың келісімінде өзгеше керсетілмесе ондай жағдайда осындай қызметтің жүзеге асырған жер құқығы
немесе шарт бойынша нәтиже жасалған жердің құқығы қолданылады.

Егер тараптардың қолданылуға тиісті құқық туралы келісімі болмаған кезде, мұндай шарттың мазмұны үшін шешуші маңызы бар, орындауды жүзеге асыратын тараптар құрылған, тұрғылықты жері немесе қызмет орны болған елдің құқығы қолданылады.

Сонымен, 1995 жылғы қабылданған Азаматтық кодексте жаңа халықаралық шарттардың түрі және даму дәрежесі ескерілген өзге де мәмілелерге қатысты бекітілген жер заңын қолдануға байланысты коллизиялық, нормалар бар. Азаматтық кодекстің 1113-бабының 5-тармағына сәйкес, шарт бойынша орындауды қабылдауға қатысты тараптар өзгеше келіспегендіктен, осындай қабылдау өткізетін орынның құқығы ескеріледі.

Шарт жасасу барысында онда тәжірибеде, яғни шарттың өзінде шарт жасалған мемлекетті немесе елді көрсетеді. Егер ондай мемлекет немесе ел көрсетілмесе шарттың мәнінен оны анықтауға болады. Сол арқылы шартқа егер тараптардың арасында өзгеше түрде көзделмесе шарт жасалған елдің құқығын қолдануға болады.

Сыртқыэкономикалық мәмілеге құқықты таңдау жолымен мәмілеге міндетті статут бекітіледі. Міндетті статут негізінде тараптардың шарттық міндеттерін орындамаған жағдайда пайда болатын құқықтары мен міндеттері анықталады және міндетті статут негізінде жауапкершіліктен босату жағдайлары да қарастырылады, талап ету мерзімі де көрсетіледі.

Сонымен қатар, міндетті статут сыртқы сауда шартының кол қою нысанына қолданылмайды, өйткені заң бұл мәселелерге байланысты ерекше ережелер бекітеді.

Халықаралық сатып алу-сату шартын реттейтін материалдық құқықтық норманың болмауы ол коллизиялық нормаларды қолдануға итермелейді, ал ол өз негізінде халықаралық сауда-саттықтың дамуына кедергі жасайды.

БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1966 жылғы 17 желтоқсандағы резолюциясында халықаралық саудадағы байланысты мемлекеттің заңдарының арасында қайшылықтар оның дамуына кедергі келтіреді делінген.

Ұлттық заңдар бір-бірінен ерекшелінеді және бір мәселеге байланысты әртүрлі ережелерді бекітеді.

Әр түрлі халықаралық ұйымдар және де жеке мемлекеттер сыртқы сауда айналымын реттейтін біріздендірілген норма жасауға, қалыптастыруға әрекет жасады.

Бұндай біріздендіру мына жолдармен жүзеге асуы мүмкін:


  1. ұлттық заңдарға халықаралық заңдар шарттар шеңберінде жасалған нормативтік ережелерді енгізу;

  2. біркелкі заңдарды қалыптастыру;

  3. әр түрлі топтық шарттарды қолдану;

4) халықаралық ұйымдардың қалыптасқан сауда-саттыққа байланысты әдет-ғұрыптарын сауда-саттық терминдердері деп аталатын құжатқа біріктіру.

Осыған байланысты 1964 жылы өткен Гаага конвенциясының сессиясында халықаралық сатып алу-сату шартын жасасуға қолданылатын біркелкі заңдар туралы Гаага конвенциясы және тауарларды халықаралық сатып алу шарты туралы Гаага конвенциясы қабылданды, бірақ күшіне енеді. Себебі, бұл батыс елдерінің заңына сүйене отырып, жасалған еді.

