ПЭТ қалдықтарының пайда болу қайнары
Полиэтилентерефталатқа деген сұраныс өсуіне байланысты, қалдықтардың саны да өседі.Қазіргі кезде ПЭТ қалдықтары барлық пластмасса
қалдықтарының 30% құрайды, соның 80% өңделуде.[11].
ПЭТ қалдықтары барлық бұйымдар шикізаттарын өңдеу процесс стадияларында пайда болады( экструзия, құю, пресстеу, вакуумды қалыптасу, дайын үрлеу).[12]. Мысалы, листты материалдардың вакуумды қалыптасу процесі экструдердің толық өндірісінен 15-35% ПЭТ қалдықтарының қалыптасуымен болады.Және де, құю бұйымдарының өлшемдері азайған сайын калдықтардың пайда болу салыстырмалы көрсеткіштері жоғарылайды.
Шикізат пен қолданылатын технологияғабайланысты преформа жасауда ПЭТ қалдықтарының көлемі 0,6-0,9% құрайды, ал преформадан жасалатын сыйымдылықтар жасауда орташа есеппен полиэтилентерефталат көлемі 0,3% құрайды.[13].
Бірақ, ПЭТ қалдықтарының негізгі үлесін сусындардың пластикалық бөтелкелері құрайды. Әсіресе Ресейде 90% полиэтилентерефталат гранулы ПЭТ-преформа жасауға қолданылады (1-сурет), осылардан алдағыда бөтелке үріледі.
Талшықты 6% 1%Үлдірлі
93%Бөтелкелі
1-cурет. ПЭТ гранулятының тұтыну құрылымы.
Қазіргі таңда Ресейде ПЭТ-тің жарты миллион тоннасы ПЭТ-бөтелкегеөңделуде, және сәйкесінше сонша кең спектрлі қолданатын жоғары сапалы полимер қалдықтары пайда болады.[15]. Және де, тек қана Мәскеу қаласының өзінен жыл сайын 60 мың тонна полиэтилентерефталат қалдықтары жиналады.[16,17].
Екіншілік ПЭТ-тің өңделуінің негізгі бағыттары
Екіншілік полиэтилентерефталатты [21-32].өңдеудің бірнеше негізгі бағыттарын алсақ, бұларды шартты түрде үш негізгі топқа бөліп қарастыруға болады: механикалық, химиялық және термиялық (1-кесте).Кестеде екіншілік полиэтилентерефталлатты өңдеудің негізгі әдістері көрсетілген. Кестеде қалдықтардың өңдеу дәрежесі, жалпы қолданылуы т.б. бейнеленген.
1-кесте. Екіншілік полиэтилентерефталатты өңдеудің негізгі әдістері[33].
ПЭТ қалдықтарын өңдеу әдістері
|
Қалдықтардың ластану мүмкіндік дәрежесі
|
Өңделетін қалдықтардың жалпы көлеміндегі өңдеу тәсіл үлесі, %
|
Өңдеу нәтижесінде алынған заттардың қолдану облысы
|
Механикалық
|
Төмен және орташа
|
70-75
|
Орама үшін, талшық өндіру (жабынды, жасанды жүн, спорттық кйімдер), конструкциялық пластик автомобиль жасау үшін
|
Химиялық
|
Орташа
|
5
|
Клей өндірісі үшін полиэфир алуда, жабынды және ПЭТ-ті қайта синтездеу үшін негізгі шикізат ретінде
|
Термиялық
|
Қатты
|
20-21
|
Жылу энергиясын алу үшін өртеу немесе сұйық және газ тәрізді отын алу үшін пиролиздеу
|
Полиэтилентерефталат рециклингтеу және утилизациялау нұсқаларын толық қарастырсақ, келесі әдістерді ерекше атап кетуге болады:
Достарыңызбен бөлісу: |