БҰҰ-ның халықаралық сауда комиссиясы өз алдына құқықтық жүйесі әр түрлі көптеген елдерге қолайлы болатын унификацияланған ережелерді жасау туралы мақсат қойды. Осы Комиссияның жұмысының нәтижесінде 1980 жылы Венада қабылданған халықаралық сатып алу-сату шарты туралы Вена конвенциясының жобасы жасалды. Бұл конвенцияның кіріспе бөлімінде әр түрлі коғамдық, экономикалық және құқықтық жүйені қамтитын және халықаралық сатып алу, сату шартын реттейтін біркелкі норманың қабылдануы халықаралық сауда-саттықтағы кедергілерді жоюға және оның дамуына ықпал етеді делінген.

Бұл конвенцияда талап ету мерзімі және дауды шешу тәртібіне байланысты ештеңе айтылмаған. Бірақ талап ету мерзімі 1974 жылы қабылданған халықаралық сатып алу-сатудағы талап ету мерзімі туралы конвенциямен реттеледі.

Ешқандай коллизиялық нормаларды қамтымайтын 1980 жылғы конвенцияның қабылдануы сол конвенциямен қамтылмаған басқа да материалдық нормаларды қолдау кажеттігін туғызды. Содан кейін, 1985 жылы кезектен тыс Гаага конференциясында халықаралық сатып алу-сату шартына қолданылатын құқық туралы конвенция қабылданды.

Коллизиялық проблемаларды жоюдың тағы бір жолы - типтік контракт болып табылады. Бұл көбінесе ірі экспортерлар мен импортерлар арасында және олардың бірлестіктері мен ассоциация арасында қолданылады.

Бұл негізінде XIX ғасырдың соңында қолданыла бастаған.

Теңіз тасымалына қатысты сатып алу-сату шартын бекіткенде және орындағанда тараптардың құқықтары мен міңдеттеріне қатысты қолданылатын әдет-ғұрыптың маңызы зор. Осы әдет-ғұрып негізінде халықаралық сауда тәжірибесінде «фоб», «сиф», «фас» және де «каф» жағдайындағы шарттар қолданыла бастады Бұл терминдер ағылшын сөзінің бас әріптерінен құрылған: «фоб» free on board (бортта еркін); «сиф» сөзі, insurance, freight (баға, сақтандыру, фрахт); «фас» free along side ship (кеменің бортына дейін еркін); «каф» cost and freigtht (баға және фрахт). Бұл терминдердің түсінігі Халықаралық сауда палатасы шығарған сауда әдет-ғұрыптары жинағында («Trade Terms») жазылған. Бұдан басқа халықаралық терминдерді талқылау ережесін - «Халықаралық сауда палатасы сауда терминдерін» Incoterms қабылдады. Осы көзге дейін Инкотермске жеті өзгеріс енгізілген, ең соңғысы 2000 жылы енгізілген. 2000 жылы аса көп өзгеріс енгізілген жоқ ол негізінен екі терминге байланысты, олар FSA және DEQ, ҒSA бойынша кедендік рәсімдеуді сатушы жүргізеді, ал DEQ бойынша кедендік рәсімдеуді сатып алушы жүргізеді.

Сонымен қатар, материалдық-құқықтық нормалар жеткізудің жалпы ережесінде де кездеседі. Бұған байланысты екі мемлекеттің үкіметі халықаралық нормативтік сипатқа ие шарт жасасады. Шартта тауар жеткізудің жалпы ережелері көрсетіледі. Осы екі мемлекеттің кәсіпорындары өзара сатып алу-сату шартын жасасқан кезде осы мемлекетаралық шартта көрсетілген тауар жеткізудің жалпы ережелерін негізге алады.

3. Коммерциялық контрактіге міндетті статутты бекіткенде Англия, Германия, АҚШ және Франция соттарының негізге алатын мәселесі доқтриналарда үлкен танымалдықпен қолданылатын тараптардың еркіндігі қағидасы болып табылады. Ол бойынша тараптар өздерінің шарттық міндеттемелеріне қолданылатын құқықты таңдауға ерікті.

Тараптардың шарттық тығыз байланысты ел заңын қолдануға байланысты таңдауы шектелген бе? Бұл сұраққа аталған мемлекеттердің коллизиялық доктриналары тәжірибеге сүйене отырып, көп жағдайда шектелген тараптардың еркіндігін қолдайды. Кейбір коллизионистер уәкілетті құқыктық тәртіпті таңдаған жағдайда тараптардың шектелмеген еркіндігіне қарсы шығады.

Коммерциялық шарттарда тараптардың шарттық міндеттемелерінің жекелеген бөліктері әр түрлі құқық жүйесімен реттелетін жағдайлар да кездеседі.

Доктрина тараптар шарт жасасқан кезде өркениетті халықтардың құқықтарының жалпы кағидаларын қолдануға жол береді. Жасасқан шарттың мазмұнынан және одан туындайтын жағдайлардан тараптардың нақты еркіндігін біле алмаса, Франция, Англия, Германия және АҚШ соттары тараптардың болжамды еркіндігін немесе осы жағдайларда әділетті және ақылды адам қандай құқықты таңдайтыны жайлы сұрақты шешеді. Жаңа ағылшын сот тәжірибесінде тараптардың болжамды еркіндігін теріске шығарып, «әділетті және ақылды адам бұл жағдайда қандай құқықты таңдар еді» дегенді басшылықка алғанды жөн көреді.

Тараптардың болжамды еркіндігін және ақылды адам еркін теріске шығара отырып, жоғарыда аталған мемлекеттердің соттары кей жағдайда сот тәжірибесінде көп кездесетін презумпцияны қолданады.

Өздерінің клиенттеріне жалпы тәртіпте қызмет көрсететін мекеменің орналасқан жер заңына қатысты презумпция үлкен мәнге ие болды. Банктердің, сақтандыру ұйымдарының, транспорттық мекемелердің және басқа да ұйымдардың клиенттері жалпы тираждағы шығарылған нысанда шарт жасасу туралы ұсынысты қабылдағанда сол шарттың нысанын жасаған кәсіпорынның орналасқан жер заңын шарт нысанына қолдануға келіскен деп танылады.

Нысанда көрсетілген талаптарды қабылдау «шартқа қосылу» деп аталады. Бұл терминді алғаш рет француз цивилисті Салейлем 1901 жылы қолданған.

Мұнда негізінен клиент шарттық талаптарын жасауда және талқылауда қатыспайды, ол тек оған қол қою аркылы шартқа «қосылады».

Қосылу шарттары бойынша кейінгі кездері Германия, АҚШ тәжірибесінде онда көрсетілген клиентке тиімсіз талаптарды жарамсыз деп жариялауда. Бұл негізінен, шарт талаптарындағы «тараптардың еркіндігі» қағидасына байланысты болып тұр.

Ал Германия және Италияның соттары тараптардың жалпы азаматтығына немесе жалпы домицилиіне назар аударады.

Әр түрлі елдердің соттары даулы міндеттемелерге қолданылатын көптеген құқық жүйелерінің ішінен кажетті құқықтық жүйені таңдағанда көптеген жағдайларда сол даулы міндеттеме қай құқық жүйесінде жарамды болса сол құқықтық жүйені таңдайды. Соңғы кезде тәжірибеде және теорияда міндетті статутты анықтау негізінде бір ғана критерийді қолданып қана қоймай, қандай да бір жағдайда басымдық бермей, критерийлердің жиынтығын қолдану басшылықка алынуда. Чешир бұл презумпцияны колдайды. Өйткені, бүкіл шарт жағдайларын негізге алудың орнына оның белгілі бір жағдайына ғана басымдылық беріліп, сол арқылы ол дау дұрыс шешілмейді дейді. Шартты талқылау оның барлық объективті белгілері негізге алына отырып, жүргізілуі керек.

Міндетті статутты белгілеу кезінде көптеген жағдайларда шарттың жасалған жері немесе жүзеге асқан жері негізге алынады және олар тұрақты деп саналады. Бірақ, Германияда шартта тараптар таңдаған құқықтық жүйе көрсетілмесе, онда оған шарттың орындалған жер заңы қолданылады. Бұл критерий коллизиялық мәселелерді шешкенде үлкен қиыншылықтарға соқтырады. Бұл әсіресе сатып алу-сату шартына байланысты және де синаллагматикалық шарттардың коллизиялық мәселелерін шешкенде үлкен қиындықтарға соқтырады. Көптеген жағдайларда сатушының және сатып алушының міндеттері екі түрлі құқықтық жүйеге бағынышты болады, бұлардың бір-біріне байланысты болуына қарай күрделі конструкцияның кажеттілігі туындайды.

Біз жоғарыда шарттық міндеттемелердің статутына байланысты коллизиялық мәселелерді және олардың Англия, АҚШ, Франция және Германияның тәжірибелерінде калай шешілетіндігі жайлы айттық, енді шарттың нысанына тоқталсақ, Англия, Франция және Германияның тәжірибесінде шарттық нысаны шарт жасалған елдің құқығына немесе шартта қолданылады деп көрсетілген басқа елдің құқығына сәйкес болса, бұл негіздер бойынша сот шартты жарамсыз деп тани алмайды.

Шарттың нысанына байланысты мәселелерді шарт жасалған жер заңы (lex loci contractus) бойынша шеше отырып, сот бірнеше қиыншылықтарға тап келеді.

Мысалы: тараптар қатыспай жасалатын (договор между отсутствующим) шарттын нысанына қатысты қиыншылықтарға тап келеді.

Батыс елдерінің, әсіресе ағылшын-американдық тәжірибеде мәміленің нысанына байланысты шетелдік заңның ережелерінің сипатына байланысты сұрақтар кездеседі. Ол: мәміленің нысаны процессуалдық па, әлде материалдық құқықтық сипатта ма деген сауалдар. Егер құзыретті шетелдік заң шарттың жазбаша жасалып, гербтік салыммен жасалуын талап етсе, онда бұл талаптың сақталмауы ертеңгі күні шарттың дәлелдеме ретінде қолданбай, сот қорғауынан айырылатындығын білдіреді. Бұл жағдайларда Англия мен АҚШ соттары мұны қолданылуға жатпайтын процессуалдық норма деп таниды.

Егер де осы талаптарды сақтамау, белгілі бір шетел заңнамасы бойынша шарттың жарамсыздығына алып келсе, бұл жағдайда соттар оны эксаумақтық қызмет етуші материалды норма деп түсінік берген. Мұндай түсініктің дұрыс еместігі айкьш, егер коллизиялық сауал шетел заңнамасының пайдасына шешілсе, онда қалған барлық заңның құқықтық институттары шетел заңнамасының негізінде ғана қолданылуы мүмкін.

Заттық құқықтарды орнатудың пәні болып табылатын мәміленің нысаны заттың орналасқан жерінің заңына бағынады. Германдық Азаматтық заңдар мен француздық тәжірибенің Кіріспе заңдарының 11-бабының екінші абзацына сәйкес, жалпы ережелерден ерекше жағдайларды барлық заттың сипаттамадағы мәмілелеріне қолданылады, ал ағылшын-американдық құқық мұны тек жылжымайтын мүлік мәмілесіне ғана қатысты қолданады. Сауда мәмілелерін жасауға байланысты тұлғаның кабілеттігі бойынша түрлі елдердің соттарының жалпы теңденцияларына шолу жасадық. Олар заңның қолданылуын тұлғаның жеке заңын қолдануға дейін тарылтады немесе шарттың жасалған жер заңын қолдануға дейін оны кеңейтіп жіберуі мүмкін. Бұл сауалдар АҚШ пен Англияның тәжірибесінде корпорациялық құқық кабілеттілігіне байланысты шыкқан «жалпы құқық» доктринасының шығуына байланысты маңызға ие бола бастады. Қазіргі таңда корпорациялық мәмілені жасау бойынша қабілетгілігіне байланысты сауалдар коллизиялық құқық аспектісінде келесідегідей шешіледі: негізінен capacity корпорацияны құру заңына, яғни қай мемлекеттің немесе штаттың заңы бойынша корпорация құрылды, соған байланысты болып келеді. Аталған заң корпорацияның құқық қабілеттілігінің шектерін айқындайды, өйткені Гудричтың айтуы бойынша «жасаңды түрде жасалған ұйымның -корпорацияның құқық қабілеттілігі онын сыртта мәміле жасауынан кеңейіп кетпейді, бірақ бұл ретге мәміле нысаны бойынша корпорацияға ертеңгі күні арыз қойылатын болса, корпорация шарт корпорациясының құқық кабілеттілігінен асырып жасалған деп үәж айта ала ма деген сұраққа жауап береді. Сонымен катар, жекелеген жағдайларда инкорпорацияның жерінде шығарылған жалпы сипаттағы норма оның белгілі бір әрекеттерді жасауына шектеу болып табылады ма? Осы сұрақтарды шешіп алуымыз керек. Бірінші жағдайларда корпорацияның құқық, кабілеттілігі барлық жағдайда шешілетіндігі айтылады; ал екінші жағдайда тек аумақтық сипаттағы тыйым туралы сөз болады.

Мәмілелердің мәні бойынша жарамдылығына байланысты коллизиялық сұрақтарды шешуде үлкен қиындықтар туындайды. Бұлардың қатарына ерік білдіруді бұзу, заңдылықты және шарттың сол немесе басқа бір шарттарын орындамауды жатқызуға болады.

Ағылшындық соттар мен Германияда шарттың жарамдылығын міндеттемелік статут бойынша шешетін, яғни шарт жарамды деп танылған жағдайда оның әрекеттері реттелетін заңмен шешеді. Сондықтан да, мәселен, екі жақты да қанағаттандыру бойынша ағылшындық құқық нормалары бойынша емес, басқа шетелдік құқық нормаларымен жасалған болса, қолдануға жатпайды. Келесі бір мысал: егер ағылшындық, француздық фирмалар арасында жасалған шарт ағылшындық заңнамаға сәйкестендіріліп жасалса және ағылшындық материалдық кұқықта оған шек қойылмай, бірақ француз заңнамасына сәйкес жасалса британдык сот оны заңсыз деп танымайды.

Бірақ бұл жағдайда, мұндай француздық шек кою Францияда шарт орындалатын болса онда француз заңы ескерілуі тиіс.

Бұл жағдайда шетелдік заң фактілік жағдайдағы маңызға ие болады. Бірақ, бұл тұста ағылшындық заң жауапкердің міндеттемені тиісінше орындамауы туралы мәселені шешкен кезде материалдық құқықтық нормаларын ескеруі тиіс.

 Өзін өзі бақылау сұрақтары

1. Сыртқыэкономикалық мәміленің жалпы сипаттамасы және оның түрлерін сипаттау.

2. Сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін және оларды жою шараларын талдау.

3. Англия, Германия, АҚШ және Франция құқығындағы сыртқыэкономикалық мәміленің коллизиялық ережелерін ашу.



Ұсынылатын әдебиет

1. Звеков В.П. Международное частное право. М., 2000.

2. Лунц Л.А. Курс международного частного права. М., 1975.

3. АнуфриеваЛ.А. Международное частное право. М., 2000.

4.Розенберг. Международная купля-продажа товаров. М., 1995.

5.Испаева Г.Б. Право, подлежащее применению в международной купли-продажи. Алматы, 1998.


Тақырып 14. Халықаралық дербес көлік құқығы

  1. Халықаралық дербес көлік құқығының түсінігі.

  2. Халықаралық тасымалдау.

  3. Жүкті тасымалдау шарты бойынша жауапкершілік және жолаушы мен теңдеме жүкті тасымалдау

1. Халықаралық көлік құқығы – халықаралық құқық бөлігі. Халықаралық дербес көлік құқығы халықаралық дербес құқықтың бөлігі ретінде ұлттық заңнамада, халықаралық көлік конвенциялары мен келісім-шарттарында мазмұндалған, тасымалдау қатынастарын реттейтін құқықтық қағидалар мен нормалар кешені. Халықаралық дербес көлік құқығының пәні ретінде жеке және заңды тұлғалар қатысушысы болып келетін көлік міндеттемелері табылады. Жүкті, жолаушыларды және теңдеме жүкті тасымалдаудың құқықтық реттеуіндегі ерекшелік ретінде оның халықаралық сипаттағы нормалар мен әдет-ғұрыппен қатар, коллизиялық және ұлттық заңнама нормаларымен реттелуі табылады.

Бұл нормалар мүліктік қатынастарды реттейді, сондықтан азаматтық құқыққа жатады. Ол өзбетінше ерекше қатынастар тобын құрайды және азаматтық құқықтың бір бөлігі болып келетін, халықаралық дербес құқықпен реттеледі.

Халықаралық дербес көлік құқығында ерекше бір сұрақ халықаралық көлік ұйымдары. Халықаралық құқық халықаралық ұйымды үш егеменді мемлекеттен тұратын, тұрақты органдары бар және өкілеттігі анықталған қызмет тәртібі бар түрінде сипаттайды. Бұл бірлестік, байланыстың мақсаттары мен қағидалары көзделген, бірлесіп әзірленген шартқа негізделеді.

Енді халықаралық дербес көлік құқығы нормаларының әзірленуіне табыс жасаған көлік ұйымдарын қарастырайық.

1. Теңіз көлігі саласында – халықаралық теңіз комитеті (ХТК) – 1897 жылы құрылған. Кемелердің соқтығысуы үшін жауапкершілік және кеме иелерінің жауапкершілігін шектеу сұрақтарымен айналысады. Бұл комитет 20 жуық конвенцияны әзірлеуге ат салысқан. ХТК-ның бастамасымен «Гаага ережелері» деген атпен белгілі 1924 жылғы коносамент жөнінде кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы қабылданды.

Халықаралық теңіз ұйымы (ХТҰ) БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің бірі, 1958 жылы құрылған. ХТҰ халықаралық теңізде жүзу сұрақтары бойынша көпжақты келісімдердің жобаларын дайындаумен айналысады. Мәселен, келесі Конвенциялар қабылданды: 1969 ж. Мұнаймен қоршаған ортаны ластағаны үшін азаматтық жауапкершілік туралы Конвенция; 1974 ж. Жолаушылар мен теңдеме жүкті теңіз бойынша тасымалдау туралы Афиндік Конвенция және т.б.

Халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ), БҰҰ арнайы органы 1966 жылы құрылған.

2. Әуе көлігі саласында – Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), 1947 жылы құрылған. ИКАО «Халықаралық авиациялық регламенттер» деп аталатын халықаралық азаматтық авиация қызметіндегі сұрақтар бойынша халықаралық стандарттар мен практиканы әзірлейді.

ИКАО-дан басқа азаматтық авиация саласында аймақтық авиа ұйымдар халықаралық қатынастардың дамуына үлкен ықпал етеді – Азаматтық авиацияның Еуропалық конференциясы (ЕКАК), Қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша Еуропалық ұйым (Еуробақылау), Азаматтық авиацияның Африка комиссиясы (АФКАК), Аэронавигацияға қызмет көрсетудің Орталық америка ұйымы (КОКЕСНА), Азаматтық авиацияның Латынамерикандық комиссиясы (ЛАКАК) және Араб мемлекеттерінің азаматтық авиация кеңесі (КАКАС). Сонымен бірге, көптеген үкіметтік емес авиа ұйымдар бар. Мәселен, Әуе тасымалдаушыларының халықаралық қауымдастығы (ИАКА), Әуе чартерлі тасымалдаушыларының қауымдастығы (АККА) және т.б.

3. Теміржол көлігі саласында арнайы халықаралық ұйымдар белсенді қызмет атқарады: Теміржолдардың байланыс ұйымы (ТБҰ) және Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВП). ТБҰ-ның негізгі мақсаты – халықаралық жолаушылар мен жүк қатынастары туралы келісімдердің істерін жүргізу. ЖВП – қатысушылармен жалпы паркіге берілген, теміржол вагондарының бірлескен пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін құрылған еуропалық мемлекеттердің арнайы халықаралық ұйымы.

Теміржол саласында тағы бір ұйым ретінде Бернде орналасқан Халықаралық теміржол қатынастарының орталық бюросы табылады. Бұл ұйымның мақсаты – халықаралық келісім-шарттар бойынша істерді жүргізу және әзірлеу мен қайта қарау табылады. Бұл ұйым құқықтық материалдар мен сот практикасын кешенді түрде жариялайды.

Үкіметтік емес ұйымдар да үлкен рөль атқарады - Берндегі Теміржолдар көлігінің халықаралық комитеті.

Еуропалық экономикалық комиссияның ішкі көлік бойынша комитеті 1947 жылы БҰҰ-ның Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің 4 сессиясындағы шешімімен құрылған. Бұл Комитет теміржол, автожол және су көлігі сұрақтары бойынша Еуропалық экономикалық комиссияның кеңесші органы және оның мақсаты – көлік саласындағы қатысушы-мемлекеттер арасында байланыстарды дамытуға көмек көрсету табылады.

Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінің Экономикалық комиссиясының ішкі көлік бойынша комитеті 1951 жылы құрылған. Бұл ұйым Еуропадағы сияқты мақсаттарды аз дамыған және дамушы мемлекеттерде жүзеге асырады.

Теміржолдардың халықаралық одағы (ТХО) 1922 жылы құрылды. 1951 жылдың 1 қаңтарында ТХО-мен бір жағынан және Жолаушылар мен теңдеме жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк вагондары бойынша Халықаралық одақ, Жүк поездарының кестесі бойынша Еуропалық конференция, Теміржол көлігінің халықаралық комитеті және Еуропалық жолдарда автожол қызметін көрсету бойынша одақ екінші жағынан қызметтерді тығыз басқару және сұрақтарды шешуде келісімге келді.

4. Автокөлік саласында арнайы мамандандырылған халықаралық үкіметтік ұйымдар жоқ. Үкіметтік емес ұйымдар ішінде халықаралық автокөліктің дамуына үлкен үлесін қосып келе жатқан ұйым – Автокөліктің халықаралық одағы (АХО) табылады, ол 1948 жылы құрылған. Орналасу жері – Женева қаласы. Одақ мақсаты – барлық мемлекеттерде ұлттық және халықаралық автокөліктің дамуы, кәсіби тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау және олардың еңбегін жеңілдету табылады. Негізгі міндеттер қатарына кедендік қиындықтарды жою табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін Еуропалық экономикалық комиссияның шегінде АХО-ның бастамасымен «ТИР Конвенциясы» қабылданды. Конвенциямен белгіленген МДП кітапшаларын қолдану жүктердің транзитті авто тасымалдауының дамуына әкеледі. 1955 жылы АХО-ның бастамасымен тез бұзылатын азық-түліктердің тасымалдауы бойынша халықаралық ұйым құрылған. Осындай тауарлардың ірі тасымалдаушылары осы ұйымның мүшелері.

Экспедициялық қауымдастықтардың халықаралық федерациясы (ФИАТА) 1926 жылы құрылған ұйым. Бұл ұйымның негізгі мақсаты – экспедициялық-көлік қызметтердің сапасын жоғарлату және кеңейту табылады. ФИАТА экспедиторлық фирмалардың мүдделерін БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік ұйымдарында білдіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет